Дивидендтік саясатты басқару
Дәріс сұрақтары:
1. Дивидендтердің артықшылықшылығының үш теориясы.
2. Дивидендтердің тұрақтылығы
«Дивидендтік саясат» ұғымы негізінен табысты акционерлік қоғамда бөлумен байланысты. Өйткені дивидендтік саясаттың негізгі мақсаты табыстың ағымдағы қолданысы мен оның болашақтағы өсімі арасындағы қажет пропорционалдылықты орнату болып табылады, ол инвестициялық қаржыландыруды қамтамасыз етеді, яғни дивидендтік саясат арқылы кәсіпорынның нарықтық бағасын арттырып, стратегиялық дамуын қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты қаржылық менеджментте дивидендтік саясат, яғни меншік иесінің кәсіпорынның меншік капиталының ортақ сомасына қосқан үлесіне сәйкес оған төленетін табыс үлесіне қалыптастыру механизмі қолданылады.
Дивидендтік саясат – бұл тапқан пайданы дивидент түрінде төлеу немесе оларды фирма активі ретінде қалдыру жөнінде шешім қабылдау. Оның негізгі элементі бар;
Белгілі бір уақыт аралығында орта есеппен табыстың қанша мөлшері төленуі тиіс? Бұл дивидендті төлеу коэффицентінің мақсатты мәні.
Фирма дивиденттердің тұрақты өсуін қолдауы керек пе немесе жыл сайын ақшаға деген ішкі қажеттіліктеріне байланысты дивидент мөлшерін дивидент өзгертіп отыру керек пе?
Фирма доллардың қандай мөлшерін дивидент түрінде төлеуі керек пе? Міне бұл сұрақтар дивидендтік саясатта шешіледі.
Әр түрлі теорияларды практикада қолдану дивиденттік саясаттың қалыптасуының үш негізгі бағытының жасалуына әелді:
Консервативті немесе керітартпа – дивиденттерді төлеуді қалдық саясаты, дивидентті төлемдердің тұрақты мөлшері саясаты.
Орташа (компромисті) – дивидентті төлемдердің тұрақты минимум мөлшері, белгілі бір кезеңде үстеме мөлшері бар саясат – «экстрадивидент» саясаты
Агрессивті – табысқа байланысты дивидентті төлемдердің тұрақты деңгейі саясаты, дивидентті төлемдердің мөлшерінің үнемі өсіп отыру саясаты.
Дивиденттік саясат қалыптасуының шешуші кезеңі формаларды таңдау болып табылады:
Дивиденттерді ақшалай төлеу.
Акциялармен төлеу. Бұл болашақтағы капиталдың өсуіне бағдарланған акционерлерүшін пайдалы.
Автоматты түрде инвестициялауды қайтару, яғни қолма – қол ақша алу немесе қосымша акцияға инвестициялау құқығы.
Компания акциясын сатып алу, яғни дивиденттік қор сомасына фирма рыноктағы еркін айналымдағы акцияларды сатып алады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. Дивидендтер немесе капиталдың өсімінен табыс-инвестордың артықшылығы.
2. «Қарыз капиталы» шығу көзінің кұны.
Ұсынылатын әдебиет: 5,8,11.
Достарыңызбен бөлісу: |