1. Зейін, зейіннің негізгі қасиеттері



бет8/9
Дата21.06.2023
өлшемі43,91 Kb.
#102894
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2-тапсырма
Жаңа заман талабына сай білім беруді реформалаудың міндеті — оқу үрдісінің нақты практикалық мақсаттарға бағыттауына қол жеткізу. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту мақсатына жетудің бірден — бір жолы.
Шығармашылық тұлға қалыптастыру- қазіргі оқу процесінің басты талаптарының бірі болып саналады. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ.
Бірнеше жылдағы оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыруына жағдай туғызу.
Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет жасау. Ал сол мақсатқа жету оқушының өз іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Көркем шығармаларды тек қана оқып қоюмен қатар жүйелі түрде талдау дағдыларын меңгерту тиянақты және терең білім берудің, оқушылардың танымдық ынтасын қалыптастырудың негізгі жолдарының бірі болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамитын кезеңі орта және жоғары буында екені белгілі.
Жоғары буында оқушылардың көркем шығарманы оқуы- қазіргі таңдағы оқу үрдісінде қиыншылық тудыратын жағдайлардың бірі. Осы орайда жоғары сыныптарда берілген көлемді көркем шығармаларды жаңаша оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушы бойындағы танымдық қабілеттерін арттыруға болады.
Көрем шығармаларды оқытудағы басты мақсат- тіл байлығын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту, көркем әдебиет оқуға тарту, көркем мәтінге түрліше талдай жасай білуге, сөзді ажарлап сөйлей білуге үйрету. Оқу үрдісінде оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануда біршама жетістікке жетуге болады.
25-билет
1-тапсырма
Сөйлеу тілінің 2 түрі бар: сыртқы және ішкі сөйлеу тілі. Сыртқы сөйлеу тілі өз ішінде 2-ге бөлінеді: ауызша және жазбаша сөйлеу тілі.Ауызша сөйлеу тілі диалогты және монологты болып бөлінеді.
Ішкі сөйлеу тілі- бұл ой тілі.Бұл тіл тек өзі- өзімен сөйлесу үшін керек.Бұл тіл тек өзімізге ғана түсінікті тіл. Ол үзілді кесілді болып айтылса да ол өзімізге ғана түсінікті.Ішкі сөйлеудің қалай құралғанын біз өз-өзімізге бақылау жасай аламыз. Ал оқушылардың ішкі дүниесіне еніп, ішкі тілін нықтау өте қиын.Тілдік тапсырмаларды шешу үшін ішкі сөйлеу тлінде қолдану креек. Ол үшін оқушыларға сабақ үстінде өздерінің ішкі сөйлеу тілі бойынша әңгіме айтуға байындату керек.Баларға өз ойларындане бар сол арқылы әңгімелеп беруін сұрайды. Дәл осы кезде балардың ішкі сөйлеу тілдері анықталып, айқын бола түседі.
Тіл – ойды дамытушы құрал.Ой тілдік материалсыз айтарлықтай жақсы дами алмайды. Тіл ойды басқарып отырады. Баланың сөйлеу тілі жақсы дамыса, ойыда соншалықты жақсы дамиды. Сондықтанда сөйлеу тіліне байланысты. Психолог Н.И.Жинкин былай деп жазған: « Тіл- бұл интелліктіні дамытушы амал.Тіл қаншалықты тез меңгерілсе, соншалықты жеңіл түрде білімді меңгереді. Тілдік байлық ойдың дамуына әсерін тигізеді. Ең негізгісі оқушылар жаңа сөздерді меңгергенде ол ойда жинақталып қала береді. Бұл ой мен тілді қамтамсыз етеді.
Қоршаған адамдармен байланысты тек сөздер ғана қамтымайды, сонымен бірге интонация, ым, байланыс көзқарастар, жанасу, мимика да құрайды. Күлімсіреп жауап беру – бұл баланың сыртқы әлеммен байланысып,оны зерттегісі келетіндігінің ең сенімді белгісі.
Керісінше, егер бала 3 айда күлуді үйренбесе, ересек адамның сөзіне қызығушылық танытпаса, дәрігермен кеңесу керек. Бұл өте жағымсыз белгі.
Баланың дамуы өте индивидті түрде және оның шекаралары жұмсақ орнатылады. Дегенмен, сөйлеудің дамуын қалыпты деп санауға болатын бірқатар жағдайлар мен белгілер бар.

  1. Неврологиялық және ауыр физикалық аурулардың болмауы сөйлеудің қалыпты дамуының кепілі болып табылады. Ауру бала танымдық қабілеттерін дамытуға көңіл бөле алмайды, себебі тым көп ауырсынуды бастан кешеді.

  2. Белсенді байланыс – бұл міндетті шарт. Тек қарым-қатынас кезінде байланыс орнату қажеттілігі туындайды, өз қалауын білдіреді. Егер сіз ешкіммен сөйлеспесеңіз, сөйлеу қабілеті дамымайды.

  3. Сөздердің дыбыстарына құлақ салу, есейгеннен кейін үлкендер бір дыбыстан басқа дыбысты ажырату қиындығын ұмытып кетеді. Өмірінің бірінші жылында бала әлеммен іс үнсіз қарым-қатынаста бола тұра - сөздердің шекарасын анықтайды, бір сөзді екіншісінен ажыратады және оларды заттармен байланыстырады.

  4. Сөздерді қайталау – ойын кезінде қолма-қол сөздерді қайталап қолдануға дайын болуы. Бұл дұрыс дамудың керемет белгісі. Керісінше, егер нәресте сөздерді қайталағысы келмесе, тістерін қысса, бұл жаман симптом.

  5. Сөздерді дұрыс қайталау – норманың белгісі. Сондықтан логопедтер ата-аналарға баланың жадын дұрыс емес қысқартулармен және бұрмаланған сөздермен жаппауға кеңес береді.

Егер нәресте өз тілектерін еркін жеткізіп айтса, сізге сөйлеуді дамыту туралы алаңдамауыңызға болады. Тек жақсы сөздік қордың қалыптасуын бақылауыңыз керек.
2-тапсырма
Көркем әдебиет өзінің бар болмысымен сол халықтың танымын, өткендегісі мен болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты. Ал, оның қайнар бұлағы - фольклорлық мұра - көркемөнер дамуына ұдайы елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор.
Фольклор мұраларында кездесетін мифологиялық кейіпкерлер адам танымының әр түрлі даму кезеңін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет