1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет22/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

ЗАР ЗАМАН
...Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,
Мұның өзі — зар заман.
Зарлығының белгісі:
Бір - бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі — тар заман.
Тарлығының белгісі:
Мұсылманнан хал кетті,
Тәңірім болғай деместен.
Анты жұқпас бойына,
Әр не түсер ойына,
Жалмауыз болды үлкенің,
Қазақ, сенің сорыңа.
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар
Енді сенің торыңа.
Орыс — бүркіт, біз — түлкі,
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды.
Мың-мың жылқы айдаған,
Сары қазы шайнаған,
Қымызын судай сапырған,
Ішіп мас боп ақырған,
Арқаның жазын қашырған,
Жылқының етін жемес - ті,
Жағаласқан мына жау
Кетірер сонда сиқың.
Қолыңды қойса айдарға,
Жарар сол да жылқыңды.
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің ұйқыңды?
Қанар кәпір халықты
Көп жасады неліктен?
Көтерілді керемет
Бұл асылық, асқан заманда,
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңдесіп,
Баласы кетіп тыюдан.
Масқаралар таймайды
Жас сыйласып тұрудан.
Адал зада баланы
Таба алмассың рудан.
Ұлың киді дүрия,
Ұстараның жүзіндей
Аударылған дүние
Қызың киді биқасап,
Тергеп кимей байқастап,
Кешкітұрым болғанда
Құлан менен бұландай
Үйде тұрмас ойқастап.
Қыз, жігітте әдеп жоқ,
Үшбу күнде халықтың
Домбыра болар шерткені,
Зина болар қылғаны,
Деген екен бұрынғы
Ол бір өткен сапасын,
Бұрынғының сөзінің
Бір қатысы болсаңшы!
Дәулет, бақтан әуелден
Жесір қатын, жетім ұл
Бір қараны сан қылып
Айдаған бұ дүниеге тойсайшы!
Қартайғанша мал дейді,
Өлгеніне жан дейді, —
Бұ дүниенің қызығын
Көңіл шіркін қоймайды...
*****


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет