2.Оқу материалын баяндау барысындағы тақтаға жазу және сурет салу Тақтаға жазу және сурет салу мұғалімнің оқу материалын баяндауына қосымша жүреді. Ол оқушылардың сабақтың мазмұнындағы басты нәрсеге зейін аударуға, сондай – ақ саралау мен түсінуге, материалды ұғуға және бекітуге көмектеседі.
Мұғалімнің тақтадағы дұрыс және ұқыпты жазылған жазуы және суреті, оған сабаққа өтілетін үлкен материалды бөліп түсіндіруге және одан негізгісін бөліп алуға, көрнекі және анық баяндауға көмегін тигізеді. Сонымен сабақта кесте, схема, плакат, эпи – және диапроектрлерді қолдану, тақтаға жазу және сурет салу қажеттігін болғызбай тастамайды.
Тақтаға не жазу керек? Сабақтың түрі және мазмұнына байланысты негізінен мыналар жатады: сабақтың тақырыбы және жоспары; сурет, схема, графиктер; формулалар және олардың қорытулары; сыныпта жасалатын тәжірибелердің сандық нәтижелері; есептер шығару; физика және техниканың тарихынан қысқаша мәліметтер; жаңа терминдер және олардың қысқаша сипаттамалары; фронталь зертханалық жұмыстардың жоспары; үйге берілген тапсырмалар жазылуы керек.
Мұғалімнің тақтаға, ал оқушылардың дәптерлеріне жазылған жазулардың көлемі және жазу шапшаңдығы жоғары сыныпқа көшуге байланысты артып отырады. 9-11 сыныптарда алдымен мұғалімнің айтуымен, кейіннен өздігінен оқушылар сабақта анықтамаларды және қорытындыларды дәптерлеріне жазып отыруы керек. Осылайша маңызды оқыту тәсілі – конспект жазудан басталады, сондай-ақ дәптердегі жазу оқулықты алмастыра алмайды.
Сабаққа дайындалу кезінде мұғалім тақтаға сызылатын жазу және суреттерді қалай орналастыратынын ойластырып қояды. Тақтаға жазуды үлкен әріптермен жазудың қажеті жоқ, олардың биіктігі 3-5 см, ал жолдардың арасындағы интервалдың арасы 4-6 см болса жеткілікті. Негізгі формулаларды астын сызып немесе рамаға алып коюға болады.
3.Импульстің сақталу заңын оқыту әдістемесі Энергияның, импульстің және импульс моментің сақталу заңдары табиғаттың ең бір жалпы сипаттағы заңдарының қатарына жатады және бүгінгі таңда белгілі болып отырған физикалық құбылыстардың бәрінде де орындалады. Яғни, сақталу заңдары молекулалық физикада, электрдинамикада да және кванттық физикада да орындалады.
Импульстың сақталу заңын оқыған кезде жаңа физикалық ұғымдардың қатары артады. Барлық бөлiмдi оқу үшін кейбiреуін меңгеру өте маңызды. Сондықтан нақты есеп шығарған кезде физикалық жүйеде денелер
қалай қозғалады және оларға сыртқы күштер қалай әсер ететінін білу өте маңызды. Егер бұл күштер болмаса (оны елемеуге болады), онда импульстың сақталу заңын қолдануы керек, егер сыртқы күштер әсер етсе, онда жүйеге әсер ететін күштiң импульсiнің қосындысы жүйенiң импульсiнiң өзгерiсiнің
қосындысына тең. Егер импульстың сақталу заңы санақ жүйесiнің бiрімен салыстырған қозғалыста орындалса,салыстырмалы қозғалыста, салыстырмалы кез келген басқа санақ жүйесiнде де орындалады, т.с. импульстың сақталу заңы кез келген инерциалды санақ жүйесiнде орындалады.Оқушылар импульстің вектор екенін (ал энергия өзінің барлық пішіндерінде скаляр болып табылады) түсінгені маңызды. Импульсті mv ретінде анықтау және қорытқы күштің импульстің өзгеру жылдамдығына тең көрсету.өзара әсерлесетін екі дененің қарапайым жүйеде қолданылатын, кейіннен кез келген тұйық жүйеге жалпыланатын Ньютонның үш заңынан импульстің сақталу заңын қорыту қажет. Өзара әсерлесу және соқтығысу принципін қолдану және көптеген сандық мысалдар келтіру. Бұл бөлімде энергияның сақталу заңы денелердің тек ілгерілемелі қозғалысына ғана емес, айналмалы қозғалысында да қолданылады.
Емтихан билеті №8