өрістерді құру Тапсырма: «Тапсырыстар» кестесімен («ҚызметкердіңКоды») жұмыс істей отырып, алмастыру шеберінің көмегімен бірнеше мәндері
бар өрісті құрыңыз.
Өрістер типіне өзгертулерді енгізу мүмкіндігі үшін алдымен
Мәліметтер сұлбасын (Relationships)ашу қажет және түрлендіретін
кестенің барлық байланыстарын өшіру керек.
1. Конструктор (Design) режимінде «Тапсырыстар» кестесін
ашыңыз. «ҚызметкерКоды» өрісімен қатар шыққан мәзірден Алма- стыру шебері (Lookup Wizard) мәліметтердің типін таңдаңыз.
2. Мәндерді кестеден қолданыңыз. Алмастыру шеберінде «Алма- стыру бағаны» Объектісі ауыстырып-қосқышты орнатыңыз, кестенің
немесе сұраныстың (I want the lookup column to look up the values in a table or query) мәндері қолданылады және Ары қарай (Next)батырма-
сын басыңыз.
3. «Қызметкерлер» кестесін таңдаңыз және Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.
4. Қол жетімді өрістер (Available Fields)тізімінен «Тегі»,
«Қызметі» өрістерін таңдаңыз.
5. Таңдалған өрісті Таңдалған өрістер (Selected Fields) тізіміне
жылжыту үшін (>) «үлкен» белгісін шертіңіз, сосын Ары қарай (Next). 6. Алмастыру үшін элементтерді сұрыптау үшін, өрістердің бірін
белгілеуге болады, және Ары қарай (Next) батырмасын шертіңіз. Кему
реті бойынша сұрыптау режиміне өту үшін Өсу ретіменбатырма-
сын басыңыз. Батырмадағы жазу Кему реті бойыншаға өзгереді. Кері
қарай өту үшін тағы да батырманы басыңыз. Ары қарай (Next) батыр-
масын шертіңіз.
7. Қажет болған жаңдайда алмастыру өрісінде бағандардың енін
ретке келтіріңіз және Ары қарай (Next) батырмасын шертіңіз.