1 вопрос Саясаттың түсінігі құрылымы және міндеттері Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;
әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясат міндеті - тағайындау, саясат рөлі. Саясаттың негізгі функциясы — қоғамның барлық жалғы ұйымдық базасы ретінде қызмет етеді. Саясат — бейбітшіліктін, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығының кепілі. Саясат қоғамның болашағын, оның даму жолын жобалап, осы үдерістін жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс. Саясаттын келесі міндеті — нақты басқарушылық және регулятивтік әрекеттер. Саясаттың тәрбиелеу міндеті де үлкен маңызға ие болады
2 сұрақ Саясаттану-ғылым саласы және оқу пәні Оку пәні ретіндегі ғылыми білімдердің нақты жүйесін баяндау ең алдымен оның пәнін қарастырудан басталады. Ғылым ПӘНІНІҢ бөлінуі, оның негізгі өлшемдерінің айқын белгіленуі қарастырылып отырған білімдерді біртұтас ғылыми-методологиялық негізге ие тұтастыққа біріктіруге мүмкіндік береді. Ғьлым пәні қарастырылып отырған ғылыми білімдер жүйесінің тәуелсіздігі мен дербес дамуының түпкілікті шарты болып табылады. Белгілі дәрежеде ғылым пәнінің өзінде алдын ала анықталғандық пен тапсырыстық тұрғыдағы емес, дамудың рационалды-логикалық негізі тұрғысындағы ғылыми білімнің нақты жүйесінің даму мүмкіндігі жасырынған қалыпта болады. Кез келген ғылым пәнінің бірден дайын күйінде берілуі мүмкін емес, ол пайда болудың, калыптасудың ұзақ жолынан өтуі керек, өйткені ол объектінің жай ғана бөлігі ғана емес, осы бөліктің идеалды конструкциясы да. Бұл процесс жаңа ғылымның өзінің жеке пәнімен бірге бөлінуінің, тармақталуының негізіндегі ғьлыми білімдердің жалпы жүйесінің шеңберінде іске асады. Саяси білімдер де осындай жалпы жүйелердің бірі болып табылады. Тарихи тұрғыда саяси білімдер қоғамдық ғылымдардың әрқилы жүйелерінде қалыптасып дамыды: тарихи ғылымдарда саяси қатынастардың даму тарихы ретінде қандай да бір елдегі мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің тарихы мен саясаттың әрқилы субъектілерінің іс-өрекеттерінің тарихы қарастырылады;
заң ғылымдарында мемлекеттік құқықты зерттейтін ғылыми іс-әрекет ретінде; философияда саяси қатынастар мен биліктің дүниетанымдық , моральдық-этикалық, әлеуметтік, психолоғиялық негіздерін көрсететін рефлексия ретінде қарастырылды. Қазіргі кезде адамзат проблемалық аспектілердің көлемінің кеңдігін ескере отырып саясатты, саяси шешімдер мен іс-әрекеттерді аса мол әлеуметтік маңыздылығына және оған баламаның жоқтығына байланысты бірінші орынға шығарды.