Л.Фейербахтың АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМІ:
1. Дүниедегі жалғыз реалдылық – адам мен табиғат қана;
2. Адам – табиғаттың бір бөлігі;
3. Адам – материалдылық пен руханилықтың бірлігі;
4. Адам – философияның басты зерттеу мақсаты;
5. Идея өз бетімен емес, адам санасында ғана өмір сүреді;
6. Құдай – адам ойының нәтижесі;
7. Табиғат (материя) мәңгілік және шексіз, ешкіммен де жасалмаған;
8. Бізді қоршаған дүние (заттар, құбылыстар), - материяның әртүрлі көріністері.
6. Л. ФЕЙЕРБАХТЫҢ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМІ
Фейербах дін мәселелерінің танымдық, саяси-әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылды.
Фейрбах дінді адамның ойлау қабілетімен байланыстырды. Оның ойынша, адам дүние, ғалам, табиғат, әлем туралы, олардың қайдан пайда болғанын шеше алмай, діни ұғым, тұжырымдарға келді. Демек, дін – дүниетанымдық көзқарас, ол адамдардың дүние туралы теріс пікірлерінің, оны тани алмай, ғылымнан тыс жолға түскендігінің айғағы.
Фейербах діннің шығуын адамдардың сезімімен тығыз байланысты деп көрсетеді. Өзін қоршаған ортаның тылсым күштерін түсіне алмаған адам қорқынышқа душар болып, өмірдің қиыншылықтары адам басына әр түрлі ауыртпалық әкеледі. Қайыршылық, аштық, жалаңаштық жайлаған жерде діннің дүниеге келуіне мүмкіндік туады, адамның сезімі шегіне жетіп, шарасыздық жайлаған кезде, оған дін «көмекке» келеді. Сөйтіп, сезім, әсіресе, сенім, үміт пен сүйіспеншілік діннің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Фейербах дін мен адамгершілік мәселелерін талдағанда, адамдар арасындағы сүйіспеншілік болатындығын айтып, сүйіспеншілікті ғана білдіретін, яғни құдайсыз дін жасауға ұмтылды. Ал адамгершілік адамдардың арасындағы әлеуметтік қатынастармен байланысты болмай, жалаң анықталып, барлық адамға тән сезім ретінде қарастырылды.
Фейербах материализмінің тар өрістілігі оның адамның мәнін тек антропология ғылымымен анықталуында, деп санауы.
1. Құдайдың өз бетімен өмір сүретін реалдылық ретінде жоқ екендігі;
2. Құдай – адам санасының туындысы;
3. Дін - мифологиялық-фантастикалық идеология (ойдан шығарылған).
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |