4 Бақылау сұрақтары 1 Маршрутизатор классификациясы.
2 Желілерде маршрутизатор не үшін қолданылады?
3 Маршрутизатор порттары.
4 Маршрутизатордың жұмыс істеу режимдерін сипаттаңыз.
5 Маршрутизатордың жады түрлері және оларда не сақталады?
6 Рұқсат етілген құпия (enable secret), рұқсат етілген код (enable password), виртуалды терминал паролі (vty), консоль паролі (console) не үшін маршрутизаторларда орнатылады?
7 Маршрутизатор OSI моделінің қай деңгейінде жұмыс істейді?
2 Зертханалық жұмыс. Пішімүйлестіру және бағдарлауышты баптау Жұмыс мақсаты: Cisco маршрутизаторының конфигурациясымен танысу және практикалық дағдыларға ие болу, сонымен қатар бағдарлауыштың негізгі командаларымен танысу.
1 Жұмыс тапсырмасы 1. Маршрутизаторды баптауға арналған негізгі командалармен танысыңыз.
2. Маршрутизаторлардың ұсынылған топологиясына сәйкес IP-адрестеу жүйесін құрыңыз.
3. Конфигурациялық режимде маршрутизаторларды байланыстыратын порттарға IP-адрестерді беру қажет.
4. Маршрутизатордың аттарын өзгертіп тағайындау қажет.
5. Ping командасын қолдана отырып, көршілес маршрутизаторлардың арасындағы байланысты тексеру қажет.
6. CDP протоколының көмегімен көршілес маршрутизаторлар туралы мағлұмат жинау қажет.
2 Әдістемелік нұсқау Әрбір маршрутизаторда екі: бастапқы және қазіргі конфигурация болады. Бастапқы конфигурация энергияны қажет етпейтін жадыда сақталады, ол бағдарлауыш қосылғанда RAM-ға көшіріледі, одан кейін тізбектей орындалады. Config terminal командасын енгізгеннен кейін істелген өзгертулер қазіргі конфигурация файылына енгізіледі. 1 кестеде баптаудың бастапқы кезеңінде және маршрутизатордың конфигурациясын сақтауда қолданылатын командалар келтірілген.
1 кесте – Конфигурация командалары
Команда
Суреттеу
Show startup – config
Бастапқы конфигурацияны көрсету.
Show running – config
Ағымдағы конфигурацияны көрсету.
Erase startup – config
Бастапқы конфигурацияны жою және қайта жүктелгеннен кейінгі бастапқы диалогке өту.
Reload
Қайта жүктеу.
Setup
Конфигурациялау диалогын бастау.
Copy running - config startup – config
Ағымдағы конфигурацияны бастапқы конфигурацияның орнына көшіру.
Configure terminal
Конфигурациялау режиміне кіру.
Show CDP ?
CDP-ге қатысты осы маршрутизаторда бар командаларды көрсетеді.
Интерфейстер және инкапсулияция туралы ақпаратты көрсетеді.
Sh cdp entry *
Барлық маршрутизатордан қабылданған CDP ақпартын шығарады, егер жұлдызша орнына маршрутизатордың атын жазсақ – тек сол маршрутизатордан қабылданған ақпаратты көрсетеді.
Show cdp neighbors
Көршілер қандай ақпаратпен алмасып жатқанын көреміз.
Show cdp traffic
Көршілерге жіберілген және олардан алынған пакеттердің санын көруге мүмкіндік береді.
Маршрутизаторды, сонымен қатар конфигурация диалогын қолдана отырып баптауға болады, бұл диалог setup командасымен, немесе erase startup-config және reload командаларының енгізілуімен шақырылады.
3 Жұмыстың орындалу тәртібі
а) 1 суретте көрсетілген маршрутизаторлардан тұратын топологияны жинаңыз.
1 сурет
б) Тәжірибе үшін Router 0 маршрутизаторында келесі тапсырмаларды орындаңыз:
1) Командалардың тізімін шығарыңыз.
2) Ағымдағы конфигурацияны шығарып, маршрутизатордың порттарының параметрлерін тексеріңіз.
3) C әрпінен басталушы командалардың тізімін көрсетіңіз.
в) Конфигурациялық режимде маршрутизаторларды байланыстыратын порттарға IP-адрестерді беру қажет.
1 Маршрутизатордың интерфейстеріне берілетін IP адрестер мен желі асты маскаларын оқытушыдан алынған IP адресті қолдана отырып және ұсынылған топологияның ерекшеліктерін ескере отырып есептеп, шығарыңыз.
2 Router 0 маршрутизаторында конфигурациялау режиміне кіру қажет.
3 interface fastethernet Х (Х-ағымдағы конфигурациялық файлда көрсетілген интерфейс номері) командасын енгізе отырып fastethernet Х интерфейсін баптау режиміне кіріңіз.
4 Осы интерфейстің IP адресін және желіасты маскасын ip address 172.16.10.1 255.255.255.0 (IP адресті және желіасты маскасын оқытушыдан алыңыз) командасын қолдана отырып тағайындаңыз.
5 no shutdown командасымен интерфейсті қосыңыз.
6 Serial интерфейсін баптау үшін 2-5 пункіттерін қайталаңыз, тек interface fastethernet командасының орнына interface serial Х енгізіңіз (IP адресін тағайындауды да ұмытпаңыз) .
7 Бұл пункіттерді қалған интерфейстер үшін де қайталаңыз.
8 Интерфейсті баптау режимінен шығу үшін exit командасын енгізесіз.
9 Router1 маршрутизаторының атын өзгертіңіз.
10 CTRL+ Z басып конфигурациялық режимнен шығыңыз.
11 Ағымдағы конфигурацияны қарап зерттеңіз. Барлығы дұрыс болса, осы конфигурацияны бастапқы конфигурацияның орнына көшіріңіз.
12 Жасалған жаңа конфигурацияны тексеру үшін show running - config командасын енгіз. Маршрутизатор конфигурациясының жаңа параметрлерін жазып алыңыздар ( порттарының сәйкесінше IP адрестерін, маршрутизатор атауын және т.б.).
13 Алған тәжірибеңіздің көмегімен Router 1, Router 2, Router 3 және Router 4 маршрутизаторларын баптаңыз.
14 Егер маршрутизаторлар бір-бірімен serial порттары арқылы қосылса, онда мұндай байланыс үшін жылдамдық бойынша синхронизацияны баптау керек. Бұл байланыста қай интерфейс басты (DCE), қайсысы жетекте (DTE) болатынын show controllers командасы арқылы білуге болады. Басты (DCE) интерфейсін анықтап, сол интерфейсті баптау режимінде clock rate 56000 командасын енгіземіз. Яғни осы арнаның синхронизация жылдамдығын 56 Кбит/с етіп тағайындадық.
15 Маршрутизаторлар арасындағы байланысты ping командасын қолдана отырып тексеріңіз.
г) Көрші маршрутизаторлар туралы мәлімет жинау. Бұл жаттығулар қашықтағы маршрутизаторлармен байланысып, олар туралы мәлімет жинауға арналған. Біз CDP хаттамасы арқылы мәлімет жинау процесін қарастырамыз (қажетті командалар 1 кестеде көрсетілген).
1 Интерфейстер және инкапсулияция туралы ақпаратты тексеріңіз. Қандай инкапсулияция әдістері қолданылатынын анықтаңыз.
2 Көршілес бір маршрутизаторды таңдап, тек нақты бір көршілес маршрутизаторға қатысты мәліметті көрсететін команданы енгізіңіз. Осы деректі пысықтап, көршілес маршрутизатордың негізгі параметрлерін жазып алыңыз.
3 Көршілес маршрутизаторлар қандай ақпаратпен алмасқандарын және оларға жіберілген және олардан қабылданған пакеттердің санын қарап қорытынды жазыңыз.