тақырыптық карталармен жұмыс істеуді,географиялық номенклатураны; антропогендік әрекеттің қоршаған ортаға әсерін; географиялық қабық компоненттерінің қасиеттері мен ерекшеттіктерін анықтауды; географиялық деректерді графикалық түрде бейнелеуді біледі;
табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; саяси картаның маңыздылығын түсіндіреді;
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің халықаралық жүйесін; географиялық қабық пен географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін қолданады;
географиялық деректерді; графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми -жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын; жекелеген аймақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты ерекшеліктерін; халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен нысандарын талдайды;
кесте, сызбанұсқа, картасызба, хабарлама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды;
географиялық қабықтағы түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін бағалайды.
Оқу жетістіктерін критериалды бағалау əдісі оқушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік береді, өйткені, мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қайсыларымен əлі де жұмыстану қажет екендігін бағалауы тиіс. Осылайша, оқушының жеке оқу бағыты бағаланады, ал ол үшін алдын-ала бағалау критерийлерін дайындау қажет.
Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау əдісі көптеген шет елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты жəне валидті болып табылады. Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырады, білімін тереңдетіп, кеңейтеді, осылайша, оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін көтереді жəне олардың психикалық үдерісіне ықпал етеді.
ДББҰ-да қолданылатын критериалды бағалау жүйесінің моделі оның тəжірибелік маңызы мен артықшылығын көрсетеді:
оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады;
оқушының жұмысы оларға алдын-ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады;
баға қоюдың нақты алгоритмі оқушыға белгілі, соған сəйкес оқушы өзінің оқу үлгерімін өзі анықтап, ата-анасына хабарлай алады;
оқушылардың өзін-өзі бағалауға жəне оқуға деген ынтасы жоғарылайды.
Бағалау ағымдағы жəне қорытынды оқу кезеңдерінде оқушылардың үлгерімі жайлы ақпарат беретін білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Бағалау тəсілдері пəннің мазмұны мен критериалды бағалаудың түріне сəйкес өзгешеленуі мүмкін.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнын білу, түсіну, дағдылары туралы дәлелдерді ұсынатын және тоқсандық оқудағы ілгерілеуді өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын, тоқсан соңында балл қою арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалау әртүрлі бақылау-тексеру жұмыстарын өткізуді қарастырады (жұмыс форматы шектеулі емес, пәндік ерекшеліктерге қарай және оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары есепке алынып, анықталады). Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде талдау, жинақтау, бағалау сияқты жоғары деңгей дағдыларын тексеруді ескере отырып, түрлі ойлау дағдыларының деңгейлеріне жеткенін көрсететіндей, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды енгізуді есепке алу қажет. Аталған бағалау рәсімдерін жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде тапсырмалар үлгілерімен берілген тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы қолданылады.