1. Түсіндіру және дәріс сияқты ауызша баяндау әдістері


Физика пәнін оқытудағы проблемалық оқыту әдісі



бет3/5
Дата18.12.2023
өлшемі35,62 Kb.
#140691
1   2   3   4   5
Байланысты:
7-8 билет фоә

1.Физика пәнін оқытудағы проблемалық оқыту әдісі
Соңғы жылдары проблемалық оқыту әдісін қолданып білім беру іске асуда. Себебі оқушыларды өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істетіп, білім беру үрдісі, саралып оқыту технологиясына байланысты көптеп қолданылады.Проблемалық оқыту әдісі дамыта оқыту бағытына сәйкес, оқушылардың шығармашылық және өздігінен танып білу қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Проблемалық оқыту – жалпы оқыту атаулы сияқты екі жақты үрдіс. Ол бір жағынан проблемалық сабақ беруді(мұғалімнің қызмет аймағы), екінші жағынан проблемалық оқуды (оқушылардың қызмет аймағы) қамтиды. Проблемалық сабақ беру (оқыту) – бұл мұғалімнің оқу проблемаларын алға қою және проблемалық жағдай жасау, оқушылардың оқу проблемаларын шешудегі оқу қызметін басқару жөніндегі қызметі. Проблемалық оқу – бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі ерекше түрде ұйымдастрылған қызметі, бұл қызмет барысында оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемаларлың шешімін табуға қатысады. Проблемалық жағдайды – оқушылардың өтілетін материалдарға байланысты таңдандыру, болжау, дауласу, сәйкессіздік, анықтамағандық, қарама –қайшылық жағдайлары арқылы қоюға болады.
Таңдандыру – құбылыстар мен фактілерді келтіре отырып, күнделікті көріп жүргеннен өзгеше проблемалы мәселеге қатысты ой туғызу арқылы оқушыны таңдандыру. Мысалы, сәуленің сынуы, жылы бөлмедегі судың қатуы, суыту арқылы судың қайнауы және т.б.
Болжау – оқушыға өтілетін материалға байланысты әртүрлі болжамдар келтіре отырып, оларды өздігінен ізденуге үйрету. Мысалы, электрмагниттік индукция құбылысы өтер алдында Эрстед тәжірибесін көрсетіп, электр тогының айналасында магнит өрісі болатынын дәлелдеп, енді керісінше магнит өрісін электр тогына айналдыруға бола ма? – деген болжам арқылы электрмагниттік индукция құбылысын түсіндіруге болады.
Дауласу және пікір таластыру – оқушыларға қандай да бір идеяның дұрыс емес екендігін дәлелдеуді ұсыну. Мысалы, мәңгі қозғалтқыштардың ұсынылған жобаларының дұрыс емес екенін дәлелдеуді ұсыну.
Сәйкессіздік – оқушылардың күнделікті өмірден көріп – білген фактілерін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге сәйкес келмеуі. Мысалы, денелердің еркін түсуіндіргенде, барлық денелердің бірдей үдеумен түспеуін(тек вакуумда ғана орындалады) алуға болады.
Анықталмағандық;– оқушыларға тапсырма бергенде тек бір ғана шешуі емес, бірнеше шешімі болатын, орындау кезінде қосымша іс –әрекеттерді, шамаларды өздері табатындай тапсырмалар ұсыну. Мысалы, геометриялық оптикада жарықтың шағылу құбылысын өткен кезде “Cyретті 6ip жағы ақшылданған әйнекпен жапсақ сурет көpiне ме?” Бұл жағдайда әйнектің ақшылданған кедір-бұдыр жағымен бе, әлде тегіс жағы мен жабылатыны айтылмайды. Оқушылар тәжірибе жасау кезінде оны өздері табады, әpi неге олай болатынын талдау арқылы жарықтың толық шағылу құбылысымен танысады.
Қарама-қайшылық — жағдайы физикалық теорияны және негізгі тәжірибелерді окытуда кеңінен қолданылады. Физиканың даму тарихында физикалық теориялардың пайда болу кезінде қарама-қайшылық жағдайы қайталанып отырады. Мысалы, электрдинамиканың заңдарына Майкельсонның тәжірибесінің сәйкес келмеуі.
Проблемалық оқытуды жүзеге асыру үшін төмендегі шарттар қажет: 1)оқу материалдарында оқушылар үшін проблемалар бола алатын есептердің, мәселелердің, тапсырмалардың болуы; 2) мұғалімнің проблемалық жағдай жасай білу шеберлігi; 3) оқушылардың бойында проблемаларды ашу мен тұжырымдау және оны шешудің тәсілдерін өздігінен табу шеберліктері мен дағдыларын біртіндеп жоспарлы дамыту; 4) мұғалімнің оқу материалындағы проблемалық мәселелерді ажыратуға бағытталған сабаққа әзірленуінің арнайы жүйесі болуы керек.
Оқу материалын бұлайша даярлау үшін мұғалім оны әртүрлі көзқарас тұрғысынан: ғылыми (негізгіұғымдарды бас-басына ажырату, олардың өзара байланыстары), психологиялық (көтерілген проблемаларға сынып пен жекелеген оқушылардың қалай қарайтынын алдын-ала болжай білу), логикалық (мәселелерді, міндеттерді, тапсырмаларды, оларды үйлестіру жүйесін белгілеудің дәйектілігі), дидактикалық (проблемалық жағдай жасаудың қажетті әдістерін таңдау) талдап шығаруы тиіс.
Оқуда танып-білуде проблемалар ұсынудың бірнешітәсілін пайдалануға болады. Олардың кейбіреуінен қарастырып көрелік: Оқушыларға бұрын алған білімдері негізінде түсіндіруге болатын құбылысты, оқып-үйрену негізінде тәжірибе көрсету кезінде проблема ұсыну.Физикалық шаманы өлшеудіңжаңа әдісініздестіруге байланысты проблеманы ұсыну. Құбылыстардың немесе құбылысты сипаттайтын шамалардыңарасындағы байланысты анықтауды талапететінпроблемалықсұраққою. Мысалы: өткізгіштің кедергісін амперметр, вольтметр, ток көзі, кілт арқылы немесе микромер, өлшеуіш лента көмегімен қалай табуға болады? Проблемалық сұрақты оқушылардың алған білімдерін практикалық сипаттағы есептерді шығаруға қатыстыру мақсатымен қою. Мысалы: тоңазытқыш болмаса жаздыгүні сүтті салқындатып қою үшін не iстеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет