1. Түсіндіру және дәріс сияқты ауызша баяндау әдістері


Оқушылар өз қолдарымен жасалған приборларды байқап көретiн жұмыстар



бет5/5
Дата18.12.2023
өлшемі35,62 Kb.
#140691
1   2   3   4   5
2. Оқушылар өз қолдарымен жасалған приборларды байқап көретiн жұмыстар.
Оқушылардың үйде қарапайым физикалық приборлар мен көрнектi құралдарының болуы өте – мөте пайдалы. 7-8- сыныптардағы әр оқушының үйiндегi “үй зертханасында” масштаб сызғыш, мензурка, воронка, таразы, ұсақ кiр тастар, динамометр, магнит, темiр үгiндiлерi, жалғағыш өткiзгiштер (сымдар), резеңке және шыны түтiктер, басқа да қажеттi материалдардың болуы жеткiлiктi. Бұған қоса магнит және конструкторлық арнаулы құрал-жабдықтар болса, үй жұмысы нәтижелi орындалар едi.
Физикалық эксперименттiң басқа түрлерi мен салыстырғанда, үй эксперименттерi маңызды артықшылыққа ие, өйткенi мұнда жұмыстың барлық кезеңдерiн орындағанда да оқушылар өздерiнiң дербес iс – қимылын барынша толық ашып көрсете алады. Бұл жағдай өлшеу машықтарын қалыптастырудың бiрқатар мәселелерiн шешудегi үйде жасалатын өлшеу жұмыстарының құнын ерекше арттыра түседi. Үйдегi эксперименттiк жұмыстар оқушылардың оқылған физикалық заңдарға сәйкес көрiнiстердi қоршаған ортадан аңғаруына жәрдемдеседi, сонымен бiрге байқағыштық пен зердесiнiң жетiлуiн, өлшеу машықтарының қалыптасуын жақсартады.


3.Жұмыс және энергия ұғымдарына ғылыми-әдістемелік талдау жасау.
Жұмыс және энергия ұғымы физиканың негізгі ұғымдардың қатарына жатады. Бұл екі ұғым өзара тығыз байланысты. Физика оқыту методикасында талас туғызатын тақырып мектептегі оқып үйренуді жұмыс ұғымына бастау керек пе, әлде энергия ұғымынан бастау керек пе деген мәселе болып табылады. Олардың қайсысы бірінші орында, қайсысы екінші орында тұрады. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ең алдымен жұмыс және энергия ұғымдарына қысқаша ғылыми методикалық талдау жасап алайық, ал сонан соң оларды дидактикалық позиция тұрғысынан қарастырамыз. Энергиядан бастайық. Біз материя қозғалысының алуан түрлі физикалық формалары бар екенін білеміз қозғалыстың осы формаларының бврлығы белгілі. Бірқатар сандық қатынастарда бір-біріне айналады. Осыдан материя қозғалысының алуан түрлі формаларын кандай да бір ортақ өлшеуішпен өлшеу мүмкіндігі келіп шықты.
Жұмыс күштің белгілі бір жолда әсер етуін сипаттайтын физикалық шама. Егер күштің (F) сан шамасы мен бағыты тұрақты, ал дененің орын ауыстыруы түзу сызықты болса , онда Жұмыс – күштің бағыты мен дененің орын ауыстыруы арасындағы бұрыш. Декарттық координаттар жүйесіндегі элементар Жұмыс былайша өрнектеледі: dA=Fxdx+Fydy+Fzdz мұндағы Fx, Fy, Fz – күштің координат осьтеріндегі проекциялары, x, y, z – күштің түскен нүктелерінің координаттары. Жұмыстың бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі – джоуль. Жұмыстың бұдан да басқа эрг (1 эрг=10–7Дж) және килограмм-күш-метр (1 кгкҺм=9,81 Дж) сияқты өлшеу бірліктері бар. Күштің жұмысын жалпы түрде есептеу үшін элементар жұмыс (dA) деген ұғым ендіріледі: dA=F*s*cos90 болса күштің жұмысы теріс, ал 90 Қысым күштерінің жұмысы: dA=pdV, p – қысым, V – көлем.
Энергия– материя қозғалысының әр түрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әр түрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әр түрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “ Энергия” ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.
Қозғалыстың әр түрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар (мысалы, механикалық энергия, химиялық энергия, электромагниттік энергия, гравитациялық энергия, ядролық энергия, т.б.) Физиканың даму процесінде энергия ұғымы нақтыланып әрі жалпыланып отырды. Энергия туралы ілімнің дамуындағы маңызды бір кезең үздіксіз ортадағы энергия қозғалысы мен “ энергия ағыны” туралы ұғымның енгізілуі болды. Энергия ағыны деп энергия тығыздығы мен берілген ортадағы орын ауыстыру жылдамдығының көбейтіндісіне тең векторды айтады.
Механикалық энергия екіге бөлінеді: потенциалдық және кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия денелердің немесе дене бөліктерінің өзара алмасуынан пайда болады. Кинетикалық энергия дене қозғалысқа түскенде пайда болады.
Кинетикалық энергия Ek= mv2\2 кинетикалық энергияның өзгеруі сол жүйеге түсірілген күштердің атқарған жұмысына тең: А= Ek
Потенциалдық энергия Ep=mgh. Потенциалдық энергияның өзгеруі сол жүйеге түсірілген күштердің атқарған жұмысына тең. А= Ep
Деформацияланған дененің потенциалдық және кинетикалық энергия E деп атаймыз. E=Eк+Ep

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет