10-дәріс Тақырыбы



бет8/11
Дата13.04.2023
өлшемі59,42 Kb.
#81949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
10-д ріс Та ырыбы

1

2

3




Болмады

  1. Асанов





Жұмысты тапсырмады

  1. Үсенов


Баға

Баға нормасы (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрап, оқушылармен талқыланған)

Оқушылардың саны

«1»

дұрыс жауаптар – 0-1

1

«2»

дұрыс жауаптар –2

4

«3»

дұрыс жауаптар –3

7

«4»

дұрыс жауаптар –4

10

«5»

дұрыс жауаптар –5

6

Оқушылар саны




30

3-ші бағанның мазмұны оқушылардың сапалық табыстарының сандық сипаттамасын мұғалiмге ұсынады.


Бұдан әрi мұғалiм дұрыс емес жауаптардың сұрақтарға байланысын көрсететін форманы толтырады.
2-кесте




1 сұрақ

2 сұрақ

3 сұрақ

4 сұрақ

5 сұрақ

Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны

2

6

0

11

16

Алынған мәліметтер негізінде мұғалiм келесi қадамдарды жасауы керек:
1. Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).Сабақты босатқан оқушыларға тақырыпты меңгеруiнiң сапасын тексеру үшін осы тапсырманы келесi сабақтың жоспарына енгiзу.
2. Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса). Себебiн біліп және оқушыға ағымдағы келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.
3. Жауап беру барысында үлкен қиыншылықтар тудырған сұрақтармен жұмыс.
2 - ші кестеде толтырылған мәлiмет оқушыларға 4, 5 сұрақтар қиыншылық тудырғанын көрсетедi. Мұғалiм оқушыларға қиындық тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек.

2 кесте


Мүмкін қиындықтар

Қиындықтарды шешу үшiн жоспарланатын қадамдар

  • берілген уақыттың жетпеуi

- қосымша уақытты ескеру;
- тексеру тапсырмасының көлемiн кiшiрейту;
- оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатымен нақты жоспарланған уақытқа тапсырмаларды өткізуді жалғастыру

- берілген сұрақты бұл тексеру жұмысына қосуға болмайды, оны келесi сабаққа жоспарлау қажет

  • қолданылған оқыту әдiстері берілген тақырыпты ашу үшiн тиiмсіз

- басқа оқыту әдiстердi қолдану туралы ойлау немесе анықталған шеберлікті жетілдіруге нақтылы бағытталған қосымша тапсырмалар таңдау

  • тақырып жеткiлiксiз ашылған

- тақырыптың ашылуына қосымша уақыт жоспарлау керек

- сұрақтың дұрыс қойылуын қайтадан қарастыру

Талдау нәтижелерiн қолданып, мұғалiм керi байланысты жоспарлайды және оны жүзеге асырады. Талдау төмендегі мәселелерді қарастырады:



  • осы оқушы үшiн бұл бағалау қаншалықты тиімді;

  • осы тақырыпты оқуға оқушының қатынасын өзгерту мүмкіндігі (оқушының ынтасын жоғарылату);

  • қандай тапсырмалар (жаттығулар) оқушының өзіне биiк нәтижелерге қол жеткiзуге көмектеседi;

  • Оқушының жеке парасатының деңгейіне сәйкес қорытынды тапсырмаларды жоспарлап дайындау. Тексеру жұмысында берілген тесттер, портфолио, зерттеу тапсырмаларынан гөрі оқушы басқа түрдегі тапсырманы сапалырақ орындауы мүмкін.

Мұғалім мәселені көре және бағалай білуі, оқу процесіне өзгерістер енгізу мақсатында шешім қабылдай білуі керек. Мұғалiм талдау өткiзу үшiн ұсынылған немесе басқа кестелерді, формаларды қолдана алады. Мұғалiм талдау нәтижелерін пайдаланып, керi байланыстың орнауын жоспарлайды және оны жүзеге асырады.
Формативті бағалау кезінде аналитикалық жұмысты жүргізу мақсат емес. Ол оқушылармен орынды керi байланысты орнату үшiн негізгі кезең, сонымен қатар оқыту процесiн жақсартудың мақсатында мұғалiм мен оқушының қызметiне енгiзілген өзгеріс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет