10-дәріс Тақырыбы



бет6/11
Дата13.04.2023
өлшемі59,42 Kb.
#81949
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
10-д ріс Та ырыбы

_______________________

Болжаулы ұпайлар

Алынған ұпайлар

Мен өзім

Мұғалім




Топтағы барлық өз міндеттерімді уақытында және сапалы орындадым










Топта берілген тапсырмаларды зейін қойып орындадым










Берілген тапсырмаларды орындау барысында басқа қатысушыларға көмектестім және ынталандырдым.










Басқаларды мұқият тыңдадым










Дәлелді ойлар ұсындым










Талқылау жүргіздім (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға келісім беруге тырыстым)










Топтағы басқа оқушылардың айтқан ақпараттарын толықтырдым және түсініктеме бердім










Қорытынды:










Бұл үлгіні пайдаланған мұғалімдердің тәжірибесі бойынша оны пайдалану арқылы біртіндеп мұғалімнің қойған бағасы мен оқушылардың өздерін-өздері бағалауы сәйкестене түседі.


Өзін-өзі бағалау – бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді өз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу. Төменде көрсетілген №3 кестенің көмегімен қатысушылардың оқылып жатқан материалындағы мәселелерін анықтап, оларға талдау жасап, оның шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Кесте №3
«Идея жазбасы»
Аты_________________________ Мерзімі_________________________________

Мәселенің белгіленуі




Мен нені білемін?

Менің нені міндетті түрде түсінуім (білуім) керек




Шешім және ескерту




Түсініктеме және нақтылау

Бағалау және оқу процесі барысына оқушының белсенді қатысуы формативті бағалаудың маңызды құрылымы болып табылады. Сол себепті оқушы өзінің оқу нәтижелерін бағалау барысында міндетті түрде белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін-өзі бағалап үйрену, сол сияқты өзінің нәтижелерін жақсарту жолдарын таба білуі керек.


Оқушылардың бірін-бірі бағалауы. Сыныптастардың бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы.

  • Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады.

  • Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.

  • Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.

  • Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.

  • Бірін-бірі бағалау әдісін қолданарда оқушылар арасында дау туындамау үшін мұғалім барынша сақ, абай болуы керек. Ол оқушыларға өздері немесе тобы емес, олардың жұмыстары тексеріліп бағаланатыны жайлы айтып кетуі тиіс.

  • Бірін-бірі бағалау әдісін жиі қолдана беруге болмайды.

Бақылау сұрақтары

  1. Бағалаудың қандай түрлерін білесіз?

  2. Диагностикалық бағалаудың мақсаты неде?

  3. Өзін-өзі бағалау тиімді іске асу үшін қандай жағдайлар жасалу керек?

  4. Оқушылардың бірін-бірі бағалаудың артықшылығы неде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет