1. Зейін, зейіннің негізгі қасиеттері



бет7/9
Дата21.06.2023
өлшемі43,91 Kb.
#102894
1   2   3   4   5   6   7   8   9
23-тәжирибелік тапсырма
24-билет
1-тапсырма
Эстетикалық тәрбие- ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әдепті, иманды халқымыз ұрпағына жан-жақты эстетикалық тәрбие беріп отырған. Тұрмыстағы, мінездегі әсемдікті өмірлік дағдыға айналдыруды тәрбиенің басты құралына жатқызған.
Ұлт өмірінде қалыптасқан кісілік, қайырымдылық, меймандостық дәстүрлер-ұлттық мәдениетті көрсететін көркем құбылыстар.
Әдеп барлық халықта бар, ал қазақ халқында ол эстетикалық тәрбиенің өзегіне айналған. Өйткені “Әдеп” сөзі “мәдениет” деген сөздің баламасындай естіледі. Сондықтан, әдеп ұлттық мәдениетімізге сіңіп, қалыптасқан үрдіс.
Эстетикалық жағынан жетілу қажеттілігі адамгершілікпен тығыз байланысты екені сөзсіз. Біз адамның мінез-құлқына тек мейірім мен қаталдық тұрғысынан ғана баға бермейміз сонымен бірге оның әрекетті қалай жасағанын сұраймыз.
Бәлки, жақсылық пен әсемдіктің терең тамырлы өзара байланысы осында жатқан болар. Тарихи тұрғыдан алғанда сұлулық сезімі еңбек қызметі процесінде пайда болады.
Ертедегі адам белгілі бір құралды жасағанда оның түзу, жұмысқа ыңғайлы, берік болуымен қатар сыртқы түрінің әсемдігін де ескерген. Соның нәтижесінде сұлулықты сезіну, адамның абстрактылы ойлауының жетілуіне қарай әдемілік пен сүйкімсіздік үғымдары шықты. Бара-бара әдемі заттар сұлулық заңы бойынша дүниеге келе бастады. Қазіргі қоғамда адам тіршілігінің барлық саласының эстетикалық жағына баса назар аударылады. Эстетикалық талғам мен оған мұқтаждықтың дамуына, әсіресе өнер қатты әсер етеді.
Біздің қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев “Сұлулық сезімдері” жайлы жаратылыстың искустваның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады деді. Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, жұлдызды түн , міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары көріністері яки искустваның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу сурет, сықырлы, әсерлі адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай, архитектура, сұлу сурет(живопись, скульптура) сықылды пластика искуствасын адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Отбасыдағы эстетикалық тәрбиеде үй – ішімен серуенге шығу, табиғаттың әсем өңірлері мен таза ауасында тынығып дем алу сияқты шараларды жүзеге асырудың да маңызы зор. Мұндай серуен, саяхат жасау арқылы семьяның әрбір мүшесі еліміздің әдемі, әсем жерлерімен, жануарлар дүниесімен танысады және оларға ұқыпты қарауға тәрбиеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет