1 OSPF хаттамасын баптау 1 RIP хаттамасын жойып, орнына OSPF байланыс арнасы күйінің хаттамасын орнатыңыз. Желінің статикалық маршрутизация құрылған бөлігіне тимеңіз. RIP хаттамасын жою үшін no router rip командасы глобалды конфигурация режимде қолданылады.
2 OSPF-ты орнату үшін әдістемелік нұсқауға жүгініңіз, ID-процесс орнына 1, ал ID-аймақтық ретінде 10 санын қолданыңыз.
3 RAM-нан NVRAM-ға конфигурацияларды сақтаңыз.
4 Маршрутизаторлар арасындағы желі жұмысын ping командасын қолданып тестілеу және зерттеу қажет.
5 OSPF хаттамасының жұмыс ерекшелігін show ip ospf, show ip ospf interface, show ip ospf border-routers командаларын қолданып анықтап және RIP хаттамасының жұмыс істеу сипаттамаларымен салыстырыңыз.
6 Telnet командасының көмегімен көршілес маршрутизатормен қашықтан байланысты ұйымдастыру және көршілес маршрутизатордың конфигурациясына кейбір өзгерістерді ендіру қажет.
4 Бақылау сұрақтары 1 Динамикалық және статикалық маршрутизация.
2 RIP протоколы. Маршрутизациялаудағы бұғауды болдырмау механизмдері (poisoned reverse, split horizon, hop-count limit), RIP пен IGRP салыстыру.
3 SPF алгоритмі. OSPF протоколы. Аймақ типтері (Backbone area, Stub area, NSSA area), LSA типтері, байланысты орналастыру механизмдері.
4 IS-IS протоколы. Жұмыс істеу принципі
5 IGRP және EIGRP протоколдары. Жұмыс істеу принциптері
6 Циклдық маршруттарды жою амалдары.
7 Маршрутизация протоколы және маршрутталатын протоколдар.
4 Зертханалық жұмыс. Енуді басқару тізімі (ACL) Жұмыс мақсаты: маршрутизаторда дестелерді сүзгілеуді енуді басқару тізімін қолдану арқылы құруды үйрену.
1 Жұмыс тапсырмасы 1 Сіздің желі топологиясы үшін енуді басқару тізімін құру жоспарын құрастыру және де осы жоспарды жүзеге асыру қажет.
2 Маршрутизатордың белгілі бір интерфейсі арқылы енетін дестелерді сүзгілейтін стандартты енуді басқару тізімін құру.
3 Маршрутизатордың белгілі бір интерфейсі арқылы шығатын дестелерді сүзгілейтін стандартты енуді басқару тізімін құру.
4 Сіздің серверіңіздің орналасуына байланысты белгілі бір маршрутизатор портын таңдай отырып, кеңейтілген енуді басқару тізімін құру.
5 Енуді басқару тізімі туралы ақпаратты көру.
6 Қатынас құру тізімін жұмыс мүмкіндігіне тексеру.