1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу Жұмыс мақсаты: маршрутизаторда тіркелу, командалармен және маршрутизатор құрылғысымен танысу.
1 Жұмыс тапсырмасы 1 Маршрутизаторды қосу және оның келесі оқиғалардың тізбегімен танысу.
2 Пайдаланушылық интерфейсімен танысу. Қолайлы командалардың тізімін зерттеу, пайдаланушылық және пұрсатты (привилегированный) режімін зерттеу.
3 Маршрутизаторда уақытты орнатыңыздар.
4 Командаларды орындау, контекстік көмекті қолдана отырып команданың синтаксистік қателерін түзету .
5 Маршрутизатордың статусын тексеру .
6 Құпиялы код (пароль) арқылы пұрсатты режімді, консоль портын және виртуалды қосылу портын қорғау.
2 Әдістемелік нұсқау 2.1 Маршрутизатор құрылғысы және маршрутизатор қосылғанда өтетін оқиғалар тізбегі Маршрутизатор 3 порттан тұрады, жергілікті және глобалды желіні біріктіру үшін қолданылады. Бір порт 10/100Мб/с Ethernet үшін арналған, қалған екеуі синхронды порттар.
Жоғарыда айтылғандардан басқа терминалды және қосалқы порттар болады. Маңызды порттардың бірі консолды порт, ол маршрутизаторға жергілікті жерден енуге, баптауға мүмкіндік береді. Қосалқы порт (AUX) модем қосуға, баптауға және ақауды іздеуге қолданылады. Маршрутизаторды оның кез-келген интерфейсі (консол портымен қосалқы порт арқылы ғана емес) арқылы конфигурациялауға болады, бірақ ол үшін алдын-ала интерфейсті желіге қосып, IP хаттамасын баптап, портты активті жағдайға келтіру қажет.
Ішкі құрылғыларды пішімүйлесімдеу үшін:
- Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) маршрутизатормен Cisco IOS операциялық жүйе бағдарламасын және POST (Power - On Selt - Test) бағдарламасын сақтау үшін қолданылады.
- Флэш-жадысы әдетте өшіру мүмкіндігіне ие бағдарланушы ROM, ол жерде операциялық жүйенің бейнесі және микрокод сақталады.
- Жедел есте сақтау құрылғысында (RAM) кэш жады, пакеттерге арналған буферлер және сонымен қатар ақпараттық массивтер орналасады.
- Энергияға тәуелсіз жедел есте сақтау жадысы маршрутизатордың бастапқы конфигурация файлын сақтайды. Бұл жадының ішіндегі заттар қоректену көзін сөндіргенде де сақталып қалады.
Маршрутизаторды қосқанда процессордың, жадылардың және бар интерфейстік платалардың жұмыс істеу қабілетін тексеруші POST бағдарламасы жүктеледі.