1. Зейін, зейіннің негізгі қасиеттері


Зейіннің негізгі қасиеттерін атаңыз?



бет2/9
Дата21.06.2023
өлшемі43,91 Kb.
#102894
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Зейіннің негізгі қасиеттерін атаңыз?
Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: көлемі, бөлінуі, шоғырлануы, тұрақтылығы, аударылуы. Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл қағазды 5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте 6-7 затты жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне өте жақын жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін көлемі күрт тарылады.
2. Лириканың көркемдік жүйесің таныту.
Лирикалық шығармаларды оқытуда басты бағытта адамның ішкі сезімі, көңіл күйі, мінез-құлқы, ақындық «мені» әсер беріп, толғандырады. Осындай әсерлілігіне қарай оқушы қызығушылықпен өлеңнің құрылысы, ұйқасы, өлең теориясына қарай талдауға жетелейді. Сондықтан лириканы оқытуда Қ.Бітібаева: «Лириканы оқытудың басты мақсаты- оқушыны поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге баула болап табылады»,-дейді. Лирикалық шығармаларды оқытуда мынадай жұмыс түрлері тиімді болады: өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркемсөз оқушылардың орындауында тыңдату, тақырып мазмұнына қарай саяхатқа шығу, пікірлесу, талдау, әңгімелесу, сыныптан тыс оқуларда, сыныптан тыс жұмыстарда мәнерлеп оқуға байланысты жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Лирика жанрының ерекшелігі қай кезде де ғалымдарды толғантқан, өзіндік ой-пікір, болжам жасауға, түйінді сөз айтуға жетелеген.Мысалы:
А.Байтұрсынов көрнек өнерiн бес тарауға жiктей келе, “бесiншi нәрсенiң жайын, күйiн, түрiн, түсiн, iсiн сөзбен келiстiрiп, айту өнерi – бұл сөз өнерi болады”,-дейдi. Сөз өнерi адам санасының үш негiзiне тiреледi. Олар: ақыл, қиял, көңiл. Ақыл iсi – аңдау, яғни нәрселердiң жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял iсi – тұрпатына, бейнесiне ұқсату, бейнелеу; көңiл iсi – түю, талғау. Лириканы оқыту-әдебиеттi оқытудың басты талабынан туындайды. Лирика сабағы – оқушыны өнердi эмоциялық-эстетикалық тұрғыдан түсiнуге үйретедi. Лирикалық шығармаларды оқытуда мынадай мәселелер ескерiлу керек:
- Лириканы оқуда эмоциялық, логикалық бiрлiк керек. Ақын шығармасында қандай нәрсеге назар аударып отырғанын анықтау қажет;
- Оқушының сол шығармаға өз көзқарасы болуы керек;
- Өлеңнiң әрбiр бөлiктерiн өзара тұтастыру керек;
- Ақын шығармасында қандай көркемдiк тәсiлдi қолданғанын анықтау шарт;
- Оқушы шығарма мен ақынның бiрлiгiн тануы шарт.
Лириканы оқытқанда мәнерлеп оқудың мәнi үлкен. Мәнерлеп оқудың өзiндiк шарттары бар. Солардың бiрi – кiдiрiс. Оның үш түрi бар.
1. Грамматикалық кiдiрiс (кейде өлеңаралық немесе тасымал кiдiрiсi деп те атайды). Мұның эмоциялығы жоғары. Бұған әр сөздi бөлiп, ашық, анық, тыныс белгiлерiн орай салмақ түсiрiле жасалған кiдiрiс жатады.
2. Логикалық кiдiрiс. Бұл – табиғи кiдiрiс. Мұнда шығарманың мәнiне орай салмақ түсiрiле жасалған заңды кiдiрiс қолданылады. Бұл жерде тыныс белгiлерiне онша назар аударылмайды.
3. Психологиялық кiдiрiс. Мұнда жеке сөздерге, сөз тiркестерi мен тармақтардың әсерiне көбiрек салмақ түсiрiледi. Бұл кiдiрiс арқылы өлеңдегi негiзгi ой ашылады.
Лириканың жекелеген компоненттерiн таныту - әдебиет сабағындағы басты мәселе. Оларға: тақырып, идея, образ, композиция, сөз, тiл, ақын стилi жатады. Өлең тiлiне ой-сезiм тереңдiгi, өткiрлiк көркемдiк сипат бередi. Яғни, поэзияға тән қасиет – айтылып тұрған ұғым туралы түсiнiк беру емес, оны бейнелi, көркем сипаттау. Бейнелi сөздер ақындық, эстетикалық сезiмдi, айнала дүниенi бейнелi түрде танып-бiлуге көмектеседi. Халықтың тұрмыс-тiршiлiгiмен, тарихи-қоғамдық жағдайларымен байланысты туған бейнелi сөздерден, яғни, теңеу, эпитет, метафора, метонимия, символ, гипербола сияқты суреттеулердi алсақ, бiз халықтың ой-санасындағы ұлттық сипатты байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет