Киіз үйді жіліктейік. Киіз үйдің сүйектерін жіліктеп бөлетін болсақ, 1
жоғарғы бөлігі шаңырақ, 2 бөлігі уық, 3 кереге және 4 ағаш есік (сықырлауық)
1
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
131
болып бөлінеді. Киіз үйдің сүйектеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, киіз үй
сүйегінің ең жоғарғы бөлігі – шаңырақ. Қазақ үйінiң киесi шаңырақтан бастау алады.
Шаңырақ – қасиеттi. Шаңырақты қазақ халқы барлық уақытта қастерлеп, биік
ұстаған. Қанша қиын-қыстау заман туса да, шаңырақты көшке қалдырып, отқа
жақпаған. Шаңырақ – күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм
сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық
шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi», - деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт
күлдiреуiшi – төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.
Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт
құйылады деп есептеген. Шаңырақтың астында ошақ орналасады.
Ошақ – адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде
адамның оты лаулайды. 1-тоғын. Ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып,
өрнектеледі. 2-күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен
8-ге дейін болады. 3-беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады,
өрнектеледі. 4-шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады.
Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Уық – кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі
керегесіне байланысты болса, биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына
байланысты болады. Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Осы
қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланысатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық
болады. Оның ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге
байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Додағайды тесіп, қайыстан уықбау (5)
тағылған. (2) уықтың иілген жерін иығы деп атайды. (3) шаңырақ пен уықтың
арасын қары деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын (4) қаламы деп
атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді. Уықтың иінінің ішкі бетін
шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Кереге – киіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі. Талдан, жіңішке қайыңнан
жасалады. Кереге көздерінің көлеміне қарай тор көзді кереге және жел көзді кереге
болып екіге бөлінеді. Тор көзді керегеде уық байлайтын жиырма бас, жел көзді
керегеде он жеті бас болады. Кереге жасайтын жас тал мен қайыңның қабығын
аршып, көлеңкеде кептіргеннен кейін қозға көміп жұмсартады. Сонан соң тезге
салып түзетіп, жонады. Дайын болған кереге ағаштарын қайтадан тезге салып
мүсіндейді. Бұдан соң бұларды бір-бірімен қосып, түйенің немесе өгіздің мойын
терісінен дайындалған таспамен көктеп, жосамен бояйды.
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» деп атайды. Желінің ең ұзынын
керегенің «ерісі» деп атайды. Одан қысқалауын «балашық» деп атайды. 1 – ең
кішісін «сағанақ» деп атайды. Киіз үйдің ағаш есігін – сықырлауық дейді. Ол киіз үй
ішіне қарай ашылатын есік. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі
босаға, табалдырық және екі жақтау есік.
Киіз үй есігінің құрылысы: 1 – маңдайша; 2 – босаға; 3 – сықырлауық; 4 –
жақтау; 5 – табалдырық. Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үй
сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап
әшекейлейді.
Киіз үй жабулары. Түндік – шаңырақтың үстіне жабатын төрт баулы киіз.
Киіз үйдің арнайы терезесі – түндік.
Ашық тұрса қарайды,
Түнде жұлдыз үңіліп.
Түндікті ашқанда,
«Құтылдым!» - деп қуанып,
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
132
Түтін ұшар аспанға,
Шуда құсап шұбалып, - дегендей, қазіргі замандағы кондицонерді алатын
болсақ, ол да бөлме ауасын тазартады. Бірақ ол мөлшерден тыс көп пайдаланған
жағдайда бөлме ауасын құрғатып, адам ағзасына кері әсер етуі де мүмкін. Сонымен
қатар оның пайдалы жақтарын да жоққа шығаруға болмайды. Кондиционер бөлме
ауасын тазартады, әрі бөлме тыныштығын сақтауға мүмкіндік береді.
Үзік – кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұруға
арналған төрт баулы киіз.
Киіз үй бір қызығы,
Салады еске атаны.
Ақ шапаны – үзігі,
Ақ таяғы бақаны.
Туырлық – кереге іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді жауып тұруға
арналған алты баулы киіз. Туырлықтың іргесін түріп, киіз үйдің ішінің ауасын
тазартып әрі қатты ысып кеткен кезде, үй ішін салқындатып алатын да болған.
Киіз есік – сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши,
астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтап түріп қоюға ыңғайлы. Көбінесе жел
болғанда немесе салқын түскенде пайдаланылады.
Киіз үйдің ішкі баулары. Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында
бау-құрлар қолданылады. Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп
таңатын өрнекті жіңішке құр. Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап
таңатын қыл – арқан. Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын
құр. Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып,
керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті –
дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына
үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын,
өрнекті жалпақ құр. Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра
тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау. Белбау – туырлықтың керегеге тығыз
жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
Киіз үй – қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе
жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Ол сонымен қатар қазақ халқының
материалдық мұрасының бірі ғана емес, бірегейі болып бағаланады. Киіз үй –
бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай жетіп, ауылды жерлерде қолайлы жазғы
баспана ретінде әлі де пайдаланылып келеді. Қазіргі
таңда
киіз
үй
–
тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда
салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде
де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап
шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
Киiз үй – жарты ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын
байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес,
арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын.
Бірде мен осы жұмыспен айналысып жүрген кезде ата-анама еріп, тойға
бардым. Сол тойда өте үлкен әрі сырты әсем ұлттық ою-өрнектермен өрнектелген ақ
боз үйге көзім түсті. Мен де сол үйдің ішіне кірсем, сол үйдің ішін көрсем деген
қызығушылық пайда болды. Бұл өтінішімді ата-анама айтқан едім, олар да бұл
өтінішімді құптап, мені сол ақ боз үйге ертіп апарып, үй ішін көруіме мүмкіндік
жасады.
Ақ боз үйге кіргенімде мен өзімді басқа бір әлемге кіргендей сезімде болдым.
Ондағы бүкіл заттар халқымыздың ұлттық ою-өрнектерімен нақышталып, үй ішіне
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
133
керемет бір сән беріп тұр. Төрдегі өрнекті кілемнің бетінде ілулі тұрған қос ішекті
домбыра, қылқобыз, сәнді етіп қайыспен өрілген тобылғы қамшы және қырдың
қызыл түлкісінің терісі мен үлкен көк бөрінің терісі үйге ерекше сән беріп, сонымен
бірге кез келген адам батылы барып кіре алмайтын сұс беріп тұрғандай сезіндім. Бұл
көріністі мен өзімше былай түсіндім.
Қазақ халқы өте қонақжай, әрі батыл, жау беттеп келе алмайтын өр халық
болған деп түсіндім. Осы қасиеттерді қазіргі ұрпақ – біздер де өз бойымызда сақтап
қалуымыз керек деп ойлаймын.
Біз өз ойымызды жинақтай келе, киіз үй ағаштарына мынадай теңеу жасадық.
Шаңырақты кітапқа теңедік. Себебі шаңырақтың күлдіреуіштерінің арасынан түскен
күн сәулесі біздің кітаптан алған біліміміз. Ал уықтарды сол кітаптан білім алатын
оқушыларға теңедік. Керегеге келер болсақ, біз керегені мұғалім деп алдық. Себебі
мұғалім кітаптан алған біліміміздің кем-кетігін одан әрі толықтырып, білім
қорымызды кеңейтеді. Енді ағаш есік сықырлауыққа келер болсақ, ол – мектептің
есігі. Мектеп табалдырығын аттаған соң мұғалім, оқушы, кітап тығыз байланыста
болады, яғни киіз үйіміз мектеп деп қорыттым. Сонымен қатар ата-анамызды да
қалыс қалдырғымыз келмеді. Себебі бала тәрбиесіне тек ұстаздар ғана емес, ата-
аналар да жауапты ғой. Сондықтан ата-аналарды кереге беріктігін сақтауда үлкен
үлес қосатын кереге қазыққа теңестірдік.
Қазақта: «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді», - деген сөз бар. Егер осы айтылған мысалдағыдай, ата-ана, мұғалім, оқушы
және кітап бірін-бірімен тығыз байланыста болып, бірігіп тірлік жасаса, не іс болсын
өз нәтижесін көрсетері анық. Сол сияқты киіз үйді де жақсы құрастырсақ, ол өте
берік, дауыл-желге шыдас береді.
Сөз соңында, еліміз егемендігін алғаннан бері уақытта тарихымызға,
мәдениетімізге деген халқымыздың қызығушылығы арта түскені белгілі. Сол мәдени
мұраларымыздың бірі – киіз үйдің көшпелі халқымыздың өмірінен алатын орны,
жасалу технологиясы, киіз үйдің бөліктері, оны түрлері туралы түсініктер жұмыстың
құндылығы болып табылуда. Бұл жұмыстың мақсаты киіз үйдің ата-
бабаларымыздың өмірінде алатын орны түрлі пікірлерді келтіре отырып бүгінгі
ұрпақтың бойына мәдени мұраларға деген көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз
елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту болып табылады.
Біздің достарымызға, сыныптастарымызға айтарымыз – алтау ала болмай,
төртеу түгел болып, ауыз бірлігіміз бен ынтымағымыз жарасып тұрса, біз алмайтын
қамал жоқ, біз бағындырмайтын білім шыңы жоқ. Білім шыңын бағындыра білген
әрбір бала бәсекеге қабілетті, құзіретті тұлға болып қалыптасады және біз оған
толық сенімдеміз. Достар, әрқашан тек білімімізбен бәсекеге түсейік!
Қорытынды. Жан-жақты талдаудың нәтижесінде киіз үйдің тәрбиелік мәні
мен танымдық қырлары ашыла түсті. Киіз үйлерде қазақ халқының тарихы,
тіршілігі, тынысы сезіледі. Қара шаңырақ арқылы әлеуметтік мәселелер көтеріліп,
ұнамсыз қылықтар сыналады. Ата-бабаларымыздың өмір тәжірибесінен алған
тәлімін жастарға ақыл-өнеге ретінде бағыттайды. Бірлік, ынтымақ – игі өмірдің
кепілі екенін айтады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа, адамгершілікке, өнер-білімге
үйретеді.
Әдебиеттер
1 Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. – 4-7 томдары.
2 Еңбекке баулу. 4 сынып.
3 Ана тілі. 2 сынып.
4 Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.
5 Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
134
КУСМАНОВ Байсара Қайратұлы,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының 2 «Ә» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АЛТАЕВА Кулайхан Майрашқызы,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясы «Денешынықтыру» пәнінің мұғалімі, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
АСЫҚ – ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ
Мақсатым: Асық ойыны қазақтың ұлттық ойыны екенін таныта отырып,
ондағы берілетін ұлттық тәрбие мен салауатты өмір салтының сақталуы жөнінде
талдау жасау.
Міндетім:
1. Асық ойынының барлық ережелерін, қыр-сырларын зерттеп, ізденіс
жұмысын жасап, асықтың түрлері мен ерекшеліктерін анықтау;
2. Ұлттық ойынның бірі асық ойынының бала денесінің дұрыс қалыптасуына
мүмкіндік туғызатынын дәлелдеу.
Ұлттық
ойындар
көбінесе
әр
халықтың
әлеуметтік-шаруашылық
мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының
көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына
негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделеді.
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар тілерсегінде болатын, қызметі аса
күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне
қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
135
Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары
ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.
Асығым алшысынан түсті
Қазақ халқы асықты бала кезде қолына алып, жас кезінен бастап ойнай
бастайды. Тіпті бала тумай жатып, жас нәрестеге арнап асық жинайтындар да
болған. Асық ойынының ерекшелігі және оның сан қилылығы: асықпен үйде де,
далада да ойнауға болады. Ертеде қазақтың қыз-келіншектері де асық ойнаған.
Сондай-ақ бұрынғы аға буын өкілдерінде асық ойнамай өскен бірде-бір адам жоқ.
Халқымыз асықты қастерлеген. Мысалы, қазақта: «Асығың алшысынан түссін», -
деген ізгі тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші
атады. Яғни асықтың алшы түсуі оның иесін басымдыққа жеткізеді. Сәті түсіп, жолы
болып тұрғандығын білдіреді.
Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті де. Сол себептен ертеде бақсы-
балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған. Әсіресе, қойды көп
өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді.
Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан
көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке
жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.
Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай
қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.
Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Енді асықтың сипаттарына келсек:
Алшы – асықтың үйірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде
оған бірінші дәрежелі мән беріледі.
Тәйке (тәуке) – асық үйірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол екінші
дәрежелі асық.
Бүге (бүк) – асық үйірілгенде дөңес жағы үстіне қарап етпетінен жаттық түсуі.
Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
136
Асық иіру
Шіге (шік) – асық үйірілгенде шұңқыр жағы үстіне қарап, жаттық түсуі. Ол
төртінші дәрежелі мәнге ие.
Тұрық – асықтың үйірілгенде алшы не тәйке түсуі.
Жаттық – асықтың бүге не шіге түсуі.
Омпы – асықтың тұмсығымен жер тіреп, тік шаншылып түсуі.
Сомпы – асық тұмсығымен көкке қарап тік шаншылып, шоқая түсуі.
Табан – асықтың тәйке жағы.
Оңқай – асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып,
ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ тілерсегінде болады.
Солақай – асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына
басылып, ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың сол жақ тілерсегінде болады.
Сақа – қолдағы бар асықтың үлкенінен, салмақтысынан, оңқайынан
белгіленеді. Солақайлар сақаны солақай асықтан таңдайды.
Қорғашбай сақа – табан жағынан ойылып қорғасын құйылған сақа.
Құлжа сақа – арқардың асығы.
Топай (томпай) – бұзаудың, тайыншаның асығы (жалпы сиыр асығын томпай
дейді). Мұз үстінде әдейі асық ойнау үшін жасалған алаңда ойналғанда, алыстан
атылатын ойындарға топай сақа ретінде пайдаланылады.
Жабайт – қой асығының сақадан кейінгі қорғасын құйылмаған түрі.
Табандалады.
Шүкей (үшкейт) – қой асығының кішкенесі. Қозы, ешкі асығы. Ол да
айырбасқа жүреді.
Шүкімейт (шүкімәт) – қозы, лақтың сойып жеуге әлі жарамайтын кезіндегі
асығы. Ең кішкене асық.
Кеней – шүкейдің көп жұмсалып мұжылған (мүжілген) түрі.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
137
Асық ойнау үстінде
Мұндағы атауларда да елдік нышандар байқалады. Тәйке – уәзір, ханның
орынбасары деген мәнді берсе, бүге – бүк түсу, бүгілу, бағыну, міндет атқару деген
мазмұндарды беру арқылы жалпы әскерлік түсті білдіреді. Тұрық – тұру, тақ, тақта
тұру, тірек, тіреу, тұғыр, тұрақ мәндерді өз ішіне алу арқылы орнында отырған
ханды, оған тұрақ болар мекен мен ел-халықты меңзесе, жаттық – түзулік,
тыныштық, жайлылық мәнін білдіріп, тұрақпен үндесіп тұр. Оңқай мен солақайды –
оң қанат, сол қанат әскери жүйе деп ұққан еш қате тудырмайды.
Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы», барлығын бірден ұтасың;
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі, тәуекел мағанасы, тәйкі;
3. Етбетінен жатқаны «бүк», бүк түсіп жату;
4. Шалқасынан түскені «ішік», іші көрініп жатуы;
5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа», омақаса құлаған;
6. Таза тұрмай – алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса, «қырта» дау
туғызатын, қырынан жату деп аталады.
Ата-бабамыз:
«Асық ойнаған азады,
Тобық ойнаған тозады.
Бәрінен де қой бағып,
Құйрық жеген озады!» – деп жас өскінді құмардан қайтарып, адал еңбекке
шақырып отырған. Жеңіс жобасы болған бұл асық ойыны ойнаушылар арасында
әлсін-әлі құмарлық түс алып кетіп отырған.
Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы
өткізу – жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық
ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре,
қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай
біледі. Салт – ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті, ұлттың ұлт екенін әлем
халықтары мойындаудағы төрт белгінің бірі. Асық ойыны – сол бай салтымыздың
бір дәстүрі.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
138
Жалпы ұлттық ойын түрлерінің астарында игілікке айналған істің, оқиғаның,
негіздің болатыны даусыз. Ол тағы уақыт өте келе сөзсіз дәстүр түрінде істелетін
салттық іске не ойнайтын ұлттық ойынға айналып, жалпы ұлттық өң алып, халықпен
бірге жасайды. Немесе ол оқиғаны ұлттың күллі азаматтары, жастары, балаларына
дейін білетін болады. Оның кейін неге ойынға айналу себебін де біледі, түсінеді.
Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан ұлттық ойындарының ежелден
қалыптасқан түрлерінде мазмұндық сипаты мен түріне қарай ажыратуға боларлық із-
соқпақтар, белгілі жүйе сайрап жатады. Халықтың ұлттық ойындарына тән
ерекшелік бала ойыны деп жалпы аталғанымен, жеткіншектің жасына қарай ішінара
топтастыруға боларлық сипаттар баршылық.
Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады:
біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы жақсарса,
екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген кезде ұлттық
әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие жұмысын ұлттық
дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі
оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Жоғарыда
жазғанымыздай, ертеде мұны қазақтың ұлы да, қызы да қызыға ойнаған. Өйткені
асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Мысалы, асық ойыны ептілікке, мергендікке,
шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны өзінің түрлеріне қарай баланың
күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігін және қырағылығын
жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас
баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет
қылып сіңіреді. Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-
қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын
жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу,
ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының
алдын алады.
Балалар ойындарында жас ерекшелік, физиологиялық дамуына үйлесімді
қимыл-қозғалыс, тіл ұстарту, сөздік қорды молайту жағынан өте бай және
педагогикалық заңдылықтар тапқырлықпен үйлесімді қиыстырылған. Халқымыздың
өмірге дені сау, шыныққан балалар әкелуі жөніндегі өз ұрпақтарына қалдырған
үлкен де бай мұрасы – ұлттық ойындар. Ежелден «Адам ақылымен сымбатты» деп
санаған халқымыз тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған ұлттық ойындарды бала
тәрбиесіне лайықтап, шебер пайдалана білген. Балалық кездегі ойындарды тәрбие
мәселесінен бөліп қарауға болмайды. Екеуі бірлестікте қарастырылады. Ұлттық
ойын-халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ол – балалық шақтың
қайталанбас ескерткіші, әрбір тұлғаның, әрбір ұрпақтың кешкен өмірі. Ойыннан
бастау алып, ертеңімен сабақтасатын тәлім-тәрбиені бойға қондырып, ойға
дарытудың алқашқы машығы.
Қорыта келе, ең қызығы – асық ойынындағы біз айтқан мәнді мазмұн арғы-
бергі асық ойынын, тіпті қазақ салт-дәстүрін зерттеуші ғалымдардың бірде-бірінің
еңбегінде көрсетілмеген. Біз енді осы мәселені шағын мақаламызда көтере отырып,
ғалымдарымыздың осы мазмұнда ізденіп, асық ойынын ел стратегиясының бір
кәдесіне жаратуын ескертер едік. Әрі оқулықтарға да осы мазмұнды байытқан
негізде енгізуін өтінеміз. Сол арқылы ұрпақтарымыз ата-бабасының не нәрсені де
қалай болса солай істей салмағанын, қыл аяғы асық ойынының өзі де үлкен елдік
мән алатын ірі оқиғаның негізі екенін білдіріп отырсақ, елжандылық ұрпақ
санасында неге жаңғырмасын.
№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
139
Достарыңызбен бөлісу: |