1. Зейін, зейіннің негізгі қасиеттері



бет6/9
Дата21.06.2023
өлшемі43,91 Kb.
#102894
1   2   3   4   5   6   7   8   9
22-тәжирибелік тапсырма
ОҚЫТУ-
23-БИЛЕТ
1-тапсырма
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. 
Қиял түрлі елестеулердің өзге- ріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің машиналардың конструкциялары (амфибия – танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэро-шана – суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады.
Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп қолданылады. Мәселен, Д.Свифтің «Гулли- вердің саяхатындағы» ергежейлілер- дің, В.Маяковскийдің «150000000» поэмасындағы капиталистердің көсемі В.Вильсонның бейнелері гипербола әдісімен жасаған. Мұнда сондай-ақ тұтас заттың жеке бөліктерінің саны өзгертіледі, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындағы көп қолды құдайлар мен жеті басты айдаһардың бейне- лері осылайша құрастырылған.
Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі – нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер заттардың айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл бөлетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Суретшінің өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
Қиял образдарының күрделі түрі – типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дұрыс суреттеп жазу үшін, жүз, екі жүз шамалы поп, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек», – дейді М.Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ болып та есептелінеді. Мәселен, «Абай» романындағы Құнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық қасиеттері бар жеке адамның да образы.
Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды шығармашылық қиял образдарын үнемі туғызу қиын. Мәселен, агглютинацияда жеке фактілерді зерттеу, жинақтау, мәселелердің түпкі ниетін көздеу дегендер жетіспей жатады. Сондықтан да творчестволық қиялдың жоғары формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т.б. онша көп қолданылмайды. Шығармашылық әрекетте адамдар көбінесеі интуицияға жүгініп отырады.
2-тапсырма
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған.
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек - кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер -білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады. Мақал-мәтелді қазақ тілі сабағында көптеп қолдануға болады.
МЫСАЛЫ: Сын есімді өткенде: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады. Бұлттан шыққан күн ащы, жаман кісінің тілі ащы,-деген сияқты сан есімдерді өткенде: "Ел құлағы елу. Қырықтың бірі - қыдыр. Қызға қырық үйден тыю. Ұлға отыз үйден тыю. Алыстан алты жасар бала келсе, Алпыстағы шал келіп сәлем берер. Бірінші байлық - денсаулық, Екінші байлық - ақ жаулық, Үшінші байлық - он саулық. деген сияқты есімдіктерді өткенде: Кісі еліне сұлтан болғанша, Өз еліңе ұлтан бол. Бұлай тартсаң, өгіз өледі, Олай тартсаң, арба сынады. деген мақал-мәтелдерді қолдану, олардың мағынасын ашу жоғарыдағы қойылған мақсаттардың кейбірін іске асырады. Мұндай сабақтарда оқушыларға да тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді жазып келуге тапсырма беруге болады. Мұны оқушылар ынтамен орындайды, өйткені, мақал-мәтелдер - сөз мәйегі, әрі қысқа, әрі нұсқа, оқушылардың жаттауына да жеңіл, әрі балалардың тілін дамытып, ой-өрісін өсіре түсері сөзсіз. Тиісті жерде тыныс белгілерін қойғызып, оларды сөйлем мүшелеріне талдауды оқушылардың қызығушылығын туғызып, сауаттылығын арттырады. Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту және де сауаттылығын нығайту мақсатында қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта "Жалпы және жалқы есімді" қайталау сабағының бекіту бөлімінде оқушыларды 3 топқа бөліп мақал сайысын өткізуге болады.
I бөлімінде: Еңбек туралы мақал айтып жарысу.
II бөлімінде: Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін-мағынасын айту.
III бөлімінде: Белгілі тақырыпқа байланысты мақал айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет