1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет18/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

БӨЛТІРІК ӘЛМЕНҰЛЫ — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген. Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне бейім болған. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Бөлтірік сонымен бірге мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қыстау, еңбек жөніндегі талас-тартыстарға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халқы оны қалап, би сайлап алған. 
«СӨЗ МӘНІСІ»
«Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деп шынында да ауызы қисық, бірақ жұрттың арасында ретсіз әрнәрсені айта берген байдың баласын бағалағаны үшін жиынның шырқы бұзылғанына қапа болған Бөлтіріктің айтқан сөйлеу мәдениетін ұғындыру ұлағатының барлық күнде де мәнін жоймайтыны анық:

«– Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлейтініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады, әкең қапа болады».


«АҚЫЛ СӨЗ»
Ақылы жоқты аға тұтпа,
Қасиеті жоқты қадір тұтпа.
Ақылы жоқты аға тұтсаң,
Кішілігіңді кемшіліктей көрер,
Қасиеті жоқты қадір тұтсаң,
Кісілігіңді ерсіліктей көрер.

* * *
Тегі жаманды тең тұтпа,


Тілегі жаманды ес тұтпа.
Тегі жаманды ес тұтсаң,
Төріңе шығар.
Тілегі жаманды ес тұтсаң,
Төбеңе шығар.

* * *
Үлкен алдында иіліп сөйле,


Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.

* * *
Екі ойлы болма,


Екіұшты сөйлеме.
Ұрының қасында жүрме.
Өтірікшінің қасында жүрме.
Өтірікшінің қасында тұрма.
Ежелгі доспен ұстаспа
Жаманмен кеңеспе,
Баламен егеспе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет