1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет15/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.

Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.

Төле би, Әйтеке би, орта жүз Ормамбет би үшеуі Қасқакөл деген көлге таласып, даулы болады. Төле мен Әйтеке жастары шамалас, ал Ормамбеттің жасы кіші екен. Екі қарт бірыңғай болады да сәлем хат жазады...


Ормамбет хатпен жауап қайырады. Халық жиналып бірі олай, бірі былай сөйлесіп, ақырында үй тігіп сөйлесуге келіседі: «Қасқакөл туралы Айқын көлге үй тігелік» десіп екі ел жиырма үй тігеді. Ормамбет келіп Төле мен Әйтекеге сәлемдеседі. Сонда Төле:
— Ай, Ормамбет! Мен әлі тірімін, өлгем жоқ, бұдан бұрын неше сәлем айтсам да келген жоқсын, ер кетер, жер жетер, Ормамбет! Ешкімге опа қылмас дүние боқ! Ей, Ормамбет, сен бізден кіші боласың, біз барып қайттық, сен ілгері барасың, біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз, сен жас едің көңілдегіңді аларсың! —дейді.
Әйтеке де Төленің сөзін қостап:
— Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін.

Бай болып пайдаң тимесе,

Батыр болып найзаң тимесе

Жұрттан ала бөтен үйің күйсін

деген, бізге кейінгілер осыны айта ма деп ойлаймын,— дейді.

Сонда Ормамбет:
— Екі би, айтқан сөзің жарасады, еншіге әр кімдер-ақ таласады, бұл Қасқакөл орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, ақыретте мұндай істер жаман деген,— дейді.
— Ей Ормамбет, сен бізге Қасқакөлді беріңіз, Қасқа көл рас сізге жақынырақ. Бардан пайда, жоқтан залал деген, не берсе қайырын тілеп көріңіз. «Үш жүздің ортасында Қасқакөл берсе қайырын тілеп көріңіз. «Үш жүздің ортасында Қасқа көл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар»,— дейді Төле. Үшеуі олай сөйлесіп, былай сөйлесіп келісе алмайды. Ормамбет екі шалға ырық бермеген соң Төле қатты сөздер айтады. Дау бітпей, Ормамбет еліне қайтады. Үйіне келген соң даудың мән-жайын бастан-аяқ сөйлейді. Сонда анасы:Балам, қарт билерді бекер ренжіткен екенсің, әлде болса, тілімді алсаң Қасқа көлді бөліп бер,— дейді. Анасы айтып қоймаған соң Ормамбет көнеді. Үй тігіп, тоғыз бие сойып Төле мен Әйтекені шақырады.
Билер келіп мәжілістесіп отырғанда Төле былай дейді:
— Әйел жақсы болса білім иесі батыр туады, жаман болса ер бөксе болса да қатын туады. Әйел жақсы болса ердің басшысы емес пе?! Бұрынғылар осылай демес пе? Қасқа көлді алам деп келіп едім, Ормамбет бермеген соң өліп едім. Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде қалып, мәңгіде тірілмейтін өлік едім, Жеңгей! Мені тірліттіңіз, енді балаңызға бата берейік,— дейді. Көлді ынтымақпен бөлісіп ел ризаласып тарқапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет