1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 4



бет8/20
Дата07.03.2023
өлшемі132,96 Kb.
#72394
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
КЖ зертхана

RIP хаттамасының құрылымы.
RIP қашықтық векторы бойынша маршрутизациялау хаттамасын бейнелейді, ол транзиттік бөліктер саны ретінде маршруттық шығындарды анықтайтын кластық принципке негізделген. RIP жаңарту жайлы хабарды тұрақты интервалмен және желі топологиясының өзгерісі кезінде таратады.
Маршрутизаторда RIP хаттамасын қосу үшін RIP хаттамасын бірінші маршрутизатор конфигурациясына енгізу қажет, ал сосын қай желіде жұмыс істейтінін көрсету керек. Мысалы, егер 172.16.0.0 желісі үшін RIP-ті орнату керек болса, онда конфигурация режимінде келесіні енгізу керек:
Router(config)#router rip
Router(config-router)#network 172.16.0.0.
3 Статикалық маршрутизация.
Статикалық маршрутизация кезінде кестелер қолмен құрылады және жаңартылады. Мұндай маршрутизация кезінде маршруттың өзгерісі басқа маршрутизаторларға бұл жағдай жайлы автоматты хабарлауды іске асырмайды. Мұндай өзгерістер кезінде администратордың өзі керекті модификацияларды маршруттық кестеге ендіруі керек.
Статикалық маршрутты баптау үшін конфигурациялау режимінде орындалатын ip route командасы қолданылады:
ip route желі маска адресс/интерфейс [қашықтық],
мұнда: желі- қабылдаушының желісі немесе ішкі желісі (subnet); маска – желіасты маскасыадресс – десте жолындағы келесі нүктесіндегі маршрутизатордың ІР-адресі; интерфейс – дестені алушының желісіне кіру үшін қолданылатын интерфейс; қашықтық – административті қашықтық.
Мысалы, 172.16.40.0 адресті қашықтық желіге статикалық маршрутты орнату үшін келесі команданы енгізу керек:
ip route 172.16.40.0 255.255.255.0 172.16.20.2
немесе
ip route 172.16.40.0 255.255.255.0 serial0.
Осылайша, маршрутизатор 172.16.40.0 желісіне арналған дестені қабылдаған кезде, келген дестені IP-адресі 172.16.20.2 болатын маршрутизатормен байланысқан өзінің serial0 интерфейсі арқылы бағыттау керектігін біледі.
Үнсіздік бойынша маршрутизацияны құру (маршрутизация по умолчанию).
Әрбір маршрутизаторда міндетті түрде маршрут үнсіздік бойынша берілуі керек, әйтпесе тағайындау желісі анықталмаған дестелер шығарылып (жойылады) тасталады. Маршруттың үнсіздік бойынша тағайындалуы статикалық маршрутизация кезіндегі команда бойынша орындалады, бірақ желі және маска мекен-жайлары нөлге тең болады. Мысалы, егер маршрутизатор соңғы желілері белгісіз барлық дестелерді 172.16.20.2 ІР адресі бойынша жіберілуі керек болса, онда мынаны енгізу керек:
ip route 0.0.0.0 0.0.0.0 172.16.20.2.
4 Passive және neighbor командалары.
Рassive командасы берілген интерфейс арқылы кез-келген өзгерістерді таратуға тыйым салу үшін қолданылады. Көп жағдайда, бұл команда Интернет глобалды желісіне қосылған интерфейске қолданылады. Мысалы, serial0 интерфейсі Интернетке қосылған болсын, онда ол келесі жолмен іске асырылады:
Router(config)#router rip
Router(config-router)#network 172.16.0.0
Router(config-router)#passive serial0
Router(config-router)#^Z
Router#.
Егер бір фирманың екі кеңсесі Frame Relay желісі бойынша қосылса, онда ол бойынша кең хабарламалық RIP хабары берілмеуі керек. Олай болмауы үшін neighbor командасын қолдану қажет.
Router(config)#router rip
Router(config-router)#network 172.16.0.0
Router(config-router)#neighbor 172.44.51.2
Router(config-router)#exit
Router(config)#^Z
Router#.
Бұл мысалда маршрутизатор кең хабарламалық RIP хабары берілген нақты WAN (біздің жағдайда - Frame Relay) форматына инкапсулдайды және 172.44.51.2 мекен-жайдағы маршрутизаторға таратады.
RIP хаттамасының жұмысының дұрыстығын тексеру үшін 1-ші кестеде көрсетілген командалар қолданылады.
1 кесте – RIP хаттамасын бақылау командалары

Команда

Түсіндірме

show ip route

Маршрутизация кестесін көрсету.

show ip protocol

Таймер туралы, RIP желісі туралы және маршрут туралы ақпаратты көрсету.

show ip interface

Интерфейс конфигурациясын көрсету.

debug ip rip

RIP ауытқуын қосу.

Trace

Маршрутты трассирлеу.

5 Бір облыста жұмыс істейтін OSPF хаттамасын баптау.
OSPF (Open Shortest Path First – ең қысқа жолды бірінші ашу). Мұндай құралдармен қамтамасыздандырылған IGP маршрутизациялаудың иерархиялық алгоритмі, жол бойындағы шығын көрсеткіші ең төмен маршрутизация, бірнеше маршрут бойынша маршрутизация және жүктеудің бірқалыпты бөлінуі.
Маршрутизаторда OSPF конфигурациялау кезінде OSPF процесі идентификациялық нөмір бойынша анықталады (ID-процесс). Идентификациялық нөмірлер автономды жүйелер нөмірі болып табылмайды, сондықтан OSPF-ң бөлек облысының шегінде әмбебап болмауы тиіс. Процесс нөмірі маршрутизаторда OSPF хаттамасы жұмыс істейтіні жайлы хабарландыру үшін ғана қызмет етеді. Төменде командалар синтаксисі көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет