№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата06.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

 
Әдебиеттер 
1  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдардағы арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
2 Атырау ұстазы. – №2(47). – 22 ақпан. – 2011.  
3  Ел  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2030»  стратегиялық 
бағдарламасы. 
4  Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті стандарттары. 
5 Бастауыш білім №№6, 9. – 2007; №№4, 7, 9. – 2009. 
 
 
 
 
 
 
 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
45 
ПРАЛИЕВА Шолпан Әшірбекқызы, 
№93 жалпы орта мектебі «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі, Ақсукент ауылы, 
Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңінде  – білім 
беру  прогресінің  ең  маңызды  факторларының  бірі  болып  саналатын  кезеңге  келіп 
жетті. 
Қазіргі  таңда  әлеуметтік  жағынан  қорғанған  ол  технология  ауысуына  және 
нарық  талабына  сай  терең  білімді,  әрі  жан-жақты  адам  болып  саналады,  әрі  білім 
берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл 
педагогика  теориясы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты 
болып  отыр:  білім  берудің  мазмұныны  жаңарып,  жаңа  көзқарас,  басқаша  қарым-
қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. 
Жас  мемлекетіміздің  болашағы  –  бүгінгі  мектеп  оқушылары.  Оларға  бірдей 
талап  қойып,  олардың  табиғи  қабілеттерін,  мүмкіндіктерін  анықтап,  соған  негіздеп 
оқыту – бүгінгі өзекті мәселе. 
Заман  талабына  сай  білім  беру  –  бұл  оқушыларды  адамгершілік, 
интеллектуалдық,  мәдени  дамудың  жоғарғы  деңгейі  мен  білімін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  тәрбие  беру  мен  оқытудың  үздіксіз  үрдісі  десек,  оның  тиімділігі  мен 
сапасын  арттыру  мұғалімнен  оқу  үдерісінің  ғылыми  теорияға  негізделген  және 
оқушының  қабілеті  мен  бейіміне  негізделген  оқытудың  таңдамалы,  белсенді, 
қарқынды  әдістеріне  көшуді  талап  етеді.  Мектептегі  басты  тұлға  –  мұғалім,  осы 
мұғалімнің  алдында  тұрған  басты  мақсат  рухани  жан  дүниесі  бай,  жан-жақты 
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Американ  ғалым  философы  Дейль  Карнеги:  «Ең  бірінші  адам  бойындағы 
қажеттілікті  туғыза  білу  керек.  Ондай  іс  қолынан  келетін  адам  бүкіл  әлемді 
мойындата алады», - деген екен. Бала бойындағы қажеттілікті тудыру үшін бірінші 
міндет – шетел тілін меңгеруді үйрету керек. 
Яғни,  тілді  меңгерту  үшін  үлкен  ынта,  зейін,  талап  оқушының  тілге  деген 
бейімділігі, қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті 
келеді. Бала ағылшын тілін тек қана сабақ барысында ғана меңгереді. 
Бастауыш  сынып  табалдырығында  оқушының  оқу  дағдысын  қалыптастыруда 
жалпы  жазба  түрі  мен  ауызекі  сөйлеу  тілі  тікелей  байланысты.  Оқушыларды 
шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу – мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс 
түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі 
бір  суретке  тақырып  қоя  білуге,  сол  суретке  қарап  сөйлем  құрауға,  мұғалімнің 
көмегіме өздерінің ойларын қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету. 
Балаға  жастайынан  шетел  тілін  оқыту  –  балалардың  қызығушылықтарын 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Шетел  тілін  оқытудағы  бір  негізгі  аспект  ол  –  ойын  элементтерін  тиімді 
пайдалану  болып  табылады.  Ойын  арқылы  бала  қоғамдық  тәжірибені  меңгереді, 
сондықтан  әр  сабақ  үрдісінде  қандай  дидактикалық  ойын  қолдануға  болатынын 
сабақтың  мазмұнына  мақсатына,  жас  ерекшелігіне  сәйкес  таңдау  керек.  Ойын 
арқылы  баланың  өтіп  жатқан  тақырыпты  қаншалықты  деңгейде  меңгергендігі 
байқалады. 
Тәжірибе  көрсеткендей,  ойын  үстінде  сөйлемейтін,  нашар  оқитын  оқушының 
өзін-өзі  жан-жақты  көрсеткісі  келіп,  қоршаған  ортамен,  оқытушымен  қарым-
қатынасын 
жақсартады, 
сөйлеу 
дағдысын 
байқатады. 
Ойын 
баланың 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
46 
байқампаздығын  жетілдіреді,  тілді  білуге  деген  құмарлығын  арттырады.  Мұнан 
шығатын  қорытынды:  алуан  түрлі  ойыны  араласқан  сабақтың  түрлерін  мұғалім 
өзіндік терең шығармашылығы арқылы ойлап табады. 
Шет  тілін  үйрену  әрекеті  оқып  үйренудің  барлық  деңгейінде  тұлғалық 
бағыттағы  іс-әрекеттерді  қамтуы  керек.  Бұл  оқушының  тұлғалық  қасиеттерін  шет 
тілін үйрету әдістеріне байланыстыра оқыту болып табылады. 
Шет  тілін  ерте  жастан  оқытудың  тиімділігі  балалардың  пәнге  деген 
қызығушылығымен  бірге  олардың  сабаққа  түгел  атсалысатындығы,  бәсекеге 
қабілеттілігі,  бір-бірінен  қалғысы  келмей  емін-еркін,  сөздерді  қайта-қайта  айтуда 
бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді. 
Отандық  психологтардың пікірінше және Еурокеңес жанындағы халықаралық 
семинардың  ұсыныстарына  сәйкес,  шетел  тілін  балаға  бастауыш  мектеп  шағынан, 
бес-алты  жасынан  бастап  ерте  оқыту  тіл  үйренбек  үшін  барынша  қолайлы  мезет 
саналады. Қазір біздің елімізде де шетел тілін зерделету бастауыш сыныптан бастап 
енгізілді:  ағылшын  тілі  бірінші  сыныптан,  6  жастан  оқытылады.  Сол  себепті,  олар 
бұған дейін мұндай жастағы балалармен жұмыс істеп көрмеген. Мұғалім тап болған 
бірінші  мәселе:  оқу  мен  жазуды  өзінің  ана  тілінде  жете  үйрене  қоймаған  балаға 
ағылшын тілін қалай үйрету керек? Оның үстіне, балалар шетел қоса бірден тағы екі 
тілде:  қазақша  мен  орысшаны  оқуға  тиіс.  Сонда  баланың  сабаққа  ынтасы  азаймас 
үшін қалай оқытқан жөн? 
Ең алдымен, оқытудың бастапқы кезеңінде олардың жас ерекшеліктерін және 
сол жасқа тән іс-әрекеттік бейімдерін ескеру орасан маңызды. 
Ойын баласы үшін өзін қоршаған әлемді ойын әрекеті үстінде тануы жетекші 
қасиет  болса,  алтыға  толғанда  оның  орнын  біртіндеп  басқа  әуестік  басады:  ойын 
әрекетін  оқуға  әуестік  алмастырады.  Сонда  да  осы  жастағы  баланың  оқуға,  білуге, 
өзінің мектебіне деген белсенді қызығушылығы байқалады, екінші жағынан алғанда 
ойнауға  деген  қажеттік  сақталады.  Балалардың  9-10  жасқа  дейін  ойынға  әуестігі 
қалмайтындығы белгілі. 
Іс-әрекеттер  барысында  мотивтер  болады.  Осындай  мотивация  кезеңінде 
балаларды  шетел  тіліне  баулуды  ұйымдастыру  керек.  Егер  де  баланың  ойындық 
талабы қанағаттандырылмайтын болса, оның даму ерекшелігіне айтарлықтай нұқсан 
келеді, сабақта жай ғана отырады деуге болады. 
Оқушының сабаққа ықыласын дамыту жұмыстың бір түрінен екінші бір түріне 
мақсатты  тапсырмалардан  тұратын  тартымды  іс-әрекеттер  алмастыру  арқылы 
мүмкін.  Алты  жасар  балалардың  есте  сақтау  қабілеті  әлі  жетіліп  болмаған.  Оларда 
ырықсыз  аңғару,  яғни  эмоциялық  әсер  етумен  қызықтыру  арқылы  есте  ұстау  жағы 
басым.  Сондықтан  да  өтілетін  тақырыпты  балалардың  өзара  бір-бірімен  қарым-
қатынасқа  түсу  үрдісінде  игерткен  жөн.  Ойыншықтар  мен  кескін-суреттерді  мол 
пайдалану  баланың  бейнелі,  жан-жақты  есте  сақтау  қабілетін  дамытуға  ықпал 
жасайды,  ал  мақсатты  тапсырманы  өзара  әңгіме  ұйымдастыру  арқылы  орындатқан 
жөн. 
Ұстаз  сабақ  барысында  балалардың  елестету  қабілеттерінің  тиімділігін 
пайдаланса  мейлінше  нәтиже  береді.  Ойлау  қабілетін  дамыту  –  әрекетті  көрнекі 
бейнелеуге  ұластыру  деген  сөз.  Бірінші  сыныптағы  балалардың  жас  ерекшелігін 
ескере,  әр  түрлі  сөздік  үлгілердің  құрылымымен  таныстыру  кезінде  пайдалану,  ал 
ойыншықтар  мен  суреттерді  балалар  осыған  дейін  меңгерген  тілдік  қарым-
қатынасты  пысықтап,  іс  жүзінде  қолдана  білуді  ұйымдастыру  кезінде  пайдалану 
ұсынылады.  Ойыншықтарды  бірте-бірте  сурет-кескіндермен  алмастырса,  ойынның 
оқуға ұласуына жағдай жасайды. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
47 
Үлкендермен  араласқан  кезде  балалар  өзін-өзі  тани  бастайды,  өз  тұлғасының 
қаншалықты  құндылығын  білуге  ұмтылыс  жасайды.  Шет  тілі  мұғалімі  балалармен 
қарым-қатынас ұйымдастырған кезінде, өзінің оқушыларға айтылған ескертуін әрбір 
оқушы  өзіне  айтылған  деп  қабылдамайтынын  ескеруі  қажет.  Өйткені,  бұл  жастағы 
бала мұғалімнің өзіне ғана атын атап, жекелеп айтылған сөзге ғана мән береді, әрі ол 
балабақша  табы  кете  қоймаған  балалардың  үлкендер  тарапынан  мақтап-
көтермелеуді қалап тұратындығы. 
Кішкентай балалар үшін айырықша факторлардың бірі – жетістікке жеткендікті 
ескеру.  Оқытуды,  сондай-ақ  бағалауды  ұйымдастырғанда  оқушылардың  табысқа 
жету  жағын  мадақтап  отыру  маңызды.  Тіпті  кішкене  жетістіктің  өзі  балаларды 
қанаттандырып,  пәнге  деген  қызығушылығын  молайтады.  Мұғалім  белсенділігі 
төмен  балаға  оң  нәтижесімен  көзге  түсуіне  мүмкіндік  беретін  тапсырма  ұсынуы 
керек;  шамалы  болса  да  алға  жылжудың  өзін  өзін  мақтап  қойған  дұрыс.  Мәселен: 
«Жігітсің,  сен  бұрынғыдан  да  жылдам  оқитын  болдың»,  «Мазмұнын  жақсы 
әңгімелеп бердің, жарайсың», - деген сияқты сөздермен көтермелеп отырған тиімді. 
Бала әрқашан мұғалім қойған бағаны сезімтал қабылдайды. Әрбір бала баға алуды, 
қандай  да  бір  жеке  тапсырмаға  қойылған  бағаны  жалпы  бағадан  жоғары  көреді. 
Олар:  «Сен дұрыс орындамапсың»,  - дегенді: «Сен жамансың», - деп түсінеді, яғни 
мұғалім өзін жақтырмайды екен деп түсінеді. 
Сонымен қатар жұмыс нәтижесі дұрыс болып шықпағанның өзінде, оқушыны 
келешекке жігерлендіріп қою керектігін ұмытпау керек. Ш.А. Амонашвили осындай 
балалардың жас ерекшелігін ескере келе, мазмұндап бағалау жүйесін ұсынады: 
- балаға тұлға ретінде қарап, тілектес қарым-қатынас құру; 
- оқушының берілген тапсырманы орындауға бағыттаған күш-жігерін (тіпті сол 
күш-жігер оң нәтиже бермесе де) атап көрсету; 
-  оқушының  алдында  тұрған  қиындықтарға  және  оның  жіберген  қателеріне 
нақты талдау жасау
- баланың жетістігін одан да гөрі жақсарта алатындығына жол сілтеу. 
Оқушы  мұғалімнің  бағалау  көрсеткішін  түсінеді,  әрі  осы  талаптарға 
бағдарланудың арқасында оның өзін-өзі бағалауға ұмтылады, «Үздік баға алу үшін, 
міне, қалай оқып жазу керек!» деген көзқарасы қалыптасады. 
Бірінші  сыныпта  баға  қойылмайды,  сондықтан  ағылшын  тілі  мұғалімдері 
стикер  –  смайликтертерді  немесе  түрлі  мультфильмдер  мен  комикс  кейіптерін 
қолданады.  Кейін  сол  стикерлерін  санатып,  дәптерде  ұқыпты  орындаған  жұмысы 
үшін  баланы  ынталандыру  мақсатымен  мұғалім  жинаған  бес  стикеріне  сәйкес 
журналға «5» қоя алады. 
Баланың  шет  тіліндегі  сөзді  түсінуі  құлағымен  мұқият  тыңдай  білуі  арқылы 
мүмкін болатындығы да мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет. Негізгі тапсырма 
ағылшын  тілінде  оқудың  техникалық  дағдыларын  қалыптастыруға  құрылған: 
оқушылар  алфавит  әріптерін  меңгеруі,  дыбыстық-әріптік  сәкестіктерді  меңгеруі, 
сөздерді, фразаларды және мәтіндерді олардың мәндік топтарға дұрыс бөле отырып 
ұғынуы  тиіс.  Алайда,  бастауыш  сынып  оқушыларына  ағылшын  тілінде  оқуды 
меңгеру  алфавиттер  арасындағы  айырмашылықтарға,  ағылшын  тілінің  графикалық 
және орфографиялық ерекшеліктеріне қарай қиындықтар туындауы мүмкін. 
Бұл мәселені білім берудің алғашқы жылында шешудің түрлі жағдаяттары бар. 
Соның  біріншісі  –  бүтін  бір  сөзді  оқыту  әдісімен  үйретуде,  ағылшын  тілінде  сөз 
болып  табылады.  Сол  сөз  оқыту  техникасын  меңгеруге  мүмкіндік  береді  –  сөздің 
графикалық  бейнесін  дыбыстау  –  оқу  ережесі  бойынша  (мәселен,  game)  оның 
мағынасының  арақатынасын  аңғару,  оқыған  сөзді  түсіну.  Яғни,  оқушылар  әріп 
танудан  соң  бірден  оны  дыбыстау  жолын,  сөздің  графикалық  үлгісінен  соң  оның 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
48 
дыбысталу  үлгісін  өтеді:  олар  әріппен  танысқан  соң,  оқыту  ережесіне  сәйкес  әрпі 
мен дыбысы ерекшелеу белгісімен көрсетілген жеке сөздерді оқи бастайды. 
Екінші  жол  –  дыбыстан  әріпке  көшу,  сөздің  дыбыстық  үлгісінен  графикалық 
үлгісіне  өту  жолы,  бір  сөзбен  айтқанда,  дыбысты  жазумен  бейнелеу  жолы.  Бұл 
жолдарды білім берудің шарттары тұрғысынан қарағанда, бір мектеп үшін жарамды 
жол  екіншісіне  жарамауы  мүмкін.  «Дыбыстан  әріпке  көшу»  жолы  мектепке 
келгенше  ауызша  сөйлеудің  кейбір  дағдысын  өткен  балаларды  оқытқан  кезде  өте 
тиімді екендігін көпшілік ұстаздар қолдайды. 
Негізгі айтарымыз, тілдік қызметтің барлық түрін – аудио (тыңдауы), сөйлеуді, 
оқуды  және  жазуды  –  бір  мезгілде  бастау  табысты  бола  қоймауы  мүмкін.  Өйткені 
балалардың  ағылшын  сөздерін  тыңдап,  сөйлеп,  түсіне  алуы  үшін  кем  дегенде  бір 
тоқсан, тіпті жарты жыл уақыт керек болады. 
Көпшілік қолданатын «дыбыстан – әріпке» технологиясына тоқталатын болсақ, 
бұл  технология  үрдісіне  балалардың  оқу  дағдысының  техникасын  қалыптастыру 
алынады: 
- оқушының жас ерекшелігін ескеру; 
- ана тілін үйренудегі жетістігін ескеру; 
- баланың ана тіліне арқа сүйеуі; 
- оқу техникасын баланың өз ерік-жігерімен меңгеруі; 
-  баланы  қарым-қатынастық  қабілетін  дамытуға  (екінші  біреумен  білген 
сөздерін қолдана отырып тілдесуге) бағыттау. 
«Дыбыстан –  әріпке»  жолын белгілі  психолингвист  Е. Негневицкая бастауыш 
мектеп  үшін  түзеп  шығарған.  Бұл  курс  бойынша  оқыту  техникасы  баланың 
алфавитті  және  оқу  ережесін  игеруі  үшін  транскрипцияны  көзбен  көріп  меңгеруі 
қарастырылады. Себебі, бұл деген ағылшын тілінде оқи білу машығын айтарлықтай 
жеңілдетеді,  әрі  оқушылардың  көпшілігі  ережеге  сүйенбестен,  біркелкі  оқылатын 
сөздерді жеңіл меңгереді. 
Сөз  соңында  айтарымыз,  сабақ  үстінде  тек  қана  үйретілетін  тілде  сөйлесу 
керектігін ең алғашқы күннен талап ету керек. Өзара қарым-қатынас сахнада ойнау 
арқылы немесе ойындар мен жаттығулар арқылы жиі  жасалуы керек. Оқушыларды 
белсендіру  үшін  шағын  әндер  мен  ұйқастарды  кең  қолданған  жақсы.  Өйткені  бұл 
жастағы балалар тілдің әндей әуезін өте тез қабылдап, мимикалық акцентті қапысыз, 
үйренгіш  келеді.  Әндер  мен  тақпақтар  есте  сақтау  үрдісін  жылдамдатады,  сөйтіп 
сабақтар тартымды бола түседі. 
 
Әдебиеттер 
1  Мирсеитова  С.  Оқыту  ізденіс  ретінде  және  ізденіс  оқыту  оқыту  ретінде.  – 
Қарағанды, 2011. 
2  Қобдикова  Ж.У.  Оқытудың  педагогикалық  жүйесін  технологиялық  негізде 
жетілдіру. – Алматы, 2005. 
3  Қуанышбаева  Г.Е.  Шетел  тілін  ерте  жастан  оқытудың  маңызы  және  оның 
ерекшеліктері. – Қарағанды, 2013. 
4 Ғаламтор сайттары. 
 
 
 
 
 
 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
49 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
АМАНГЕЛДИНОВА Анель, 
«№2 орта мектеп» КММ 9 «Ә» сынып оқушысы, 
Талдықорған қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЖАКСЫЛЫКОВА Арай Жунисбаевна, 
«№2 орта мектеп» КММ «Информатика» пәнінің мұғалімі, 
Талдықорған қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ТАРМАҚТАЛУ АЛГОРИТМІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ПРОГРАММАЛАУ 
ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ 
 
Аңдатпа.  Зерттеу  нысаны  –  оқу  процесінде  компьютерлік  технологияларды 
пайдаланып оқыту. 
Ғылыми  жұмысымның    мақсаты:  жоғарғы  деңгейдегі  программалау 
тілдерін  меңгере  отырып,  Delphi  ортасында  қазақ  тілінде  тармақталу  алгоритмін 
қолдана отырып, программалау тілдерін оқытудың электрондық қабықшасын құру. 
Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы.  Білім  мекемелеріне  орта  мектептің  оқу 
процесінде  оқытушы  программаларды  пайдаланудың  дидактикалық  шарттары 
айқындалды,  орта  мектептің  және  колледждің  информатика  курсына  арналған 
оқытушы-бақылаушы бағдарлама мысалы өңделді

Жұмыстың  іс-тәжірибелік  маңыздылығы:  зерттеу  жұмысының  барысында 
оқытушы бағдарламаны орта мектеп, орта  арнаулы оқу орындарында «Алгоритмдеу 
және  мәліметтер  құрылымы»,  «Алгоритмдеу  және  программалау  тілдері»  және  т.б. 
пәндерді оқытуда қолдануға болатындығында. 
«Тармақталу  алгоритмін  қолдана  отырып,  программа  тілдерін  оқыту» 
электрондық  қабықшасын  құру  жолдары.  Delphi  қосымшасын  кез-келген 
жағдайда  өңдеуге  болады.  Delphi-де  компоненттер  көп,  олардың  көбісінің 
функциялары 
түсінікті. 
Тесттік 
қосымшалар 
әртүрлі 
компоненттердің 
мүмкіндіктерін көрсетеді. 
Бірақ  нақты қосымшаны бұл  жолмен жобалауға болмайды. Жүйесіз  құрылған 
қосымша, қаншалықты жақсы болса да, біраз уақыттан кейін осы қосымшаны құрған 
адамның өзіне де түсініксіз болады. 
Осындай  қосымшаны  қайта  өңдеу  барысында,  өзімізге  жаңалап  жасаған 
біршама  оңайға  түседі.  Сондықтан,  келешекте  қажетсіз  жұмыстан  арылу  үшін 
өңдеудің нақты бір технологиясын үйренген жөн. 
Delphi-де  ол  үшін  барлық  мүмкіндіктер  бар.  Бұл  жерде  ең  алдымен  арнайы 
компоненттермен  басқарылатын  тізімдер  негізінде  жобалау  туралы  мәселе 
қозғалады. 
Объектілі бағыттау өз уақытында программалауда үлкен төңкеріс жасады және 
қазір  программаның  басқаша  құрылуын  елестету  қиын.  Бірақ  объектілермен 
әуестену функцияларды екінші орынға қойды. 
Қазіргі  кезде  әрекеттерге  қызығушылық  қайта  өрлеп  келеді.  Өйткені  әрекет 
дегеніміз  программаның  құрылуы  болып  табылады.  Және  объектілер  бұл  жерде 
қолданушының  әрекеттерін  жеңілдету  үшін  ғана  қызықтырады.  Сондықтан 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
50 
қосымшаның  жақсы  өңделуі  қолданушының  ыңғайлы  интерфейсынан  басталмай, 
әрекеттердің дұрыс жасалған тізімінен басталуы керек. 
Әрине,  жобалау  шегі  бойынша  бұл  бастапқы тізім кеңейтілетін  болады.  Бірақ 
та осындай тізімнің бастапқы нұсқауы жобалаудың дұрысталған нүктесі болу қажет. 
Әрекеттердің  тізімі  құрылған  кезде  интерфейстің  орындаушы  элементтері  туралы 
ойлануға болады. Бұл жерде кейбір қиындықтар тууы мүмкін. 
Әдетте  сол  бір  әрекет  үшін  бірнеше  инициаторлар  қарастырылады.  Мысалы, 
негізгі  менюдің  кейбір  бөлімдері  саймандар  тақтасының  жылдам  батырмаларымен, 
жанама  меню  бөлімдерімен,  жаңа  пернелермен,  кейде  қарапайым  батырмалармен 
қайталанып жасалады. 
Бұндай  қайталану  қолданушыға  ыңғайлы.  Бірақ  та  осы  барлық  басқарушы 
элементтерді  тәуелсіз  өңдеу  кодтардың  дұрыс  емес  көшірмесіне  алып  келеді,  ең 
негізгісі – қолданбаның іске асуы мен модернизациясының мүмкіндігін төмендетеді. 
Егер  де  сіз  әрекеттің  біріне  өзгеріс  енгізгіңіз  келсе,  онда  сізге  программаның 
бірнеше  жеріне  өзгеріс  енгізу  қажет.  Егер  де  бір  жерін  өзгертпесеңіз,  онда 
басқарушы  элементтер  жұмысы  дұрыс  болмайды.  Осындай  қиындықтарды 
болдырмау үшін Delphi-де әрекеттердің орталықтандырылған басқаруын қамтамасыз 
ететін компоненттер қарастырылған. 
Құрған әрекеттер тізімін сіз арнайы компонент-диспетчерге енгізесіз. Сонымен 
қатар сіз ойлаған әрекеттің орындалуын қамтамасыз ететін өңдеушіні жаза аласазы. 
Егер де сіз әрекеттер тізімін құрып алсаңыз, онда басқарушы элементтерді жобалау 
біршама жеңіл болады. 
Көптеген  элементтер  Action  қасиетіне  ие.  Осы  қасиетті  әрекеттердің  біріне 
жіберу  жеткілікті,  сонда  әрекетті  іске  асыратын  өңдеушімен  әрекеттің  барлық 
қасиеттері берілген басқарушы элементке көшіріледі. 
Жұмыстың  сипаттамасы.  Бағдарламаны  іске  қосқаннан  кейін,  экранға 
электрондық  қабықшаның  жалпы  тақырыпты  таныстырып  өтетін  «Тармақталу 
алгоритмін  қолдана  отырып,  программалау  тілдерін  оқыту»  атты  бірінші  беті 
шығады (1 суретте көрсетілген). 
 
1 сурет 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
51 
Бұл  бетті  құру  кезінде  мынандай  компоненттер  қолданамыз.  Ең  алдымен 
суретті қою үшін форма бетіне Image компонентін қоямыз. Қойылған компоненттің 
Picture  қасиетіне  барып,  керекті  суретті  таңдаймыз.  «Оқулық»,  «Әдебиеттер», 
«Нұсқау»,  «Мысалдар»,  «Шығу»  батырмаларын  жасауда  SbitBtn,  sSkinManager 
компоненттерді пайдаланылған.  
Егер де біз «Оқулық» батырмасын шертсек, 2-ші суреттегі бейне шығады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 сурет  
 
Бұл  бағдарламаның  негізгі  беті  болып  табылады.  Барлық  операциялар  осы 
ашылған бетте орындалды. Терезенің құрылысы мынандай: 
- Дәрістер; 
- Зертханалық жұмыстар
- Сөздік; 
- Тест; 
- Баспаға шығару; 
- Іздеу. 
Осы бетті жасауда SbitBtn, webBrowser  компоненттерді пайдаланылған. 
Төменде шығару программа үзіндісі көрсетілген: 
procedure TForm2.sBitBtn1Click(Sender: TObject); 
begin 
WebBrowser1.Navigate(GetCurrentDir+'\HTML\ТЕОРИЯЛАР.htm'); 
WebBrowser1.SetFocus; 
end; 
Мысалы: Паскаль программалау тілі туралы ақпарат білгіміз келсе, тышқанның 
көмегімен сол сөзді 3-ші суреттегідей етіп шертсек болғаны. 
 
 
 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
52 
 
 
 
 
3 сурет 
Негізгі бетке өту  
сөзін шерсек болғаны. 
Осы  сияқты  келесі 
  жұмыстар  батырмасын  шертсек,  4-ші 
суреттегі көрініс шығады. 
 
4 сурет 
Кез-келген  тақырыпты  шертсек,  5-ші  суретте  көрсетілгендей  тақырыпқа  сай 
есептер беріледі. 
 
5 сурет 
«Кері қайту» батырмасын шерту арқылы негізгі терезеге өту мүмкіндігі бар. 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
53 
«Тест»  батырмасын  шерту  арқылы  қолданушы  өзінің  білім  деңгейін  тексеру 
мүмкіндігі бар. 
«Тurbo  Pascal»  батырмасын  шерту  арқылы  қолданушы  бірден  Паскаль 
программалау тілінің интерфейсі шақырылады, яғни программа құру мүмкіндігі бар 
(6-шы суретте көрсетілген). 
 
6 сурет 
  батырмасын  шерту  арқылы  өзіңіз  таңдап  алған  ақпаратты 
қағаз бетіне шығару мүмкіндігі бар (7 сурет). 
 
7 сурет 
  батырмасын  шерту  арқылы  өзіңіз  белгілі  бір  сөзді  немесе  сөйлемді 
іздеуге мүмкіндігіңіз бар (8 сурет). 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
54 
8 сурет 
 
Келесі  негізгі  терезеден 
  батырмасын  шертсек,  9-шы  суретте 
көріп тұрғаныңыздай, қолданылған әдебиеттер тізімі шығады. 
 
9 сурет 
 
Негізгі тереземізден 
 батырмасын шеткенде экранда: 
«Негізгі терезе», «Негізгі бөлім», «Авторлар» сілтемелі сөздер шығады (10-11 
суреттер). 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
55 
 
10 сурет 
 
 
11 сурет 
 
 
12 сурет 
 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
56 
 
13 сурет 
 
Негізгі  тереземізден 
  батырмасын  шеткенде  экранда 
тармақталу  командасына  арналған  «Есептер»  формасы  шығады  (14  суретте 
көрсетілген). 
 
14 сурет 
 
 
батырмасын 
шерткенде 
тармақталу 
командалары: 
алгоритмдік,  Паскаль,  Си++  және  Бейсик  тілдерінде  жазылу  ережелері  толығымен 
беріледі. Қолданушы кез-келген мәтінді баспаға шығару мүмкіндігі қарастырылған. 
Тармақталу  командалары  3-ке  бөлінеді.  Олар:  шартты,  шартсыз  және  таңдау 
командалары.  Осыған  байланысты  берілген  есептің  шарты  біреу,  ал  шығару 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
57 
жолдары төрт түрлі болады. Себебі әр программаның жазылу реті мен орындалу реті 
өзгеше. 
Бұл жерде 4 түрлі: шарты, шартсыз, көп тармақты алгоритмдерге және таңдау 
командаларына есептер берілген. 
  Егер қолданушы  
 батырмасын шертсе, онда экранда 
15-ші  суретте  көрсетілгендей  есептің  бірілу  және  бірнеше  тілде  шығару  жолдары 
көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
15 сурет 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
58 
 
Қолданушы 
өзіне 
керекті 
программалау  тілін  таңдап,  сол  тілдің 
бағдарлдамасын  шығарып,  есепті  тестілеп 
шешімін көру мүмкіндігі бар (16, 17, 18, 19, 
20, 21 суреттерде көрсетілген).  
 
 
 
 
16 сурет – С++ программалау тілінің интерфейсі 
 
 
17 сурет – С++ тіліндегі ЕХЕ файлы 
 
 
18 сурет – Паскаль программалау тілінің интерфейсі 
 
 
 
 
 
 
 
19 сурет – Паскаль тіліндегі ЕХЕ файлы 

№№10-12(55-57), қазан-желтоқсан, октябрь-декабрь, October-December, 2014   ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
59 
 
20 сурет – Бейсик программалау тілінің интерфейсі 
 
 
21 сурет – Бейсик тіліндегі ЕХЕ файлы 
Жоғарыда атап кеткен программалау тілдері есептің шешімін қанағаттандырып 
тұр. Бұл программалардың жазылу түрі әртүрлі, ал алгоритмі бір. 
Негізгі  терезеден 
  батырмасын  шерткенде,  жұмыс  істеп 
отырған программаны аяқтауыңызға болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет