10-дәріс тақырыбы: Жерлес жазушылар Қалмұхан Исабаев, Ахат Жақсыбаев және Рамазан Тоқтаров творчествосы турасында



бет1/15
Дата05.06.2023
өлшемі100,43 Kb.
#98873
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәрістер. Аймақ.тұлға тану


10-дәріс тақырыбы: Жерлес жазушылар Қалмұхан Исабаев, Ахат
Жақсыбаев және Рамазан Тоқтаров творчествосы турасында


Қалмұхан Исабаев 1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген, 1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бөлімінің директоры болды.
1954 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінің Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып қызмет атқарған. 1955 - 85 ж. "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде әдеби қызметкер, "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры болған. И-тың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады.
Алғашқы әңгімелер жинағы "Баян" 1959 ж. жарық көрді. "Сапар сыры" (1981), "Десант" (1984), т.б. спектакльдері обл. драма театрларында қойылған. "Десант" комедиясы Қазақстан Мәдениет мин-нің 1984 ж. байқауында жүлдеге ие болды.
Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300-дей көркем очерк ғыл. және проблемалық мақалалары жарияланған. Кітаптары орыс, неміс, т.б. бірнеше тілдерге аударылған.
Қызыл Жұлдыз (1945), Еңбек Қызыл Ту (1975), "Қүрмет" (2003), 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, ГДР-дің Герман-Совет достығы қоғамының алтын белгісімен (1983) және көптеген медальдармен марапатталған. Халықар. "Алаш" сыйл. лауреаты (2005).
Қ.Исабаевтың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады. Алғашқы «Баян» әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Ажал құрсауында» (1961), «Жұмбақ үй» (1962), «Бетпе-бет» (1963), «Соңғы тәулік» (1966) повесть, әңгіме, очерктер жинақтады. «Сұңқар самғауы» (1966), «Айқыз» (1967), «Жолдас комендант» (1975), «Көгілдір қазына» (1978), «Серт» (1982), «Арна» (1984) т.б. романдары басылды.
Жазушы Ертіс-Қарағанды каналының жобасымен танысып, оның бойын жаяу аралады. Он бес жыл өмірін канал құрылысшылары арасында өткізіп, ол туралы кітап жазды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300-дей көркем очерк, ғылыми және мәселелік мақалалары жарияланды. Кітаптары орыс, неміс және басқа тілдерде жазылған. «Қызыл жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендері және медальдарымен марапатталған. 2003 жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Шығармалары: Баян. Әңгімелер. А., 1959; Соңғы тәулік. Әңгімелер. А., 1960; Ажал құрсауында. Повесть. А., 1961; Жұмбақ үй. Әңгімелер. А., 1962; Бетпе-бет. Роман. А., 1963; Поруслу мечты. Очерк. А- А., 1965; Қара бала. Повесть. 1965; Подвиг в степи. Очерк. А-А., 1966; Сұңқар самғауы. Роман. А., 1966; Айқыз. Роман. A., 1967; Соңғы ерлік. Повесть. А., 1971; Өткелде. Роман. А., 1972; Жолдас комендант. Роман. А., 1982; Арна. Роман. А., 1984; Зарок, Айқыз. Романдар. М., 1989; Бақытты сәттер. Естелік. А., 1989; Шоң би. Роман. А., 1993; Чайки в степи. Повесть. (Экологиялық толғау). А., 1994; Қажыға барған қазақтар. Зерттеу. А., 1996; Соңғы тәсіл. Жинақ. А., 1997; Комендант. Роман. А., 1998; Қаныш аға осындай еді. Зерттеу. А., 1999; Жанашыр жазбалары. Зерттеу. Аст., 2002; Мұндайлар болған. Жинақ. Аст., 2003.
Жазушы, журналист, аудармашы Ахат Имантайұлы Жақсыбаев 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң 1958-1960 жылдары Екібастұз қаласында дренажды шахтада жұмыс істеді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді. 1965-1967 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967-1972 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1972-1993 жылдары «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы, 1993-1997 жылдарында «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор, ал 1997-2000 жылдары «Ақиқат» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 2000 жылы жаңадан құрылған және «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Ақ желкен», «Балдырған» журналдарын қамтитын «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамның президенті болып тағайындалды.
2005 жылдың шілде айында «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамы «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылуына байланысты «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды. 2007 жылдың ақпан айында қызметінен босатылып зейнетке шығып, еркін шығармашылық жұмысқа көшті.
Жазушы Ахат Жақсыбаев қазақ баспасөзінде ұзақ жылдар басшылық қызметте боп, журналистиканың жақсы дәстүрлерін қалыптастыруда, ұлтымыздың қоғамдық ойының биіктеуіне көп еңбек сіңірді. Журналистика саласында шығармашылық қуаты мол қарымды қаламгер ретінде елге танылды.
Ахат Жақсыбаев аудармашы ретінде де кеңінен танылды. 1986 жылы Го Хаггардтың «Маргарет ару» романы «Жалын» баспасында қазақ тілінде жарыққа шықты. Сонымен қоса, Рой Медведевтің «Сталиннің серіктері» және Әнуар Әлімжановтың «Таным» повесін орыс тіліне аударған болатын.
Бұларға қоса әр жылдарда «Уақыт және қаламгер», «Сөзстан», «Бесжылдық белестері» жинақтарымен жекелеген очерктері жарық көрді.
Ахат Имантайұлы 1971 жылдан бері Жазушылар одағының мүшесі, 1976 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, ал 1993 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы боп сайланды.
1991 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағы берілді. 1978 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2007 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Шығармашылығы. Жазушы Ахат Жақсыбаевтың “Егес”, “Бөгет” романдары жұ­мысшы өмірін, яғни сол кездегі ең өзек­­ті тақырыпты суреттеген сәтті туын­дылар ретінде саналып, бағаланды. Бұл жөнінде мерзімді баспасөз бетінде пікірлер жарияланып, белді-белді сыншылардың назарына ілік­ті. Сәл кейіндеу “Қорған” романы жа­рық көрді. Ал, “Бозарал” повесі жа­зушының өз мүмкіндігінің өте жоғары екенін көрсететін көркем туынды бол­ды.
Ахаттың “Егес”, “Бөгет” романы мен “Бозарал” повесі орыс тіліне аударылып, бүкіл КСРО-ға тарап, белгілі жазушы екенін дәлелдеді. Кейін ол Г.Хагтардың “Маргарет ару” романын, Р.Медведевтің “Сталиннің серіктері” кітабын, В.Астафьевтің “Өмір өткел­­дері” повесін қазақ тілінде сөйлетті.
Халық Қаһар­маны Қасым Қайсенов жөнінде ро­ман-эссе жазып, оның екі-үш тарау­ын “Ақиқат” жорналында жариялады. Кейін бұл шығарма “Қайтпас қайсар” деген атпен кітап боп шықты.
Кітап бір ғана Қасым Қайсенов туралы емес, Ұлы Отан со­ғы­сындағы майдангер­­лердің асқан ерлігін сипаттайтын толымды шығар­ма. Бұл жөнінде Қасым аға былай дейді: “Бұл 1942 жылы болған оқиға еді. Сол жолы жа­нымның қысылғаны сондай, жаудың қолына тірідей түскенше өзім­ді-өзім атып тастауға аз-ақ қал­дым. “Міне, қа­зір өлемін”, деп пистолетімді шеке­ме тіреп, ақырғы оғымды өзіме жұм­самақ болдым. Басқа амалым қалмады. Алдымда да, артымда да – жау. Мен жалғызбын, енді мені өлім күтіп тұр...”[ ]
«Бұл кітапта ажал алдын­дағы партизан Қайсенов пен жазушы Қайсенов бет­пе-бет келіп, бір-бірімен егесіп, бір-бірімен сұхбат, құрып отырғандай әсер­де боласың. Шығар­мадағы өрбіген оқиға шып-шымыр, оқушының белін босатпайды, көзін шаршатпайды, кейіпкер – автордың арасындағы әңгіме үзік-созық, бірінің аяғы, бірінің басы емес, бір көргенге көгенделіп, өмір желісін құрастырады. Бұл кітап­тың бүгінгі ұрпаққа беретін тарихи-тағылымы мол. Осы роман-эссені Батыр ағамыз, марқұм Қасым Қайсе­нов­ке көзі тірісінде сөзбен сом­далған ескерткіш деуге әбден болады». [ ]
2006 жы­лы “Білім” баспасынан жарық көрген “Жаны жайсаң жақсылар” атты кітабы өзі сапарлас, қанаттас болған ака­де­мик-жазушы, қазақ-кеңес әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов, жазушылар – Ғабиден Мұстафин, Қасым Қай­се­нов, Әнуар Әлімжанов, Бекежан Ті­ле­генов, Оралхан Бөкеев, сонымен қа­тар, академик Әлкей Марғұлан, халық суретшісі Әбілхан Қастеев жөніндегі ой-толғамдары, .....туралы материалы қызықты оқылады.
Осы кітаптағы “Сәбеңмен болған сол бір кез” жазбасы аса тартымды. Ол ұлы жазушы жөнінде: “Сәбеңді қанша тықпаласаң да бір қалыпқа, бір арнаға сыйғыза алмайсың. Шындап қарасақ, жұрттан асқан жазушылығы бар, тынымсыз күрескерлігі, қайсар қай­­рат­керлігі бар, тындырған істері, жо­март көңіл, кең мінезі бар – осының бәрі сан-сала, сан тарауға жетелейді”, дейді. Шынында, бұл – көңілге қонымды, жүректен-жүрекке жететін сөз.
Жалпы алғанда, Ахат Жақсыбаев шынайы шындықты нұрландырып жазатын, сөйтіп оқырманды өзіне тәнті ететін қаламгерлердің бірі еді.
Рамазан Айыпұлы Тоқтаров 1935 жылы 13 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген. Жазушы жеті жасында екіге толған інісі екеуі әкеден жетім қалады. Алайда аналары жетімдік қиыншылықтарын көрсетпей өсіреді. Мектеп қабырғасында жүрген кезден бастап әдебиетке бейім болғандықтан өлең, әңгімелер жаза бастайды. 1953 жылы Павлодар қаласындағы №10 мектепті бітірді. Балалық шағы қара Ертістің жағалауында өткенімен, қызыққа толы студенттік өмірі Алматы шаһарында өрбіді. 1957 жылы Алматы шет тілдері институтының француз тілі факультетін бітірген.
Институтты аяқтаған соң Павлодарға оралып, Павлодар қаласы «Қызыл Ту» газетінің (қазіргі «Сарыарқа самалы») мәдениет және тұрмыс бөлімінің меңгерушісі болып істей бастайды. Онда 1960 жылға дейін жұмыс істеп, Алматы қаласына көшті. Кейін Тоқтаровты тағдыры «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» (1960-1966 жж) газетімен табыстырады. Мұны қаламгердің журналист ретіндегі «жұлдызды» сәті деп айтуға болады. 1966 жылдан 1976 жылға дейін «Қазақ әдебиетіндегі» проза бөлімінің меңгерушісі, кейін «Жазушы» баспасының аға редакторы, 1976 жылдан 1983 жылға дейін Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі және проза бойынша кеңесші болды.1989 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары болып істеген.
Рамазан Тоқтаров 2000 жылы 13 желтоқсанда қайтыс болды. 2002 жылы дарынды жазушының құрметіне Павлодар қаласындағы Баспа үйінің қабырғасында мемориалдық тақта орнатылды.
«Абайдың жұмбағын» жазған жазушы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанғанын естіп кетті. Өзі бүкіл саналы шығармашылық ғұмырын өткізген аяулы Алматысы атына көше берді. Туған қаласы Павлодардағы №10 орта мектепте тарлан қаламгердің музейі ашылды. Бұқар жырау атындағы облыстық өлкетану музейінде Р.Тоқтаров шығармашылығына арналған бұрыш бар. Жазушының біраз құжаттары Алматыдағы мемлекеттік архивке өткізіліпті. Ал қолжазбалары, күнделіктері, яғни жеке архиві әлі мұрты бұзылмай үйінде тұр. Оған әйелі Күлмәшкен мен қызы Бақыт бас-көз болуда.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет