1. Түсіндіру және дәріс сияқты ауызша баяндау әдістері



бет1/5
Дата18.12.2023
өлшемі35,62 Kb.
#140691
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7-8 билет фоә


Емтихан билеті № 7
1.Түсіндіру және дәріс сияқты ауызша баяндау әдістері
Физика пәнінен оқытудың ауызша баяндау әдісі немесе сөздік әдіс деп мұғалімнің білімді окушыларға сөз арқылы физикалық құбылыстарды демонстрациялап көрсетіп, графиктерді тұрғызып және талдап, кестелер арқылы жұмыс істеп, есептер шыгарып және оны талдай отырып немесе көрнекі кұралдарды көрсете отырып жеткізуі.
Сөздік әдістер мұғалімнің материалды баяндап беpyi (дәріс, әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу), оқушыларды кітаппен (оқулықтар мен оқу құралдары, аныктама және баска әдебиеттер) жұмыс iстеуге үйретеді.
Әңгімелесу – мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық, тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушылардың жаңа білімдерді түсінуге алып келетін оқыту әдісі.
Материалды әңгімелесу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибе жасап көрсетіп нсмесе мектеп окушылары орындайтындай тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Оқып үйретілетін материал бойынша қойылатын сұрактар оқушыларды талдау жасауға ынталандыратындай, дәлелдеуші, ізденуді және өз бетімен қорытынды жасай алатындай, сұрақтардың тұжырымдамасы қойылуы жағынан нақты, мағынасы жағынан айқын, әpi қысқа болуы керск.
7-9 сыныптарда физиканы окытуда қолданылатын әңгімелесу әдісі-жаңа материалды оқып үйренудің және оқушылар білімдерінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің 6ipi.Қарастырылған жағдайларда бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда, оқушыларда оқып үйренетін мәселеге деген ынта - ыкыласын тудыруға, олардың ойлауың күшейтуге жақсы мүмкіндік тудырады.
Әңгіме - бұл мұғалімнің материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, диалогпен үзбектемей, баяндап бepyi, оның қолданылатын мақсаты мынандай: 1)оқушыларды өнер-табыстардың және физикалық зандарды ашудың тарихымен аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардыц өмірбаянын айтқанда; 2)ғылым мен техниканың жетістіктерімен және даму болашағымен таныстырған кезде; 3)оқып үйренетін физикалық құбылыстармен заңдардың, құралдар мен техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылуын окып үйренгенде; 5)табиғат пен техникалық қондырғыларда бақыланатын құбылыстарды сипаттағанда.
Әңгіме айқын, логикалық жағынан дәйекті, бейнелі, эмоциялы болуға тиіс. Баяндаудың дәйектілігі мен айқындылығы ұқыпты ойластырған жоспар немесе конспект арқылы қамтамасыз етіледі, ал бейнелік пен эмоцияның елеулі дәрежеде мұғалімнің эрудициясына, оның сөз мәні мен сөйлеу өнерін қалай меңгергеніне байланысты, әңгіме барлық сыныптарда қолданылады.
Түсіндіру –бұл мұғалімнің курстың күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі. Түсіндіруге пайымдау, ой қорыту, дәлелдеу сияқты белгілер тән. Бұл әдісті дәлелдеу, түсіндіру, негіздеу қажет болғанда пайдаланады. Физиканы оқытуда түсіндіру әдісін төмендегідей оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады: 1) физикалық құрал-жабдықтар мен машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін оқып үйренген кезде; 2) физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар негізінде ашқан кезде; 3) денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық – молекулалық құрылысы туралы түсініктер мен электрондық теориялар негізінде ашқан кезде; 4) физикалық құбылыстар мен заңдарға негізделген технологиялық процесстердің мәнін оқып үйренген кезде; 5) физикалық теорияның мазмұнын айтып берген кезде;
Түсіндіруді көрнекілік құралдарын қолданумен қоса қабат жүргізілген жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін қамтамасыз етеді. Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады. Мұғалім оқушыларға өз пікірлерін айтып, өзінше түсінік беруді ұсынады. Ол оқушылардың зейінін аударып, ойлау барысында түсіндірілетін нәрсені қалай ұғатынын тексеру үшін оларға сұрақтар қояды.
Дәріс. Дәріс әңгіме және түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Дәріс әдісін негізінен жоғарғы сыныптарға қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты зейін қоюды, жоғары дәрежелерде дамыған абстрактілі ойлауды, барысында негізгі идеяларды, қорытындыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларда жазып отыру шеберлігін талап етеді.
Мұқият дайындалып, демонстрациялық тәжірибелері жақсылап таңдалған, іскерлікпен өткізілген дәріс оқушыларға көптеген заңдар мен идеяларды, тұжырымдарды жаздырумен айналысқан мұғалім, оқу үрдісіне зиянын тигізеді. Себебі ұзақ уақыт бойы айтып жаздырту оқушыларды жалықтырып жібереді, әрі сабақты қызықсыз етеді, әрі анықтамалар мен тұжырымдамалар оқулықта бар. Мұғалім өз әңгімесін үзбей, тәжірибенің тиімді әсері, мұғалімнің көтеріңкі көңіл-күймен баяндауына сәйкес келуі тиіс. Мұғалім әртүрлі қосалқы сөздерді қоспай, анық және нақты сөйлесуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет