1 требования к структуре умк дисциплины



бет40/74
Дата15.03.2022
өлшемі0,75 Mb.
#28008
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74
WACC=qi Ki

Мұндағы, qi – қаржыландырудың жалпы соммасындағы I-ші көздің үлесі.

Ki - I-ші көздің бағасы, %.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:



1. Капиталдың ағымдағы, шекті, мақсатты құны.

2. Компанияның құның анықтайтын формула

Ұсынылатын әдебиет: 2,5,8.
9 Тақырып. Мультипликаторларды пайдалану арқылы компанияның құнын басқару
Дәріс сұрақтары:

1. Мультикапликаторлар және құнының мағынасын стандарттау.

2. Мультикапликаторларды пайдаланкдың базалық кезеңдері.


Баға мультипликаторы – бұл кәсіпорынның немесе акцияның нарықтық бағасы мен қаржы базасы арасындағы арақатынасты көрсететін коэффициент. Бағалық мультипликатордың қаржылық базасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін пайда, ақша легі, дивидендтік төлемдер, өнімді өткізуден түскен түсім т.б. көрсететін өлшеуіш болып табылады.

Мультипликаторды есептеу үшін келесідей әрекеттерді орындау қажет: Аналог ретінде таңдалған барлық компаниялар бойынша акция бағасын анықтау; нәтижесінде формуладағы алымның мәнін табамыз; Белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір бағалау кезеңіне қржылық базаны есептеу (пайда, өнімді өткізуден түскен түсім, жеке активтердің құны және т.б.); оның нәтижесінде бөлгіштің шамасы анықталады. Мұнда бағалау күнінің алдыңғы акция бағасы алнады немесе акцияның орташа бағасы алынады. Бағалау практикасында мультипликатордың екі түрі қолданылады: интервалды және кезеңдік.

Интервалды мультипликаторға мыналар жатады: баға/пайда, баға/ақша легі, баға/дивидендтік төлемдер, баға/өнімді (қызметті) өткізуден түскен түсім.

Кезеңдік мультипликаторға мыналар жатады: баға/активтердің баланстық құны, баға/активтердің таза құны.

Баға/пайда және баға/ақша легі мультипликаторлары. Мультипликатор үшін қаржы базасы ретінде пайданың кез-келген көрсеткіші қолданылады. Салық салуға дейінгі пайда, салықтар мен пайыздарды төлеуге дейінгі пайда және т.б. Баға/ақша легі мультипликаторын қолданудың ең кең тараған жағдайы: пайданың аз мөлшері немесе шығындылық, кәсіпорынның негізгі қорларының нақты тиімді қызмет мерзімінің қаржылық есепте қабылданған амортизация мерзіміне сәйкессіздігі. Баға/дивиденд мультипликаторы. Бұл мультипликатор нақты төленген дивидендтер негізінде және потенциалды дивидендтік төлемдер негізінде есепетеледі. Потенциалды дивидендтер таза пайда пайызбен есептелген ұқсас кәсіпорындардың тобы бойынша төленетін дивидендтік төлемдер. Баға/өнімді (қызметті) өткізуден түскен түсім мультипликаторды. Бұл мультипликатор сирек қолданылады, негізінен басқа тәсілмен алынатын нәтижелердің дұрыстығын тексеру үшін пайдаланылады. Қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарды бағалау кезінде мультипликатор жақсы нәтиже береді.

Жеке және займдық қаржылардың түрлі арақатынастағы кәсіпорындарды бағалау процесі келесідей түрде жүзеге асырылады:



  1. Аналог-компания бойынша жеке капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің нарықтық құны ретінде инвестицияланған капитал есептелінеді.

  2. Инвестицияланған капиталдың аналог-кәсіпорынның қаржылық базасына қатынасы ретінде мультипликатор есептелінеді.

  3. Бағаланатын кәсіпорын бойынша инвестицияланатын капиталдың мөлшері анықталады: бағаланатын кәсіпорынның қаржылық базасы мультипликатордың мөлшеріне көбейтіледі;

  4. бағаланатын кәсіпорынның жеке капиталының құны инвестицияланған капитал мен бағаланатын компанияның ұзақ мерзімді міндеттемелерінің құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:



1. «Баға/пайда» мультикапликаторлары.

2. Баланстық құн мультикапликаторлары.



Ұсынылатын әдебиет: 3,6,9.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет