1. Түсіндіру және дәріс сияқты ауызша баяндау әдістері


Физиканы оқытудағы эксперимент, маңызы мен орны және оның түрлері



бет4/5
Дата18.12.2023
өлшемі35,62 Kb.
#140691
1   2   3   4   5
Байланысты:
7-8 билет фоә

2.Физиканы оқытудағы эксперимент, маңызы мен орны және оның түрлері
Арнаулы приборлардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрацияланап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Ол физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып саналады, себебі оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (үдеу, өріс, жарық дисперсиясы) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары) тексеріледі.
Физикалық оқу экспериментіні оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке, қиыншылықты жеңе білуге, ізденушілікке, бақылай білу ебдейлігін дамытуға, политехникалық дағдыларын қалыптастыруға күшті әсер ететіндей тәрбиелік маңызы да зор. Ұйымдастыру формасына қарай физикадағы оқу экспериментінің жүйесі мынадай 6 түрден құрылады: 1. Демонстрациялық тәжiрибелер. Физикалық эксперименттердiң iшiнен демонстрациялық эксперименттер, эксперименттiк есептер ме виртуальды эксперименттер өте қысқа уақытқа лайықталып жасалған. Сондықтан әр түрлi оқыту мiндеттерiн шешу мақсатында, сабақта мұғалiм, қалаған кезеңдерiнде пайдалануына болады. Олар: жаңа тақырыпты түсiндiру кезiнде, мұғалiм түсiндiрмесiн иллюстрациялауда, оқу материалын қайталауда, жаңа тақырыпты бекiткенде, практикалық дағдыларын қалыптастыруда, т.б. жағдайда қолдануына болады. Ал, зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар толық бiр сағатқа негiзделген. 2. Зертханалық жұмыстар – оқушыларды жан-жақты етiп тәрбиелейтiн оқытудың әртүрлi формаларының ең маңыздысы. Орта мектепте физикадан жүргiзiлетiн зертханалық сабақтарды жаппай (фронтальды) өткiзу әдiсiнiң көптеген аса маңызды пайдалы жақтары бар. Бұл әдiс алдымен оқушылардың зертханалық жұмыстарын физика курсымен тығыз байланыстыруға мүмкiндiк бередi. Зертханалық жұмыстар курстың әр тарауын оқуға кiрiспе ретiнде, не мұғалiмнiң сабақты көрнектi түрде түсiндiруiне, немесе өткен материалды қайталау және қорыту ретiнде өткiзiлуi мүмкiн..
Жаппай орындалатын зертханалық жұмыс кезiнде, сабақта толығымен бүкiл сынып ұжымды түрде жұмыс iстеуi арқылы және мұғалiмнiң үнемi бақылап отыруы арқылы өткiзiледi. Мұндай жағдайда қандай бомасын қателiк тез байқалып, не мұғалiмнiң нұсқауынша немесе жақсы оқитын оқушыға елiктеу арқылы тез түзетiледi. Зертханалық жұмыстарды орындауға әр жұмыс үшiн бiр сабақ көзделген, яғни 45 мниутқа деп есептелген. Зертханалық жұмыстарды жүргiзуде топтап оқыту әдiсi қолданылады. Мысалы, сыныпта 24 оқушы бар болса, оларды зертханадағы аспап санына байланысты әр топқа, 2-4 аралығында, бөлуге болады. Сонда 2 баладан 12 топ, 3 баладан 8 топ не 4 баладан 6 топ құруға боады. 3. Физикалық практикум. Фронтальды зертханалық жұмыстардан басқа, үлкен бiр тарауды өткеннен кейiн не физиканың жылдық курсын аяқтағаннан кейiн жүргiзiлетiн зертханалық жұмыстардың басқа бiр түрi бар. Ол қайталау практикумы немесе физикалық практикум деп аталады. Мұндай практикумның мақсатына негiзiнен мыналар кiредi: оқушыларды өз беттерiмен жұмыс iстеуге көбiрек үйрету, бұрын алған практикалық дағдыларын дамытып тереңдете түсу, техникада және күнделiктi тұрмыста кездесетiн неғұрлым күрделi құралдармен таныстыру, т.с.с. 4. Эксперименттiк есептер. Эксперименттiк есептерге тәжiрибесiз немесе өлшеусiз шығаруға болмайтын есептер жатады. Эксперименттiк есептердi шығарудың басты мақсаты оқушылардың аспаптарды танып, олармен жұмыс жасай алуы, сонымен бiрге баланың өлшеу икемдiлiгiн қалыптастыра отырып, оның бақылау қабiлетiн дамыту болып табылады. Олар құбылыстың түпкi мазмұнын өте терең ұғынып, жасаған тәжiрибелерiнен белгiлi бiр гипотеза жасап, немесе ой қорытып, оны практикада тексеруге машықтанады. Эксперименттiк есептердi жүйелi шығару барысында оқушылар физикалық есептердi эксперимент әдiсiмен шығаруға да дағдыланады.
Эксперименттiк есептердi шығару, алдымен мақсат қоюдан (бiрнеше нұсқада) басталады, кейiн есептiң берiлгенiн қысқаша жазу, гипотезаны құрып, оны тексеру жолын жоспарлау қажет. Соңында алынған жоспар түрлi құралдармен (логикалық, математикалық, эксперименттiк) iске асырылады. Алынған нәтиже тәжiрибе арқылы тексерiледi. 5. Үйде жасалатын эксперименттiк тапсырма. Физиканы оқыту әдiстемесiн жетiлдiру жолдарының бiрi, оқушылардың үйде жасайтын өлшеу жұмыстарының сан - алуан түрлерiн дамытуымен тығыз байланысты болып келедi. Оқушылардың үйде жасайтын эксперименттерiн дамыту, сонымен қатар физика курсының алдында тұрған мiндеттердiң бiрi – оқушылардыңөлшеу приборларын және зертханалық құрал – жабдықтарды дұрыс пайдалануы. Ол маңызды практикалық өлшеу машықтарымен қаруландыру мiндетiн – неғұрлым сәттi шешуге мүмкiндiк бередi. 6. Виртуальды физикалық эксперимент. Қазiргi кезеңде ғылыми-техникалық прогресстi жеделдетудiң ең маңызды шарттарының бiрi – адам қарекетiнiң барша саласында жетiлдiрiлген әмбебап есептеу техникаларын қолдану басым болып отыр. Қазақстан оқулығының физика және астрономия болып екi пәндi бiрiктiрiп жасалуыныңда мәнi бар. Зерттеу нәтижелерi көрсеткенiндей, орта мектептерде астрономия пәнiн оқытуда жеткiлiктi көңiл бөлiнбейтiндiгi белгiлi. Сонымен қатар, соңғы кезде физика пәнi мектептегi ең қиын пәндер қатарына қосылып, одан берiлетiн бiлiмнiңсапасы мүлдем төмендеп кеттi. Сондықтан оқушылардың жоғарыда аталған пәндерге деген қызығушылығын ояту үшiн физика мен астрономия пәндерi бiрiктiрiлiп, оларға ортақ эксперименттiк жүйе – “физикалық эксперимент” жалпы атаумен берiлдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет