2.2 Пайдаланушылық интерфейс Маршрутизатор пайдаланушылық интерфейс арқылы конфигурацияланады, оған консоль порты немесе Telnet арқылы қашықталған терминалдан кез-келген интерфейс арқылы шығуға болады.
Маршрутизаторға алғаш енген кезде сіз пайдаланушы режімінде әдетте Ехес түсініктеме шақыруын көресіздер. Кез-келген кезде сіздер ? белгісін енгізе отырып, осы режимде қолданылатын командалардың тізімін көре аласыз.
Router>{ пайдаланушылық режим } Маршрутизаторды қолмен баптау үшін конфигурациялау режиміне өту қажет, бұл режимге пұрсатты режимнен ғана енуге болады. Пұрсатты режимге көшу үшін enable командасын Router> шақыруына енгізу керек. Бұдан кейін құпиялы кодты енгізу керек (пароль орнатылған болса). Төменде көрсетілгендей, пұрсатты режимге енген жағдайда маршрутизатор шақыруы Router# түріне ауысады. Енді ? енгізе отырып, сіздер пұрсатты режим командаларының тізімін көріп және зерттей аласыз.
Router>enable
Password :
[құпиялы код экранда көрсетілмейді]
Router#
Кез-келген команда үшін анықтамалық ақпарат алу үшін ? символын (контекстік көмек) команданың атауынан кейін енгізу қажет. Мысалы, егер маршрутизаторда уақыт орнату қажет болса, бірақ сіздер лайықты командаларды білмесеңіздер, clock ? командасын енгізіңіздер.
1 кестеде Cisco маршрутизаторының алғашқы кезде қажет болатын командалары көрсетілген.
1 кесте – Маршрутизатор командалары
Команда
Сипаттама
1
?
Қолайлы командалардың тізімін алып шығады. Экранға шығаруынан кейін -- more -- шақыру көрінсе, ол мәліметтің толық экранға шықпағандығын көрсетеді. Қалған мәліметті қарау үшін Enter немесе пробел пернесін басу қажет.
2
Еnable
Пұрсатты режимге ауысу үшін қолданылады. Бұл командадан кейін пароль енгізу қажет.