1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет46/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
7-сынып мәтіндер

ШОНА СМАХАНҰЛЫ (5 қазан 1924Жамбыл облысыТалас ауданыОйық совхозы - 1988) — қазақ ақынысықақшы.

Анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін біраз жыл ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 

1957 жылдан бастап «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде, сатиралық «Ара» журналында істеген. 1973–1983 жж. «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция меңгерушісі болған. Мысал-сықақтары 1963 жылдан бері жарияланып келеді. Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген. 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдармен марапатталған. Алматы қаласында оның есімінде мектеп бар.


ШЫМШЫМАЛАРЫ
Шала қазақтар туралы
Ол сөйледі: «Так-так-так!» деп,
Біз отырдық: «Қап-қап-қап!» деп.
Жүз қайталап е значитті»,
Әттеген-ай, миды ашытты.
***
Болар-болмас


Адам болар жігіт,
Қонақ келсе екен деп отырады.
Надан болар жігіт
Шарап болса екен деп отырады.
***

Қызметке алудың бес сатысы


Бірінші рет - тумаларын, бауырын,
Екінші рет - жерлестердің тәуірін,
Үшінші рет - дос-жаранын қауымын.
Төртінші рет - қоңырауларды ескерер,
Бесіншінің - «іскерлігін» тексерер.
***


Атжалман адвокат
Бидай ұрлап соқыр тышқан,
Сотқа түсіп, сорлап қалды.
Атжалман адвокат еді,
Амалын тауып қорғап қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет