1. Зейін, зейіннің негізгі қасиеттері



бет5/9
Дата21.06.2023
өлшемі43,91 Kb.
#102894
1   2   3   4   5   6   7   8   9
21-тәжірибелік тапсырма

22-билет
1-тапсырма
 Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау–жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілеген ақпараттарды қайта эасау жолымен жасалады. Ойлау–ақыл–ой процесінен үш құрамдас бөлігінен құралған айтарлықтай мазмұнды элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти алатындығымен сипатталады. Біз кітап оқығанда ақпараттар сенсорлық сақтау қорынан ес сақтау қорына жүйелі түрде беріледі. Содан кейін, бұл жаңа ақпарат қайта өзгереді, “қорытылады”, нәтижесінде қайталанбайтын ерекше нәтиже алынады.
Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.
Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Мұның себебі, ойлау іс-әрекетінде біз ассоциацияларды өте кең қолданамыз олар ойлау есептерін шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мысалы, біз қазір тап болған жағдайға ұқсаса, оқиғаларды жиі, арнайы еске түсіреміз. Мұнда пайда болған ассоциациялар біздің ой мәселесін шешуімізде пайдаланылады. Олар бізді одан алыстатпай, оның жауабына, шешіміне жақындатады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым–қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін–объективтік шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын–оның қажеттіліктері.
Ойлау-өзіндік ішкі қарама–қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама–қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.
Ойлау “ішкі” процесс пе немесе ол мінез–құлықта көрінгендіктен бар болып санала ма, міне осы даулы мәселелер әлі күнге дейін жалғасып келеді. Шахмат ойнаушы өзінің келесі жүрісін орындамас бұрын ең алдымен бірнеше минут алдын ала ойланып алуы мүмкін. Ол өзінің әрекеттерін таразылап тұрған кезде ойлау қатыса ма? Әрине, қатысады және ешқандай да сыртқы мінез–құлық байқалмағандықтан бұл жағдайда кейбіреулер қорытынды элепирикалық бақылауға емес, өз пайдасына негізделген деп айтар еді. Ойлаудың жалпы анықтамасы бұл шиеленісті ішінара шеше және онда біздің талқылауымызға көмектесе алар еді. Әдетте ойлау үш негізгі кезеңмен сипатталады (Mayer. 1983);

  1. Ойлау когнитивті болып табылады, яғни “іштей” ақыл ойда өтеді, алайда оны мінез–құлық бойынша бағалайды. Шахмат ойнаушы жүріс жасағанда өзінің ойлауын көрсетеді.

  2. Ойлау–ол процесс, онда когнитивті жүйеде білімдермен кейбір айлалы әрекет жасалады. Өзінің жұмысын ойластыра отырып шахмат ойнаушы сол сәтте өтіп жатқан ақпараттармен бұрынғы есіндегілерді біріктіреді және жағдай жайлы өз білімін өзгертеді.

  3. Ойлау бағытталған сипатқа ие, оның нәтижелері кейбір мәселелерді “шешетін” немесе оның шешілуіне бағытталған мінез–құлықта көрінеді. Шахматшының ойындағы әрбір келесі жүрісі жеңіске жетуге бағытталған. Барлық әрекет сәтті болмайды, бірақ та ойыншының ойында олардың барлығы шешуге бағытталған.

Ойлаудың келесідей түрлерге бөлінеді:


а) интуитивті ойлау - жылдам жүру, айқын кезеңдердің болмауы, минималды хабардарлықпен сипатталады;
б) көрнекі-бейнелі - қоршаған шындықты қабылдаумен байланысты, яғни шешім қызмет нысанын бақылау нәтижелері бойынша қабылданады;
в)көрнекі—әсерлі - мәселені шешу жағдайды нақты, физикалық өзгерту, объектілердің қасиеттерін сынау арқылы жүзеге асырылады (көрнекі бейнелердегі витринаны қалай безендіру туралы ойлана отырып, суретші-декоратор мүмкін болатын нұсқаларды ұсынады);
г) теориялық - есепті ақылмен шешу. Мысалы, күрделі экономикалық мәселелер теориялық ойлау арқылы шешіледі.
Сонымен, ойлау–аса күрделі психикалық процесс. Осы зерттеумен бірнеше ғылымдар айналысады. Солардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Бірақ екі осы ғылымның ойды зертеудегі әдіс–тәсілдерінде өзіндік айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлі жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкіл адамзатқа ортақ ойлау іс-әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой, қорытындылары сиқяты ойлау формаларының табиғатын зерттейді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау–ми қыртысының күрделі формадағы анализдік–синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атақарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
2-тапсырма
Мысал қоғамдағы немесе жеке адамның бойындағы кейбір жағымсыз жәйіт, кемшілік, дерт, ұнамсыз мінез-қылықты ашық, тура санамай, аллегориялап сынап-мінейді. Аллегория — грекше астарлап айту, басқаша айту деген сөз. Яғни мысал-аллегория әлгідей кемшілік дертті көбінесе адамның емес, басқа бір хайуанаттың, құстың немесе бір заттың басында болған оқиға етіп суреттейді. Өзінің айтар идея, ой-пікірін жасырып, жұмбақтап айтады. Әңгіме бір жәндік, бір зат туралы болғанмен, оның ар жағында адам бейнесі, адам ісі, адам характері тұрады.
Көркем творчествоның көне жанры шағын болса да, өткір тілі мысалдың әлемдік әдебиет пен фольклорында алатын орны ерекше. Әдебиеттану ғылымының басқа жанрларына қарағанда мысалдың тек өзіне ғана тән айқындалған формасы бар.Ол — әлем әдебиетінде жалғасын тапқан ортақ сюжеттілік, персонаждардың көбінесе аң- құстан болуы, осы арқылы астарлап берілетін ойдың, идеяның ар жағында қоғамдық-әлеуметтік мәселенің, адам мінез-құлқының жатуы. Мысал жанрының белгілі бір тұтастығы, әлем халықтарының мысалдарындағы ұлы үндестігі, типологиялық ұқсастығы осыдан көрінеді.
Мысал жазба әдебиет үлгісі болып табылады. Өзінің даму барысында ол екі түрлі жолмен қалыптасты. Бұл әдебиетте XIX ғасырға дейін-ақ анықталған прозалық және поэзиялық мысал үлгілері.
Бір жанрдың екі ішкі жанрлық түрінің басты өзгешеліктерін, ұқсастықтарын сипаттау ғылымда әртүрлі теориялық бағыттарды қалыптастырды. Сондай ғылыми пікір-тұжырымның бір-екеуіне тоқталып өтейік: Мысал жөнінде ғылымдағы екі бағытты айтуға болады, ол Лесссингтің рационалистік концепциясы мен Гриммнің романтикалық теориясы.
Сонымен бірге, кейінгі зерттеушілерден қолдау таппаған поэзиялық мысалды зерттеу барысында пайда болған дарынды психолог Л. Высотскийдің психологиялық бағытын да атап өту керек.
Мысалдың шығу тегі, типологиялық дамуы және оның бойында лирикалық, эпостық, драмалық, тіпті трагикалық элементтердің кездесесетіндігі ғалымдардың әртүрлі байлам жасауына әкелген. Мысалды халық ауыз әдебиетіндегі жануарлар эпосымен тығыз байланысты қарастырған Костюхин Е.А. былай дейді:
Теорияда мысал тек қана әдебиет жанрының бірі ретінде қарастырылмайды, сонымен қатар бір ойды берудің өзіндік формасы және тіпті жалпы сөз өнерінің іргелі формасы ретінде қаралады.
Мысалдың философиялық-дидактикалық мазмұнына көңіл қойған Лессинг концепциясын ұстанушылар өмірдегі әртүрлі жағдайлардың себебінен туған ғибраттық мазмұндағы мақал-мәтелдердің негізінде мысал пайда болды дейді. Бұл көзқарасқа философтар да назар аударып, кейіннен В.Перри, А.Потебня, Гаспаров еңбектерінде көрініс тапты. Олардың айтуынша, жанрдың дамып қалыптасуының негізі ғибрат, яғни мысалда айтылар ғибрат адамдардың қарым-қатынасына қызмет етеді. Соңғы түйіннің мақал-мәтелдермен мазмұндас келуінің тәрбиелік сипатына ерекше мән беріп, мысалды өзіне дейін болған басқа формалардан бөлек алып қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет