10-дәріс Тақырыбы



бет4/11
Дата13.04.2023
өлшемі59,42 Kb.
#81949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
10-д ріс Та ырыбы

Бақылау сұрақтары

  1. Топтық жұмысты бағалаудың ерекшеліктері

  2. Топтық жұмысты бағалаудың қандай бағыттары бар?

  3. Топтық жұмысты ұйымдастырғанда мұғалім оқушыларды қандай шарттармен таныстыруы керек?

  4. Топтық жұмысты бағалаған кезде жұмыс нәтижесінен басқа тағы не ескеріледі?



Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Методические пособия АО Назарбаев Интеллектуальные школы по критериальному оцениванию.

  2. А.А. Красноборова. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2010.

  3. Оценка достижения планируемых результатов в начальной школе. Система заданий в 2 частях. Под редакцией Ковалёвой Г.С.Логиновой О.Б. Москва «Просвещение» 2010 год.

  4. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика,2009 ж.



Бағалаудың басқа түрлері


Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в)оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерін көре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың мақсаты пән бойынша тақырыпты немесе тарауды оқуды бастарда оқытудың мақсатына қатысты оқушының алатын орны туралы ақпарат алу болып табылады. Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны – оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.
Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады:

  • алғашқы білім мен тәжірибенің диагностикасы;

  • алғашқы білім мен тәжірибенің өзектілігі;

  • алғашқы білім мен тәжірибенің проблемалылығы;

  • оқушылардың өз дайындық деңгейлерін өздігінен бағалауы;

  • оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;

  • оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу;

  • оқытылатын тақырыпты оқушылардың күтуін туындату.

Алдын ала тестілеу диагностикалық бағалаудың жалғыз түрі емес екенін байқаймыз. Тақырыпты оқытудың алғашқы кезеңінде сол курс бойынша ой қорыту және болжам жасау үшін рефлекстік жағдайлар туындатуға болады. Бұл кезеңде тақырыпты, бағдарламаны, оқытылып жатқан курстан не күтетінін талқылау керек.
Диагностикалық бағалаудың екінші буыны – жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет