1. Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы


Талдағыштарға тән жалпы қасиеттер



бет10/26
Дата12.04.2023
өлшемі85,63 Kb.
#81931
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
физиология рк 5

Талдағыштарға тән жалпы қасиеттер:
1) Сезім ерекшелігі -әрбір талдағыш өзіне ғана тән тітіркену сезімін қабылдайды;
2) Бейімделу-тітіркендіргіштің күшіне талдағыштардың бейімделуі. Мысалы: жарықтан қараңғыға шыққанда, адам әуелі нашар көреді, соңынан көз қарашығы ұлғайып жақсы көре бастайды (бейімделу уақыты бірнеше минут); немесе қараңғыдан жарыққа шыққанда – бейімделу уақыты бірнеше секөнд қана; бөлмеге кіргенде жағымды, (әтір иісі, тамақ), жағымсыз (темекі, арақ, қолаңса т.б.) сезілген иістер, бірталай уақыттан соң сезілмей кетеді т.б.
3) Иррадиция -таралу- қозудың бір талдағыштан екіншісіне ауысуы; мысалы, қара түстегі ақ шаршы сол мөлшердегі қара шаршыдан үлкенірек болып көрінеді. Индукция-қатар және ізінше болатын тежелу, таралумен бірге жүреді.
4) Бір ізді әсердің сақталуыдегеніміз тітіркендіруден кейін де талдағыштардың жауабының жалғасуы. Мысалы; дыбыс шығару тоқталса да, дыбыстың әрі қарай естілуі.Жарық сәулелері секөндіне 16-18 рет – 24 ретке шейін кино көргенде бір бейне болып көрінеді. Әсіресе жағымсыз бір ізді әсер көпке созылады.
5) Талдағыштарға контраст құбылысы тән .Көп уақыт қара түске қарасаң, одан кейінгі сұр түс ақ болып көрінеді; Мысалы, түнде қыздардың бәрі ақ, сұлу болып көрінеді.
Қозғалыс талдағышы немесе бұлшық ет буын сезімталдығы дене қалпының сақталуын, қимылдың дәлме-дәл орындалуын қамтамасыз етеді. Дененің қалыпты және қимыл әрекеті кезіндегі қозғалыстар бұлшық ет талдағышындағы, сіңірдегі, тарамыстағы, буындағы, ұршық ішіндегі т.б. қабылдағыштар- проприорецепторлар қабылдап ОЖЖ- не беріледі.
Қозғалыс талдағыштарының проприорецепторларына:
1) Гольджи денешіктері қаңқа еттері жабысқан сіңірде табылса;
2) Паччини денешіктері буындарда, шандыр қабықтарда, сіңірлерде орналасқан;
3) Бұлшық ет ұршығындағы рецепторлар бұлшық ет созылғанда тітіркенеді.
Дене қызметі проприорецепторлардың дамуын арттырады, сондықтан жас спортшылар өте нәзік және күрделі қозғалыстарды орындауға бейім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет