1 Зертханалық жұмыс. Cisco маршрутизаторымен және оның пайдаланушылық интерфейсімен танысу 4


Енуді басқару тізімі жайлы ақпаратты қарау



бет13/20
Дата07.03.2023
өлшемі132,96 Kb.
#72394
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
КЖ зертхана


2.3 Енуді басқару тізімі жайлы ақпаратты қарау 

Show access-list командасын енгізе отырып, қатынас құру тізімінің белгілі бір жолына «тұтылған» дестелер санын көруге болады. Ендеше, енуді басқару тізімі жоғарыдан төменге қарай қарастырылатынын ескере отырып, барынша жиі қолданылатын жолдарды енуді басқару тізімінің басына қою арқылы дестелерді сүзгілеу жұмысының тиімділігін арттыруға болады.
Тұтылу есептеуіштерінің көрсеткіштерін жинау үшін clear access-list counters {тізім нөмірі} командасын енгізу керек.
Енуді басқару тізімдерінің қайсысы қай интерфейске қатысты екенін білу үшін show interface {интерфейс аты} немесе show running-config командаларын қолдану қажет.
3 Жұмысты орындау тәртібі
1 Кіріс/шығыс дестесін сүзгілейтін 10 нөмірлі енуді басқару тізімін құрыңыз.
2 Құрылған енуді басқару тізімін интерфейске байластыруды өткізіңіз.
3 ip access-group 10 қатарындағы in/out параметрін қолдана отырып, дестелерді сүзгілеу болатынын көрсетіңіз.
4 Интерфейс асты режимнен шығыңыз.
5 Бір желіастының барлық хосттарына Интернетке шығуға рұқсат беретін 150 нөмірлі енуді басқару тізімін құрыңыз.
6 Өзіңіздің топологияңызға қатысты енуді басқаратын тізімді жобалаңыз.
7 Энергияға тәуелсіз жадыға конфигурацияны сақтаңыз.
8 Енуді басқару тізімі жөнінде ақпаратты қараңыз.
9 Енуді басқару тізіміндегі жолдарына «тұтылған» дестелердің санын қараңыз.
10 150 тізімі үшін «тұтылу» есептеуішін нөлдеңіз.
11 «Тұтылу» санын қайта қараңыз.
12 Ethernet 0 интерфейсі жайлы ақпаратты қараңыз.
13 Қазіргі конфигурацияны қараңыз.
14 ping және telnet командасын қолдана отырып, құрылған енуді басқару тізімінің жұмыс істеу қабілетін тексеріңіз.
4 Бақылау сұрақтары
1 Енуді бақылау тізімін құру принциптері.
2 Стандартты енуді басқару тізімі. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
3 Кеңейтілген енуді басқару тізімі. Қандай протоколдар бойынша сүзгілейді?
4 Енуді басқару тізімінің жұмыс істеуінің блок схемасы.
5 Енуді басқару тізімін құру барысында қолданылатын терістелген маска және кілттік сөздер.
6 Желіаралық экрандар және олардың түрлері. Желіде қолдану орындары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет