1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 4



бет1/20
Дата07.03.2023
өлшемі132,96 Kb.
#72394
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
КЖ зертхана


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 4
2 Зертханалық жұмыс. Пішімүйлестіру және бағдарлауышты  баптау 9
3 Зертханалық жұмыс. Статикалық және динамикалық маршрутизация 13
4 Зертханалық жұмыс. Қатынас құру тізімі (ACL) 19
5 Зертханалық жұмыс. Шектік маршрутизаторда NAT қызметін баптау 23
6 Зертханалық жұмыс. Коммутаторда VLAN-ды байланыстарды құру 27
7 Зертханалық жұмыс. VLAN арасындағы маршрутизацияны баптау 30
Әдебиеттер тізімі 33



Кіріспе
Бұл жұмыста Cisco жабдықтарының негізінде құрылған зертханалық жұмыстардың кешені қарастырылады.
Зертханалық жұмыстардың негізгі мақсаты компьютерлік желіде қолданылатын құрылғылармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеру, желілерді құру, баптау, жинау және олармен жұмыс істеуді игеру.
VLAN желісі (Virtual Local Area Network – жергілікті ауани желі) –LAN есептеу желісінің түрі. VLAN технологияның жақсаруына байланысты және жаңаша технологияның қолдануына байланысты пайда бола бастады.
Маршрутизатор/көпір негізінде құрастырылған қарапайым LAN-ға қарағанда VLAN шекарасы логикалық түрде ажыратылған кең бағытты домен ретінде қарастырылады. Дәстүрлі желілерге қарағанда VLAN көбірек бостандық береді. VLAN физикалық орналасуға, желілік қатынас құру ортасына, тасығыш типіне, тасымалдау жылдамдығына байланыссыз кең бағытты домен қолдануға мүмкіндік береді. Мүшелер белгілі бір сегментте емес, қажетті жерде орналаса алады. VLAN кең бағытты трафикті кішігірім және оңай басқарылатын логикалық доменге орналастыру арқылы желінің өнімділігін өсіреді. VLAN-ды қолданбайтын коммутатор негізіндегі дәстүрлі желілерде кең бағытты барлық трафиктер бүкіл портқа жіберіледі. VLAN-да кең бағытты трафик жеке кең бағытты доменмен шектеледі.
VLAN ауани желісінің артықшылықтары:
– кең бағытты трафикті шектеу;
функционалды жұмыс топтары;
– жоғары қауіпсіздік.
Зертханалық жұмыс құрамына жұмыс тапсырмасын орындау мен оның есебін дайындау және қорғау кіреді.
Әрбір зертханалық жұмысты орындаудан кейін оның есебін жасау керек. Оның құрамында келесілер болуы міндетті:
 жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы;
 теориялық дайындықтың қысқаша қорытындысы;
 атқарылған жұмыстың нәтижелері (тәжірибелердің қорытындысы, өңделген деректер, графиктер, т.б.);
 жұмыстың қорытындысы және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Орындалған жұмыс пен дайындалған есеп оқытушының алдында қорғалады.
Есепті электрондық түрде өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет