Қорытынды. Сөзімді қорыта келе, Авиценна мен Гиппократтың еңбектерінде
ешкі сүтінің емдік қасиеті туралы дұрыс айтылған екен. Нәруыздық, майлылық,
дәрумендік құрамы бойынша оған ешбір ауылшаруашылық жануарының сүті теңесе
алмайды екен. Ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алу қасиеті мол. Ол
анемияда, аллергияда, туберкулезде, ағзада ауыр металдардың тұздарымен
радинуклеоидтерді шығаруға аса пайдалы.
Ешкі сүті адам ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріне жақсы сәйкес
келеді. Оның майы мен нәруызының құрылымы әйелдердің емшек сүтінің
құрылымына аса жақын. Ешкі сүті жақсы қорытылып, ас қорыту жолдарына аса
салмақ түсірмейді. Бұл өсу үстіндегі бала ағзасы мен егде жастағы адамдар үшін өте
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
73
маңызды. Ешкі сүтінің химиялық құрамы оны аса бағалы тағамдар қатарына
жатқызып, көпшілік тұтынатын тағам түрінде ғана емес, түрлі аурулардың алдын
алу мақсатында пайдалануға мүмкіндік беретінін ескерген жөн. Ешкі өсіру өте
тиімді болғандықтан қолынан іс келетін азаматтар кәсіп көзіне айналдырса дұрыс
болар еді.
Ұсыныс. Ешкі сүті пайдалы тағам өнімі ретінде қолданылса; тұрғындар ешкі
өсіруді кәсіп көзіне айналдырса.
КЕҢЕСХАНОВА Ардана Дарханқызы,
Асусай орта мектебінің 4 сынып оқушысы, Асусай ауылы,
Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: НУРСАФИНА Айша Нуркасымовна,
Асусай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Асусай ауылы,
Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
СИЫР ЖӘНЕ ОНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
Зерттеу жұмысының мақсаты: сиырдың адам өміріндегі маңызы, пайдасы
жайлы зерттеу, талдау, мағұлматтар жинақтау, оқып үйрену.
Міндеті: сиыр, сиырдың шығу тегі туралы толық мәліметтер беру.
Зерттеу көздері: баспасөз материалдарымен танысу; кітапханалармен
байланыс жасау, энциоклопедиялармен жұмыс істеу; ауылдағы мал дәрігерлерімен
пікірлесу, практикалық көмектер алу.
Кіріспе. Халқымыз ежелден-ақ төрт түлік мал – түйе, жылқы, сиыр және қой-
ешкіні қолға үйретті. Олардың етін-сүтін, тері-жүнін, басқа да өнімдерін қажеттеріне
жарата білген.
Қазақтың ен даласын мекендеген көшпелі қазақтың асыраушысы болған
жануарларының бірі – сиыр. Сиыр – сүткоректілер класының жұп тұяқтылар
отрядына жататын жануар. Ірі қараның арғы ата тегі ертеде Еуразия құрлығының
далалы, орманды өңірінде таралған жабайы түрі. Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын
Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Денесі – ірі тұлғалы, биіктігі –
2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталған ұзын ХVII ғасырдың басында
біржола жойылған.
Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген.
Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық әр түрлі қол тұқымдары өсіріледі.
Мысалы: Қазақстанда Қырдың қызыл сиыры, Әулиеата сиыры, Алатау сиыры, қара-
ала сиырлар өсіріледі. Сиыр шөптекті өсімдікпен қоректенеді, су ішеді.
Қазақстандағы жануарларды зерттеу ХI ғасырда басталды. ХI ғасырда Махмұд
Қашғари тәрізді ғұлама ғалымдар республикамызда мекендейтін жануарлар туралы
жазба деректер қалдырды.
Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақсарбас сиыры жатады.
Сиырдан алынатын негізгі өнім сүті мен еті болғандықтан, қолтұқымдары 2 бағытта
өсіріледі. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа
және біртегіс жалтылдап тұрады. Салмағы 500-550 кг тартады. Англиядан әкелінген.
Сиыр орташа 15-20 жыл жасайды. Жылына орта есеппен 16-20 мың литр сүт
сауылады. Атақты орыс ғалымы Иван Петрович Павлов: «Сүт – табиғаттың өзі
дайындап берген өте құнды тағамы», - деп жоғары бағалаған.
Біздің ауданымыз – Тарбағатай ауданы өзіндік сұлулығы мен ерекшелігі бар
аймақ. Топырағы аса құнарлы болмаса да, осы аймаққа, жергілікті жерге
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
74
бейімделген қырдың қызыл қасқа сиыры өсіріледі. Салмағы орта есеппен 400-450 кг
тәулігіне 10-12 литр сүт береді. Малдан өнім алу үшін жұмсалатын азық мөлшері де
әр түрлі болады. Сондықтан тәулігіне 13 литр сүт беретін сиырға құрама жем 400
грамм берілуі керек. Сүті көбейген сайын, сиыр құрамы дұрыс есептелінген азық
жеуі қажет.
Тұқымы
Орташа сүттілігі (кг)
Сүттің майлылығы (%)
1. Алатау сиыры
2. Әулиеата сиырлары
3. Қырдың қызыл сиырлары
4. Қара ала сиырлар
3813
3614
3082
3721
3,7
3,71
3,77
3,74
Тәуліктік азықтық құрамына кірген азықтарда қанша азықтық өлшем және
ақуыз барлығын есептеп, оны өлшеммен салыстырып, жетпейтін қоректік заттарды
құнарлы жеммен толықтырады.
Азық түрлері
Мөлшері (кг)
Азықтық өлшем (кг)
Ақуыз (г)
Сұлба сабаны
Беде пішені
Күнбағыс сүрлемі
Зығыр күнжарасы
Ірі тартылған бидай
кебегі
Арпа
5
6
20
1
2
3
1,6
3,1
3,2
1,2
1,4
3,4
55
330
140
260
216
243
Барлығы:
36
13,9
1244
Сиырда кездесетін ауру түрлері және оларды емдеу жолдары. Аусыл –
малдың аузын, кейде желіні мен аяқтарына күлдіреуіктер (афталар) шығарып
зақымдайтын, оның ыстығын көтеріп, бүкіл денесін улайтын, өте жіті өтетін
арнаулы сүзгіш вирус тудыратын аса жұқпалы ауру.
Қысқаша тарихы. Аусылдың жұқпалы ауру екендігі алғаш Италияда 1546
жылы айқындалды. Мәселен, осы ауру әлемнің 67 мемлекетінде кездессе, ол АҚШ,
Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия елдерінде кездеспеген. Ал Қазақстанда
аусылдың таралуы 1926 жылдан бері бұл індет республикамыздың барлық
облыстарында кездеседі.
Мен тұратын ауылда 2014 жылы ақпан айында жаппай ауылда сиыр малы
аусылмен ауырды. Сондықтан өзім көзіммен көрген ауруды жаздым.
Ауру қоздырғышы – рибонуклеин қышқылынан (68,5%) түзілген, сырты
белок қабықшамен қапталған сүзілгіш вирус. Аусыл жұққан соң 13 сағат өтісімен
ауру малдың сілекейінде вирус араласа бастайды, демек осы кезден бастап сау малға
сілекей арқылы жұға бастайды. Вирус ауру малдың сілекейі мен нәжісінде быжынап
жүреді.
Ауру белгілері – 14-21 күнге дейін созылады. Малдың тәбеті қашады, күйіс
қайтаруы бәсеңсіп, аузынан көбік аралас, қою сілекей шұбырады. Мал ыстығы
көтеріліп (40-41
0
С) жабығады, азықтан бас тартады, күйсемей қояды.
Емдеу жолдары: ауыздың ішін сірке қышқылының 2% ерітіндісі қосылған
сумен немесе 1:1000 есе сұйытылған марганец қышқылды калий ерітіндісімен жиі-
жиі шайып отыру қажет. Ауыз іші қатты зақымданса, жараларды тез жазу үшін
құрамында анестезин (2,5 г), новокаин (2,5 г) тотияйын (5 г), балық майы (20 г),
Вазелин (70 г) сүртпе май жағады. Сондай-ақ ауру малға бициллин, биомицин
сиырдың салмағына қарай әр килограмына 0,15-0,20 мл екпе сан еттен жіберіледі.
Қазақтың аусыл ауруына байланысты қолданатын емі кәдімгі қара тұзбен
сиырдың аузын ысу. Тәулігіне 1-3 рет ысу керек.
Аусылдан арылу шаралары:
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
75
1. Мал дәрігерлік санитарлық тәртіп қатаң сақталу керек.
2. Карантин жариялау.
Қорытынды бөлім. Біз зерттеу жұмысы барысында сиырдың шығу тарихын,
биологиялық ерекшелігін, одан алынатын өнімдер, күтіп-баптау әдістерін,
аурулардан емдеу жолдары туралы мәліметтер жинақтадық.
Сиыр сүтінің пайдасы – оның құрамында адамның ағзасына өте қажетті
қоректік заттардың бар екендігі. Сиыр сүтінен жасалатын тағам түрлері: құрт, май,
ірімшік, сүзбе, қатық, айран, кілегей.
Атауы
Ақуыз
Май
Көмірсу
Құндылығы
«Одари» сүті 3,2%
2,8 г
3,5 г
2,8 г
49 ккал
Сиырдан алынған сүт
3,2 г
3,77 г
3,3 г
85 ккал
Малмен көзін ашқан қазақ қай уақытта болмасын қысы-жазы малды семірту
мақсатында шөбі шүйгін жерлерде бағып, күтіп-баптап ұстаған болатын. Сиырдан
алынатын өнім түрлерінен тағам дайындау жолдарын білдік.
Өнім түрлерін ауылды жерлерде аналарымыз істеп, алуан түрлі тағамдар
дайындайды. Сыныптастар арасында сауалнама жүргізу арқылы сиырдан алынатын
өнім түрлері ауылды жерде көп тарағанын дәлелдеп білдік.
Елбасының әрбір Жолдауында ауылшаруашылығына көптеп мән беріп келеді.
Ауылды көркейтуге, мал басын өсіруге байланысты мемлекет қазіргі күні адамдарға
субсидия беріп, мал басын өсірумен айналысуда. Қаржы алып, ауылымызда ірі қара
өсірумен айналысып жатқан адамдар көптеп саналады. Сиырды өсіріп, көбейту кез
келген адамның қолынан келеді.
Сиыр малында кездесетін ауру түрлеріне ауылымызда 2014 жылы шыққан
аусыл ауруы оны емдеп жазу жұмысын жүргізген мал дәрігерілерінің жұмыстарын
білдік. Зерттеу жұмысы өз мақсатына жетті.
4 сынып оқушыларының сиырдан алынатын өнім түрлерін пайдалану кестесі
Сиырдан алынатын өнім түрлерінің адамға пайдасы. Айран ішкен
денсаулыққа пайдалы.
Жазда қайнатып алған құртты өреге жайып, кептіріп алу керек. Қыста астауға
салып, езіп ішсе, көптеген ауруларға бірден бір ем. Әсіресе адамдар тұмаумен
ауырғанда кешке жатарда 1 кесе құрт ішетін болса, адамды терлетіп, суықты
шығарады. Аязды күндері жиі пайдалансақ, суық тигізбейді.
Сүтті қайнатып, бал қосып ішсе, адамды терлетіп, жөтелін басады. Қайнаған
құртты сүзіп қойса, сары суы ағады. Бұл сары сумен шашыңызды жусаңыз,
0%
10%
20%
30%
40%
50%
60%
70%
80%
90%
100%
сиыр еті
май
құрт
ірімшік
айран
сүт
Ряд1
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
76
шашыңызда қайызғақ болмайды, шаш жылтырып әрлене түседі, әрі қан қысымы
ауруы болмайды екен.
Машиналардың моторына сары суды құйып қойса, ішіндегі тотты алып қояды,
әрі ішін тазалайды. Қақ тұрып қалған ыдыстарға сары суды құйып, бірнеше күн
қойса, қақты алып қояды.
Әдебиеттер
1 Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. Қазақстандағы жануарлар әлемі. – Алматы:
Кітап, 2004.
2 Қайым Қ., Сәтімбеков Р., Әметов Ә. Биология оқулықтары. – Алматы:
Атамұра, 2007.
3 Жамалов Б. Ірі қара аурулары. – Алматы: Қайнар, 1975.
4 Оразбеков Ж. Мал шаруашылығы негіздері. – Алматы: Рауан, 1997.
ҚАЗБЕК Әмірхан,
Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
кадет мектеп-интернатының III взвод курсанты, Павлодар қаласы,
Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: РАЙЫМЖАНОВА Назымгүл Елубайқызы,
Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
кадет мектеп-интернаты «Биология» пәнінің мұғалімі,
Павлодар қаласы, Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚТАҒЫ БАҚСЫЛЫҚ
Халықтық дәстүр дүниетанымның, идеологияның, мінажаттық ғұрыптардың,
емдеу практикасының қалыптасуына әсер етті. Қазақстан өз тәуелсіздігін
жариялағаннан кейін, кеңес заманында қудаланып, ұмыт бола бастаған дүниелеріміз
жаңғырып, өз халқымен қайта қауышты. Сол жәдігерлеріміздің бірі – бақсылық.
Атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп келе жатқан осы қасиетті ғылыми түрде
талдауға ғылыми жоба көлемі көтергенше талпыныс жасалды.
Бақсылық институты – ғылымда түбегейлі зерттеліп, тарихи тамырлары мен
адам қоғамындағы орны жете анықтала қоймаған. Бақсы деген сөздің шығуы
көбінесе «бағу» – ауруды бағу, емдеу, қарау ұғымдарымен байланыстырылады. В.В.
Бартольд кезінде өзбек тіліндегі бақсы сөзін санскриттік «бикшу» ұғымымен
байланыстырып: «Алғашында ол буддистік тақуаның аты болып, кейіннен
шамандык емші-балгерді де білдіретін болған», - дейді [1]. Моңғол тарихын
зерттеуші Б.Я. Владимирцовтің пікірі бойынша, «бахши» сөзі моңғолдардан
шыққан, ол сауатты, тәлімгер дегенді білдіреді [2].
Түркімен, жартылай көшпелі өзбектер мен қарақалпақтар тілінде бахши сөзі
«жырау», «ақын» деген ұғымды білдіреді. В.Н. Басиловтың пікірі бойынша да, бақсы
сөзі бертін шыққан болуы керек, ол ең арысы XIV ғасырдан бастап кездеседі [3].
Өзіндік өмір танымы, философиясы, рәсім-жоралары, өзіндік негіздемелері бар
бақсылық дүниетанымның, көзқарастың мән-жайына назар аудару да қажеттіліктен
туып отыр. Қазақ даласындағы бақсылар негізінен ауру-сырқауларды емдеумен
айналысқаны белгілі. Қобыз, домбыра тартып, науқас адамның рухани күш-жігеріне
қозғау салатын айрықша дарынмен өнер көрсете білген. Әрине, «зікір салған кезде
жындарын шақырып, сосын құдайға, одан соң аруақтармен қорқытатын» бақсылық
сарынды діни сенімдік көзқарастық жүйемен салыстыруға болмайды.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
77
Қазақ халқының бақсылық ілімі дүниежүзілік шамандық іліммен тығыз
байланыста дамыған. Сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері мен бірліктері де
баршылық. Жалпы ұқсас қырлары: шамандық ілімнің идеялары, яғни, зиянды және
зиянсыз рухтардың барлығына сену; табиғатты терең сезіне білу мен оның
кереметтеріне иланудың қажеттілігі; өмір мен өлім қатынасы; жаратылысқа
қатынасы; табиғат пен өлген ата-бабаларының рухын қасиеттеулері. Шамандық
ілімінің шығуы жөнінде Д. Банзаров былай деген еді: «Монғолдардың қара діні,
ертедегі көптеген діндердің шығуымен бірдей жағдайда пайда болған. Сыртқы дүние
– жаратылыс, ішкі дүние – адамның рухы – шыққан негіз осы». Яғни, шаман ілімін
ұстанған адам сыртқы жаратылысқа – күнге, айға, аспан тәңірісіне табынатын.
Адамның жаны, қабілеті, ақыл-ойы әр нәрсені құмартады, осыдан келіп тірі рух –
бақсыға, о дүниелік рух – аруаққа табынған. «Шаманизм» деп белгілі бір
дүниетанымдық түсініктер жиынтығын, нанымдық жүйені ұғынсақ, «шамандық» деп
бақсы мен оның ойынына қатысты атрибуттарды айтамыз.
Көне Сібір халықтарында, көне түріктерде, одан бертінгі уақыттарда да
бақсының «қам» деп аталғаны белгілі. Бас бақсыны «ата қам» деп лауазымдайтын
болған. Сібір халықтарында шаман іліміне қатысты «делбеші», «бұғұ», «қам» деген
сөздер әлі де бар. Бұл сөздер қазақ тіліндегі «қамдану», «қамығу», «қамқор болу»,
«қамшылау», «делебесі қозу», «бұғу» сөздерімен тамырлас екен [4]. Ал, біздегі бақсы
сөзінің қайдан шыққандығы жөніндегі пікірлерді кезінде Ш. Уәлиханов, В.
Бартольд, В. Радлов, А. Диваев т.б. ғалымдар айтқан. Бақсы этимологиясы туралы
сөз болғанда көбіне аталған ғылымдардың пікірлеріне сүйенеміз. Сөйтсе де, бақсы
сөзінің түбірін «бағу», «күту», «емдеу» сөздерімен байланыстырған И.
Чеканинскийдің тұжырымы біздіңше дұрыстау сияқты.
Қ. Шүленбаевтың және Ә. Төлеубаевтың еңбектерінде бақсылар жөнінде
толымды пікірлер бар. Жалпы, бақсы – шамандық іліміндегі басты тұлға. Ол – діни
культті атқарушы, оны іске асырушы. Сондай-ақ басқа әлеуметтік құбылыстар
сияқты бақсылық та бір орнында қатып қалған құбылыс емес, оның да туу,
қалыптасу, даму, жоғарылау, тоқырау, қайта қалпына келтірілу кезеңдері бар. Соған
сәйкес бақсының қоғамдағы орны да, атқаратын қызметі де, ол жөніндегі түсініктер
де әртүрлі болуы мүмкін. Бізге бақсылық ілімнің даму барысының төрт түрлі сатысы
белгілі:
1. Үй ішіндегі бақсылық – рулық қауымға дейінгі сатысы;
2. Маманданған бақсылар – әлі де болса әлеуметтік қоғаммен тығыз қарым-
қатынастағы топқа айналмаған.
3. Рулық қоғамдағы бақсылық ахуал – олардың экономикалық және әлеуметтік
ықпалының күшеюі.
4. Дамыған тайпалар кезеңіндегі бақсылық ықпалының әлемдік діндердің
тегеуріндеріне сай ыдырай бастауы [5].
Бақсылықтың бұл түрі, әсіресе қазақ қауымына тән. Мұндағы маңызды мәселе
бақсылықтың өз дәуірінде халықтың жалпы танымдық процесінің даму барысына
қарай өркендеп, өз әлеуметтік қызметін шегіне жеткізе, межелі сатыға дейін
атқарғанын көреміз. Бақсыға «врач», «чародей», «волшебник», «колдун», «знахарь»,
«лекарь», «прорицатель» деген түсінікпен қараған. Сол алғашқы бақылаулардан-ақ
XIX ғасырдың басына дейін қазақ бақсылығының әрекеттік аясы емдеу, болашақты
болжау, жоғалғанды іздеу тәрізді қызметтермен шектелетінін байқаймыз. Сонымен
бірге, саяхатшылар бақсылардың құрбандыққа мал шалып, «сиқырлы өлеңдер»
айтатынын аңғарған [6]. Мұндағы сиқырлы өлең деп отырғандары бақсы сарыны
екендігіне күмән болмаса керек.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
78
Ал, бақсылардың әлеуметтік өмірдегі орнының XIX ғасырдың соңына қарай
тарыла түсуінің себептері: қазақ даласын билеудің жаңа ережелеріне сәйкес
бақсылыққа заң жүзінде тиым салынды; мұсылмандықтағы аруақ шақырудың
шариғат талаптарына қайшы келуінен бақсыдан көмек сұрау күнә болатыны жайлы
уағыздардың ықпалынан; қазақ даласында етек жая бастаған орыс медицинасының
да бақсылыққа қарсы үгіт жүргізуінен.
Негізі, бақсының емшілік қызметі екі жолмен жүргізілген – тәннен зиянкесті
қуу; ұрланған жанды тәнге қайтару. «Бақсы – өзінің білімді, сиқырлы талантымен
өзгеден ерекше биік тұратын адам. Ол – ақын, әрі сәуегей, әрі емші. Сонымен бірге,
кез келген адамның ақын бола алмайтыны сықылды кез-келген адам бақсы да бола
алмайды» [7]. Яғни, бақсы болу үшін жынның да, пірдің де көмегінен бұрын табиғи
дарын күші қажет екендігін байқаймыз. Бақсының қасиетті негіздемелері, киелі
саналатын аспаптары, сыртқы киім киісіндегі айрықшылықтары, ерекше сөз
саптаулары көптеген филологиялық, лингвистикалық ізденістерде кең түрде
зерттелген.
Біздің бұларға қоспағымыз, мұнда нақты жағдайлардағы бағдар және жеке
адамның тәжірибесі мен ұжымдық тәжірибені үйлестіретін, өмірде сыналған тәртіп
үлгілері бар. Яғни, бақсылық әрекеттегі адам – жеке тұлғалық, әлеуметтік және
қоғамдық жауапкершіліктің жүгін көтере алған адам. Өз қызметі арқылы тән мен
жан тазалығы, қуаты үшін күрес жүргізу жауапкершілігі жоғары, рухы берік,
нанымы тастай түйілген, азаматтық борышты мүлтіксіз атқарушылықты талап етеді.
Негізінде бақсылық ілімдегі жын мен перілер қазіргі көзқарастарда
айтылатындай, тек қана ойдан шығарылған көзсіз наным-сенім, адасулар емес. Шын
мәнісінде олардың біздің санамыздан шығып қалған нақты тарихи себептерінің
болғандығы анық. Тарихи тұрғыдан қарасақ, ол «ертеден келе жатқан әдет-ғұрып,
салт-сананың қайнар көзі, қазір біз шамандық – ескі наным деп атап жүрген, кезінде
бүкіл халық табынған дін еді» [8].
Шығыстағы бүкіл қоғамдық өмір мен қайта өрлеуді тек «мұсылмандық
дүниенің» көрінісі ретінде дағдыланған әдеттің қателігі де осында деген пікір дұрыс
айтылған. Оның үстіне «тек арабтар, парсылар ғана емес, түркілер де өз халқының,
жалпы әлемдік мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан» [9] деген Г.Э. Фон
Грюнебаумның орынды ескертпесін айта кеткен жөн:
1. Бұл ілімде ислам немесе христиан дінінің түсініктеріндей күнә мәселесі,
догмаларындағы жұмақ және тозақ түсініктері де болмаған.
2. О дүниелік өмір осы дүниедегі өмірдің жалғасы болып есептелінген. Өлген
адамның жанының жақсы немесе нашар болуы оның артында қалған туыстарының
оны құрметтеуіне байланысты деп түсінген.
3. Құдай туралы түсініктері де әлемдік діндердегідей мағынада емес. Қазақ
арасында «Ұра берсең құдай да өледі», «шұнақ құдай» т.б. баламалар соны білдірсе
керек [10].
Ислам мен христиан дініндегідей емес, бақсылық ілімінің ұғымында көк
Тәңірінің ықпалы тек тірі адамға ғана қатысты. Ал, өлген адамның өзі еркін тәңірі
болып саналып, барлық күнәларынан тазарып, артында қалған ұрпағына игілікті әсер
ете алатын дәрежеге жететін болған. Мұндағы маңызды нәрсе ата-бабалар аруағы
тек демеуші ретінде емес, құдіретті Көк Тәңірісі алдында өкіл, қолдаушы болып
табылатындығында.
Ескере кететін мәнді бір мәселе – бақсылық ілімнің өміршеңдігі: күнделікті
әдет-ғұрыпқа сіңісіп, оның діни ілімі дәстүрлі салт-санамен араласып, әдет-ғұрып
қайсысы, діни дәстүр қайсысы екенін ажыратудың аса қиындық келтіретіндігі.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
79
Бақсылық наным-сенімдерді саралаудағы мақсат, белгілі дінтанушы С.
Токаревтың сөзімен айтқанда «халықтар санасының түгел мазмұнын фантастикалық
түсініктерге теңейтін болсақ, осы халықтардың рухани дүниесін сыңар жақты, теріс
сипаттаған болар едік. Алайда, олардың әлеуметтік санасында фантастикалық,
басқаша айтқанда, діни-магиялық түсініктердің болғандығын және маңызды рөл
атқарғанын теріске шығарғанымыз да қателік болар еді», оның үстіне «табиғат пен
мәдениеттің арасындағы ерекше қарым-қатынастың түрі мәдениеттің тарихи
қалыптасуының ерекше түрін ұсынатындығын» ескерсек, бақсылық наным-
ілімдерінің рухани мәдениетіміздің іргетасын қалаудағы жауапкершілікті маңызын
тереңірек сезінер едік. Сөйтіп, тарихтың тиянақты даму барысында қалыптасқан
діни наным-сенімдердің халқымыздың ішкі жан дүниесіне әсер еткен мәселелері
өміріміздің
бүгінгі
жағдайындағы
адами
жауапкершілікпен
сабақтасып
жатқандығына кезіміз жетер еді. Жауапкершілікті негізде құралған руханилық әр
халықты толық сақтап қалатын және өмір сүру құқын дәлелдейтін бастау бұлақ [11].
Жалпы ғылыми әдебиетте «шаманизм» және «шаманство» деген түсініктер бар.
«Шаманизм» деп әдетте бірқұдайлык дінге дейінгі көпқұдайшылық, түрлі рухтар
мен иелерге сенетін діни сенімдер мен дүниетаным, идеологияны атайды. Ал
«шаманство» түсінігі бақсы-балгерлердің емдеу, бал ашу, сәуегейлік іс-әрекетіне дәл
келеді. Біздің ғылыми еңбектегі негізгі нысаны – осы «шаманство» мағынасындағы
бақсылық.
Түркі жұртының алғашқы бақсысы, дана абызы, ұлы сазгері Қорқыт саналады.
Қорқыттың бақсылық қасиеті әсіресе қазақ арасында жақсы сақталған. Қазақтың
ертедегі ірі бақсылары Қорқытты өздерінің ұстазы, пірі, әулиесі санаған. Қазақ
арасында Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер көп сақталған. Олар: «Қорқыттың өлімге
қарсы тұруы», «Қорқыттың өлімнен қашуы», «Қорқыттың өлімі», «Қорқыттың
Әзірейілмен алысуы», «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Тәңірі биі», «Қорқыт
туралы аңыздың бір түрі».
Қорқыттың бақсылыққа жақындайтын ең бір жарқын қасиеттерінің бірі – оның
қобызшылығы. Қорқыт қобызды алғаш рет өз қолымен жасап, оны түйенің терісімен
қаптаған. Алғаш қобыз күйлерін шығарған да Қорқыт деп есептеледі. Қобызға дауыс
қосып сарын айту дәстүрі Қорқыттан бастау алса керек. Қорқыттың бізге жеткен
күйлері: «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Тәңірі биі»,
«Арыстан баб», «Ұстаз», «Аққу», «Ұлардың ұлуы», «Кілем жайған», «Қоштасу»,
«Желмая», т.б. [12].
Қорқыттың өлімнен қашуы, қайтсе өлмеудің жолын іздеуі, одан дауа іздеуі
әфсанасында бақсылықтың түпкі идеясы жатыр. Сондықтан да қазақтың кейінгі
атақты бақсылары Қойлыбай, Балақай, Қара мырза, Жаман сарт, Шүмен, Досжан
өлімге қарсы күрескенде Қорқыт күйлерінің сарындарын тартқан.
Шыңғыс ханды хан етіп жариялау керектігін, Көктің әмірі екендігін жеткізген
қоңырат руынан шыққан Көкше бақсы деген екен. Ол ақбоз атқа мініп, әр түні:
«Көкке ұшып келем, көк Тәңірден хабар алып тұрам...», - дейді екен.
Ә. Марғұланның пікірінше, ежелгі бақсы-жыраулардың бір тобы «абыз» деп
аталған: Нысан абыз, Құрманбай абыз, Сабырбай абыз, т.б. Бұлардың ерекшелігі –
ескі заманның хаттарын, жазылған сездерін тани білген. Қазақтың абыздары ескі
замандағы оқымысты бақсылардың дәстүрін соңғы заманға дейін сақтап келген,
солардың қалдығы деуге болады. Бұл дәстүр әсіресе Алтайда, Ертіс бойында,
Тарбағатайда көбірек сақталған.
Қазақ бақсыларының ішіндегі Қорқыттан кейін ерекше кең атағы шыққаны –
бағаналы Қойлыбай бақсы. Ә. Марғұланның бағалауында Қорқыттың шәкірті болған
ол ерте заманда Торғай өзені мен Сыр өзені арасында көшіп жүрген. «Қойлыбайдың
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
80
қобызы» атты дастанда Қойлыбайдың Қорқыт әулиенің шәкірті екені, олардың
өнері, қобызы, даналық істері сипатталады. Қойлыбай жөнінде Ш. Уәлиханов:
«Бақсылардың атақтысы бағаналылық Қойлыбай, ол бақсылардың бақсысы, әлде
пірі [7]», - дейді.
Кім көрінген бақсы бола алмайды. Бақсылық адамға қонады. Әдетте бұл қасиет
тұқым қуалайды. Атадан балаға, немереге беріледі. Кейде бірнеше ұрпақ үзіліп
қалып барып, кейінгі ұрпақтардың бірінде жалғасады. Бұл қасиет кейде нағашыдан
жиенге беріледі. Әдетте бақсылық қасиет жеті атаға дейін үзілмейді деп есептейді.
Бақсылық қасиет кейде ананың құрсағында туа пайда болады, кейде бала кезден-ақ
қонады.
Қазақ арасында жастайынан бақсылық қонғандар аз болмаған. Соның бірі –
XIX ғасырдың 80-ші жылдарында туып, Арқа жерінде өмір сүрген Хамидолла бақсы.
Оған бақсылықтың қонуы былай әңгімеленеді. Жасы ондардағы Хамидолла
балалармен ойнап жүрген бір мезетте өзіне ерекше бір қуат біткенін сезінеді.
Күрескен өзі теңдес, тіпті үлкен балаларды біріне-бірін қосып лақтырады. Сөйтсе
оған жын қонайын деп қысып жүр екен. Содан Хамидолла атақты Қойлыбай
бақсының басына түнеп, түсінде одан бата алып, бақсылығын бастаған. Хамидолла
әбден жынына мінгенде оған атқан от өтпейтін, өткір пышақ ішіне кірмейтін, беліне
арқан орап, екі жақтан он-он кісіден тартса да қысылмайтын. Жыны қысқанда ол
қолын керегеге сілтесе туырлық, тіпті темір затқа сілтесе де темір зат қақ бөлінетін.
Хамидолла емдеумен, болашақты болжаумен ғана айналысқан жоқ, сонымен қатар
жоқты табатын, ұрланған малдың қайда, кімде екенін айтатын. Оған жындары
қырық жыл қызмет етті. Өлерінде: «Менің жындарымды ұстайтын мұрагерім жоқ,
жындарым өзіммен бірге кетеді», - деген екен.
Арқада сондай-ақ Бала бақсы деген болған. Оны да жын жастайынан, тіпті
бесікте жатқаннан иеленген деген әңгіме бар. Ол перілердің иесі Оспанқожа деген
әулиеден бата алған екен. Ал Оспанқожа деген кісі қырық жыл кұтырған адамды
емдеген, перілерден әскер ұстаған деген аңыз бар. Бала бақсы да емшілікпен қатар
көріпкелдік, балгерлікпен, тіпті улы жәндіктерді шақырумен де айналысқан екен.
Көпшілік жағдайда бақсылық қасиет адамға 30-45 жастар арасында қонатын
болған. Бақсылық қасиет қонарда адам ауырады. Әдетте бақсы ауруы аяқ-колдың
тартылуы, тұйықталу, көпшілік орыннан безіну, т.с.с. белгілермен қатар жүреді.
Кейбіреулер «бақсы ауруымен» аз ғана-ақ уақыт ауырса, ал енді біреулерде бұл ауру
созылмалы болады. Бақсылық қонардағы аурудан әркім әрқалай шығады: біреу сол
өңірдегі белгілі бақсыдан бата алады, енді біреу касиетті аталарының басына барып
түнейді, үшіншісі сол өңірдегі атақты бақсының зиратына зиярат етеді, төртіншісі
өзінен-өзі біраз уақыт ауырып жатып, жазылады да, аян бойынша кісі емдеуге
кіріседі.
Халықтық сенім бойынша, адам бақсылық, балгерлік қасиетке ие боларда оған
қонғалы жүрген жындар, иелер қысады. Бастапқыда болашақ бақсы мен қонайын
деп жүрген жындардың арасында өзара түсіністік болмайды. Адам өзіне ерекше
қасиеттің қонайын деп жүргенін алғашқы кезде білмеуі де, түсінбеуі де мүмкін.
Жындар кейде адамды жылдап ауру қылады. Адам бақсылықты ұстамай,
жындардың айтқанына көнбей, біраз жүреді, аяғында бақсы жын-иелердің
айтқандарына көніп, адамдарға ем жасап, бал ашып, бара-бара бақсы ойынын
жасайтын болады.
Жын-ие қонған адам таза жүруі керек, өзінің көмекші рухтарын үнемі риза
қылып, ренжітпеуі керек. Олай болмаған жағдайда тағы да буылып қалуы, ауруға
айналуы мүмкін.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
81
Бақсының көмекші-жебеуші рухтары қазақта арабтың «жын» деген сөзімен
аталады. Кейде бақсының жынын «ие» деп те атайды. Кейбір бақсылар жын-
көмекшілерін «кісі», «әскер», «қожайын» деп те атаған. Кейбір өңірлер бақсылары
жын сөзінің орнына пері, перілер, ақ сайтан деген сөзді пайдаланған. Біздің
ойымызша, бақсының көмекші рухтарын «жын», «пері», «сайтан» деп атау кейінірек
қазақ жеріне мұсылмандық енгеннен кейін қалыптасқан, ал ертеректегі атауы «ие»
болса керек.
Бақсы жындары түрлі бейнеде кездеседі. Кейде жындар сырт пішіні ерекше
қорқынышты адамзат, қалың әскер бейнесінде елестетілсе, енді бірде бақсылардың
жыны қасқыр, жолбарыс, бүркіт, самұрық құс сияқты жыртқыш жануарлар мен
құстар түрінде бейнеленеді. Әдетте олардың аттары да болады, Көкбарақ, Теміржан,
Соқырым, Сарбүркіт, Бостанай, тағы сол сияқты болып келеді. Кейбір көне көз
қариялардың антуына қарағанда, өте күшті «дәу перім» бақсылардың жынымен
қатар тіпті қаптатып жіберетін «әскерлері» де болады. Кейбір бақсыларда бірнеше
жын болған, бақсы оларды емдейтін адамның ауруына қарай пайдаланған.
Сүйменбай бақсының айтуы бойынша, оның жындарының әр қайсысының өз
қызметі бар. Мысалы, Есдәулет өте ақылды. Ол жын-дарының басшысы, желіккен,
жынданған адамдардан шайтанды қуып шығады. Еркөбек айна, адамның ішіндегі
ауруын анықтап береді. Ол бірнеше минутта жүздеген, мыңдаған шақырымға барып
келуі мумкін. Оның астында құйрығын шарт түйген ақ маңдайлы қара аты бар.
Еркөбек әрі көріпкел, алдын ала не нөрсені болсын болжап отырады. Үшінші жыны
– Ақмарал. Ол да Есдәулет сияқты аурудың бойынан зиянкес рухтарды қуып
шығады. Әдетте Есдәулет екеуі бірге әрекет жасайды. Бірде екеуі аурудан жынды
қуа алмағанда Сүйменбай өзінің дәу перім жыны Қазманбетті шақырған екен. Оның
отыз әскері бар көрінеді. Әшейіндегі тұрағы Түркия жері екен. Өзінің иесі
шақырғанда Қазманбет көк күймесімен, бес найза бойы биіктен ұшып келіп, зиянкес
жындарға тиіседі екен. Бірде Қазманбет келіп, жындарды аурудан аластап қуғанда
ауру: «Кетті, кетті, киіммен кетті», - деп киімдерін шешіп, шаңырақтан лақтырған
екен.
Сүйменбайдың айтуынша, кейде бақсылар жындарын бір-біріне сататын да
жағдайлар болады. Мысалы, Есдәулетті бір ат, шапанға сат деп сұраған. Бірақ ол
сатпаған. Өйткені Есдәулет өте берілген, сенімді. Қожайыннан да ол соны талап
етеді. Әйтпегенде иесін ауруға шалдықтыруы мүмкін.
Сүйменбай бақсы қобызбен сарын айтып ойнаған. А. Алекторовтың бағалауы
бойынша, оның төменгі ноталардан жоғары ноталарға өтуі өте жағымды және дұрыс.
Дауыс кейде қалқып келсе, енді бірде күрт бәсеңдейді. Ойын кезінде бақсы бірде
қатты айқайлап, селкілдеп, қобызын тоқтата қойып: «Тек-ау», - деп бір түрлі дыбыс
шығарады. Еркөбек келеді. Біраздан соң бақсы секіріп келіп, қобызды тастай салып,
қолына енді қамшы алып, отырған жұртты айналып, жын қаққандай өзін-өзі
қамшысымен сабалап жүгіреді. Қамшысы бақсының өзінің арқасын осқанмен ол
Еркөбекті айдаған болып есептеледі. Содан бақсы айнала отырған жұртты кейде
қамшысымен жасқап қорқытып, кейде бет-аузын қисаңдатып шошытады. Біраздан
соң қайта қобызын алып, сарындарын айта жөнеледі. Біраз айтып, шыр айналып,
секіріп жүріп, қобызбен өз бетіне озі салып қалады, содан соң өзін қобыздың
ысқысымен ұрдыма-ау, содан аузынан көбік ағып құлап қалды. Біраздан соң қайта
тұрғанда қып-қызыл темір жалады, қып-қызыл шоқта жалаңаяқ жүрді.
А. Алекторов Сүйменбай бақсының сұқ саусағымен үстіне жүзімен төмен
қаратып қойылған семсер бар қобызды шыр айналдырғанын, сол күйде жүріп, шыр
айналып билегенін, содан соң бақсының күтірлетіп ине шайнап, ішіне қанжар
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
82
сұққылап, билегенін жазады. Кейінде бақсы қолын қарсы жақта киізге сермеп қалып
еді, киіз қылышпен шапқандай кақ айырылды дейді [13].
М. Ғабдулиннің пікірі бойынша, 7-8 буыннан тұратын осы бақсы сарыны
батырлық эпос жырларына өте ұқсас болып келеді [14].
Қазақтың басқада кең даласындағыдай Кереку – Ертіс өңірінде де бұл өнер
саласы ертеден қалыптасқан. Оған дәлел, Баянауыл тауларының жартастарында тас
дәуірінде қашалып салынған антропоморфтық петроглифтер. Ғалымдардың
тұжырымында басына бұғының басқұйқасын киіп, билеп тұрған бақсы бейнесі. XIX-
XX ғасырларда өңірімізде елге танымал осындай қасиет иелеріде фәниден өткен.
Есімі жалпы жұртқа мәлім Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атамыздың керемет істерімен
сәуегейлігі, ол кісінің басына барып тәу ету бүгінде жалғасуда.
Ендігі бір осы өнер иесі Қайса ата. 1888 жылы дүниеге келген. Найман руынан
шыққан. 49 жасында қатты ауырып, оны адамдар жынды Қайса деп атай бастады.
Оны бір емшіге апарғанда: «Оған бақсылық қонайын деп жүр, оның бір туысқаны
бақсы болған, соның басына апарып, қойдың қанын шығарып, сонда түнеп
шықсын», - дейді. Ол емші айтқандай жасап, ұйықтап кетіпті. Түсіне Елқонды деген
атасы кіріп, батасын беріпті. Содан кейін жыны басылып, адамдарды емдей бастады.
Адамдардың тамырын ұстап, қандай дертке шалдыққанын айтып беретін. Бүгінгі
күні аман-есен өңірімізде өмір сүріп жатқан бақсының тікелей ұрпағы, Қайса атаның
немересі Қайсин Елубай: «Мен шамасы 6-7 жасымда болар, біздің үйге бір құтырма
адамды алып келді. Атам батасын оқып, сары қамшысымен арқасынан ұрып
жібергенде жыны басылып, тынышталып қалды», - деді.
Шәпкен Қайсаұлы әкесі туралы: «1946 жыл. Кеңес Үкіметінің үстемдік еткен
кезі. Әкеме сол кездері Май ауданының милиция бастығы болған Досжан Есжанов:
«Ескілік салтымен кісілерді қарап, емдейді. Бақсылықпен айналысады», - деген айып
тағып, он сегіз күнге қамауға алады. Қамауға алғанымен, еш дәлел таба алмай
босатты. Аямай соққыға жығылған Қайса Есжановқа: «Мен түрмеден босап
шыққаннан кейін, сен өз көлігіңе басылып өлесің», - деген екен. Әулиенің айтқаны
айдай келген». Тере берсе, әулиенің керемет істері ұшан-теңіз.
Кеңестік жымысқы саясаттың кесерінен Жамбыл ауылының тұрғыны, ірі қуат
иесі Үміт апаның да өмір жолы тайғақ кешумен өтті.
Қалай болғанда да қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде исламға дейінгі
дәстүрлердің қалдық-жұрнақтары өзін діни синкретизм ретінде, демек, тұрмыстық
немесе халықтық ислам ретінде көрсетіп, исламмен әрекеттесе отырып өзінің
өміршеңдігін жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда қазақтардың исламды этникалық
символдың құрамдас бір бөлігі, дәстүрлі мәдениеттің ажырамас бөлшегі ретінде
қайта жаңғыртуға талпынысын байқауға болады.
Тарихтан белгілі, кез келген халықтың рухани негіздері түрлі қиындықтарға
кездесетіні де рас. Алайда рух бар жерде халық та бар. Рухани жауапкершіліктің
мәні де осыған сәйкес тарамдалады. Рухани байлық саналы да, санадан тыс та, тіпті
бейсаналық деңгейде де сезім мен ақыл-ой біріктіретін халықтық жауапкершіліктің
басты тетігі.
Халық рухани жауапкершілігі – халықтың өмірлік қүндылықтарының қайнар
көзі ғана емес, туу мен дамудың және жалпы адамзаттық құндылықтарды бекітудің
ерекше бір әдісі де. Сондықтан болар әр халықтың, әр аймақтың рухани даму
сатыларын зерделегенде діни санасының ерекшеліктері мен ұқсастықтарын іздеуде
аса жауапкершілікпен қараудың маңызды рөл атқаратынын дәлелдемесек те түсінікті
дүние.
Негізінен діннің қоғамдағы алатын орнына байланысты оның имандылық
адамгершілік қасиеттерді уағыздайтыны баса айтылады. Олар діннің ең басты
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
83
жетістіктері саналып, сол қажеттіліктерді тек қана дін құрастырды деп тұжырымдау,
әрине, дұрыс емес. Өйткені адамгершілік заңдары тек діни сананың жасаған игілігі
ғана емес, адамзат қоғамдастығында қалыптасып, мәдени тұрмыс жағдайында
сұрыпталған заңдар жүйесі. Ал, діни сана қауымдастықтағы қоғамдық сананың
ерекше формасы ретінде қарастырылып, ерекше қызметке ие.
Қазіргі кезеңдегі кейбір ғылым салалары, әсіресе әлеуметтану мен
психологияның дамуы діни танымға жан-жақты талдау жүргізіп, жүйелеу
қажеттілігін қалыптастырды. Теологияның ағымдары да өз ізденістерінде дамудың
тарихи әдістемесін қолданғандықтан, белгілі бір деңгейде ғылыми мәнге көңіл бөле
бастады. Сонымен қатар дінді зерделеуші пәндердің өзара қарым-қатынастық
ықпалдары да өзгеріс үстінде.
Дінді зерттеушілердің көпшілігі өз ізденістерінде ең алдымен нақтылы діни
сенімдік ілім негіздерін саралаудан емес, діннің сыртқы мәдени және рухани
мұраларын игеруге күш салады екен. Атап айтқанда, олар көп жағдайда діни
рәсімдерді, намаз оқу түрлерін, діни билерді, медитациялық тәсілдерді,
архитектурасы мен храмдардың, шіркеулердің, мешіттердің мәдени құрал-
жабдықтарын, салтанатты рәсімдік әуендерін, діни мерекелері мен мейрамдарын,
рәміздік
көркемсурет
туындыларын,
құдайлардың
атауларына
қатысты
этимологиялық
тамырларын,
пайғамбарлардың
өмірбаяндарын,
қасиетті
жазбалардың статистикалық құрылымын, діни қауымдастықтардың құрамын, ас
даярлау мен киім-киістік рәсімдерін, аңыздық мәтіндерді салыстыру, діндердің
географиялық шекараларын анықтау, діннің таралуы мен қалыптасу кезеңдерін
нақтылау, рухани басқармашылықтың ішкі қайшылықтарын ашу, сенушілердің
психологиялық толқыныстарын аңдау, олардың сандарының өсу-азаюы мен
жыныстық құрамын, саяси белсенділігін т.б. зерделеп саралауға баса ден қояды екен.
Әрине, адамның не үшін және кімге бас иіп табынатынын білу – маңызды
мәселе. Бірақ, ең бастысы, одан да маңыздырағы – адам неге осы табынушылықты
жасайды деген сұраққа жауап іздеу болып табылады емес пе? Бұған жауапты діннің
нақтылы сенімдік ілімінен, оның сол сенімді арқалаушы сақиларға қатынасынан,
олардың ішкі толғанымдары мен қоғамдық ұйымдастықтары деңгейінен табуға
болады. Кез-келген табынушылық белгілі бір мәнге ие болуы керек: егер мән
болмаса табыну да болмақ емес.
Яғни, бұған дейін біз дәлелдеп келген республикамыздағы діни ахуалдың
ушығуына байланысты келтірген фактілеріміз және талқылауларымыз көп жағдайда
сыртқы діни болмыс кешені ғана болып шықты. Елімізде қалыптасқан рухани
вакуум, идеологиялық құралдың әлсіреуі, тағы басқалары тек сыртқы фактор болып
қалды, негізінде басты мәселе адам табиғатына тән мәндік ізденушілікте жатыр ма
деп ойлаймыз. Мұндағы айтпағымыз, қоғамдық құрылымдық ұйымдастығындағы
өзгерістің рухани ұйымдастықтың құрылымына тікелей әсер ететіндігі. Яғни, діни
ахуалдың күрделенуі мәндік мәселесін ізденушінің алдында таңдаудың пайда
болғандығына байланысты. Міне, осы арада діни құрылымның әлеуметтік-құқықтық
мәселесі өз-өзінен қалыптасады. Ал бұны мемлекеттік тұрғыдан, яки мемлекеттік
мүддеге сай шешеміз десек, оны заңдастыру, заңдық нормалық қалыпқа икемдеу
мәселесі қоғамдық қажеттілікке орай қалыптастырылуы керек.
Ұлы дала тұрғындары мұсылмандық тағылымдарға дейінгі кезеңдерде өз
бетінше өмір сүріп, өзіндік рухани мұрасын жасады. Заман ағымынан қалыспай, өз
дүниетанымын,
өзіндік
қайталанбас
әлеуметтік
тәжірибелерін
адами
жауапкершілікпен жинақтады. Оның ақиқаттылығын Тәңірілік пен бақсылық
көзқарастар, діни түсініктерін саралау барысында аз да болса дәлелдеуге талпындық.
Осы шексіз де шетсіз үғымдардың мазмұны мен мәніне үңілген сайын оның
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
84
жауапкершілікті талаптарын сезіне түстік. Оның үстіне бұл дүниетанымдық
түсініктер қазақ халқының ұлттық санасынан ешқашан да сарқылмақ емес.
Шындығында, ата-бабалар аруағына табыну, табиғатқа сиыну әлемдік
діндермен салыстырғанда әлдеқайда төменгі сатыда болғаны рас. Бірақ олар
халқымыздың тұрмысында. әлеуметтік қатынасында, ұлттық сана мен
психикасында, дүниетанымында мәңгі қалыптасып қалды. Сонымен бірге осы
жауапкершілігі мол рухани құндылықтардың жаңаша түр алып, заман ағымына
орайласып, қайта өрлемесіне кім кепіл.
Достарыңызбен бөлісу: |