1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры


-тоқсан МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ



бет29/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

3-тоқсан
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақынжазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.

Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.

Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. 


ЕЛІМ-АЙ
Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай?
Өткен сағым, келер алдың бір мұнар,
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.
Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар,
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!
Қандай едің, қара кейін қайырылып,
Қандай едің, тұрсың одан айрылып.
Мүгедек боп қос қанатың майрылып,
Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!
Мұны құр бос өлең десең, өзің біл.
Жұрт болмаймын өлем десең, өзің біл.
He болса да көнем десең, өзің біл,
Босағада жүрген құлша, елім-ай!
Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?
Тіл амасаң, кетпеймісің жоғалып?
Қайтер едің еткен дәурен оралып,
Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай?
Сол күніңді көрсем - менің арманым,
Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.
Сұм жүрегім селк етпейді жалғаның
Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!
*****


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет