1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет26/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
ІЛІМГЕ ТОЛСА КӨКІРЕК
Ілімге толса көкірек,

Ашылар көзі сананың.

Құлақ салсаң, жақсылар,

Азырақ сөзді жазамын.

Көрейін, мен де, толғанып,

Келгенінше шаманың.

Дүбірге қызған жүйріктей,

Қызып тұр әзір табаным.

Айтқан сөзің бармайды,

Көңіліне наданның,

Аспан, жердей парқы бар,

Деп айтады адамның.

Халық ішін аралап,

Өнерді өлшеп шамалап,

Ұлғайса деймін қадамым.

Аман болса ағайын,

Үлкен-кіші жамайым,

Бәріңнің жақсы аманың.

Өзіме келген тіл бағы,

Өнері емес бабаның.

Жігіттің көркі – өнері,

Жақсылардан шыққан сөз,

Алтын да гауһар бедерлі.

Осы күнде халқымда,

Тілдің болдым шебері.

Мәлім болып жалпыға,

Етпекке кеңес келелі.

Азырақ сөйлеп берелі.

Бақ пен дәулет тең келсе,

Адамның толар кемелі.

Кімдерге бұғау салмаған

Дүниенің асау белеңі?

Біреу үйде отырып,

От басында жош ұрып,

Біреу жаһан кезеді,

Нақлиқатты тымсал қып,

Төмендегі аз терме

Майлы ақынның сөзі еді.

Мәлім болған халыққа,

Өтірік емес анық та,

Өнер алды – тіл еді,

Сарттан өткен Науайы,

Тілдің гауһар гүлі еді.

Парсыда өткен Фердауси,

Заманында дүр елі.

Не жүйрік келіп дүниеге,

Аяқтарын тіреді.

Қарсыласқан хандарға,

Үзеңгісін шіреді.

Бәрі де өтті дүниеден

Адам бар ма оларды,

Есіткенде күймеген?!

Нұсқа қып айтсам кейінге

Ақынның солар пірі еді.

Қай қазақтан ақын боп,

Өткендерден ірі еді?

Талайы өткен ақын боп,

Дүниеге жақын боп,

Қалт-құлт етіп өзгесі,

Байлардан басқа жүр еді.

Майлы ақынның өзіне,

Ибарат берер сөзіне,

Тірі болса осылар,

Болар еді-ау тірегі.

Осы кезде халқым да,

Сөз тастайын артына,

Менен басқа кім еді?

Өңкей жақсы қосылса,

Бітіреді кеңесті.

Өңкей жаман қосылса,

Шығарады егесті.

Мәмілемен іс бітер,

Бас қосып қалса көп есті.

Жақсының жолы – жарық күн,

Жаманның жолы – көмескі.

Жаман сөйлер лепіріп,

Орамалын желпініп,

Соза түсіп өңешті.

Мақтағанмен жарамас,

Пайымы аз кем есті.

Тентек бір-ақ аттайды,

Белес пенен дөңесті.

Жаман сөйлер, халықтан

Бастағы мінін жасырып.

Жақсы сөйлер, халыққа,

Қызметін асырып.

Бағы қалың жігіттер,

Ешкімге бармас бас ұрып...


*****
ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУҰЛЫ (9 шілде 1882, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы – 15 мамыр 1939, сонда) – ақын, аудармашы.

Алғаш Алдашбай ахуннан сауат ашқан. Бұхара қаласында әуелі “Мир Араб” (1896 – 1899), кейін Көкілташ медреселерінде (1896 – 1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. “Көкілташ” медресесінде тәжік жазушысы Садриддин Айнимен достасып, қабырға газетін бірге шығарысқан. Өзі медреседе оқи жүріп қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста “Шәкірттерге”, “Ұстаз ұсынысы”, “Шөлмек” өлеңдерін жазған. 1905 – 1925 жылы ауыл мектебінде мұғалім, 1936 – 1937 жылы Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған. Ақын алғашқыда өз ауылындағы Қожабай, Алдашбай, Ораз, Қалжан ахундардың, яғни сол кезеңдердегі білімге аса бай, елді ауызына қаратқан шешен, бала оқытқан ишандардың алдынан мұсылманша білім алып, өзінің өте зеректігін ұстаздары алдында ерте танытады. Аса алғыр баланың бойындағы ерекше талантты байқаған ұстаздары оны сол кездегі Таяу, Орта, Шығыс және Орта Азия елдерінің ұлық тұтатын, XVI ғасырдан білім ордасы саналатын Бұхарадағы әйгілі оқу орны – “Мир Араб” медресесіне оқуға аттандырады. Ол 1899 жылдан бастап сондағы “Көкелташ” медресесінде оқиды. Белгілі мәдениет қайраткері, Тәжік Ғылым Академиясының алғашқы президенті, академик жазушы Садриддин Сайдмұратұлы Айни да (1878-1954) осы жылдары “Көкелташ” медресесінің шәкірті болғаны анық. Тұрмағамбет пен Садриддин осында танысып, дос болып , осы медресені бірге тәмәмдаған, бір-бірін ұлық тұтып, үлкен сыйластықта болғаны мәлім. Тұрмағамбет ақын осы медресе қабырғасынан білім ала жүріп, оның бай кітапханасынан Шығыстың ежелгі мол мәдени, әдеби мұраларын еркін аударып оқи білген. Ол арабтың классикалық дүниесі “Мың бір түнін”, үндінің “Тотынамасын”, парсының “Шаһнамасын”, Шығыстың жеті жұлдызы саналатын ақындар шоғырының шығармаларымен толық танысқан. 1937 жылы “Халық жауы” ретінде жалған жазамен сотталады. 1939 жылы жазасының жалған екені анықталып түрмеден шығады. Осы жылдары ақын ана дүниеге ерте аттанып кетеді.


АДАМДЫҚ ІС
Күн шықса, нұр қашады айдан - дағы,
Жарлы артық қайыры жоқ байдан - дағы.
Бұрынғы қариялардан қалған нақыл,
"Бұл сөзді таптың, - деме, - қайдан тағы?!"
Тұлпардың тұқымының туымы бар,
Белгілі ат болуы тайдан - дағы.
Алда — аға, артта — іні болып тұрса,
Жігітке ол бір құрал, сайман - дағы.
Деген бар: "Төртеу түгел — төрге шығар!
"Төрің сол — бақыт құстың айналғаны.
Алтау боп — аузың ала бола қойса,
Дұшпанға құл боп анық байланбағы.
Кейбіреу сәл бақытқа мас болады
Шабақтай шалпылдаған қайрандағы.
Адамдық иісіңді жұрт аңсап тұрсың,
Не керек қарныңның құр майланғаны?!
Көңіліне: "Мен де адаммын!" деп жүрген көп
Кілегей майға ұқсаған айрандағы.
Ер болсаң, елің үшін ет қызмет,
Сыбанып білегіңді сайлан - дағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет