1. XIX ғ. Неміс классикалық философиясының ерекшелігі. И. Канттың философиялық ЖҮйесі


Табиғатты іштей бірлікте болатын, органикалық



бет7/8
Дата30.09.2022
өлшемі29,57 Kb.
#40922
1   2   3   4   5   6   7   8
Табиғатты іштей бірлікте болатын, органикалық және бейорганикалық материялардың эволюциялық дамуынан тұратын динамикалық үдеріс есебінде танып, оны парасаттың санасыз өмірінің түрі ретінде пайымдаған ол диалектиканы идеалистік негізде қарастырады. Шеллинг табиғаттың философиялық мәнін ашпақшы болған жаратылыстану ғылымдарын философиямен байланыстырған Б.Спиноза пікірінен өзгеше, табиғатты субстанция деп қарастыратын натурфилософиялық ағымды дүниеге әкелді. Егер Спиноза табиғат туралы сұрақтарды материалистік тұрғыдан шешсе, Шеллинг идеалист болды.


  • Ф.ШЕЛЛИНГ философиясының мақсаты — «АБСОЛЮТТІК» ұғымын талдау,
    немесе болмыс пен ойлаудың бастамасын табу.
    Шеллинг философиясы үш кезеңге бөлінеді:

    Оның ойынша, табиғат денелері қарама-қарсы бағытталған күштердің өзара
    әсерлерінің жемісі (тартылыс пен тебіліс, электрдің оң және теріс зарядтары,
    магниттің полюстері т.б.). Қарама-қарсылық, екіге бөлінушілік, сонымен қатар
    қарама-қарсылықтардың бірлігі табиғаттың әмбебап заңы болады.

      ФРИДРИХ ШЕЛЛИНГ

      ЛЮДВИГ ФЕЙЕРБАХ

      6. Л. ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМІ


    • «Біз адам болмысын ойлау үдерісі арқылы анықтаймыз, демек, ойлау мен болмыстың өзара диалектикалық байланысы бар». Фейербах болмысқа осындай анықтама бере отырып, оның ойлаудан тыс өмір сүретіндігін көрсетеді, шындықтың субстраты материя екендігін анықтап, нақтылайды.

    • XVII-XVIII ғғ. материалист ойшылдары материяны субстанция ұғымы арқылы анықтаса, Фейербах оған сезімдіктің парасаттық негізі деп қарады. «Материя болмаса, біздің парасатымыз ешқандай сезімдікке, әсерге ие бола алмайды, яғни ойда ешқандай мазмұн жоқ. Демек, материяны жоққа шығару парасатты да жоққа шығарумен бірдей. Материяның негізгі өмір сүру формалары – уақыт пен кеңістік», – деп, Фейербах олардың объективтілігін көрсетті.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет