10. Махамбеттің «Мұнар күн» толғауының мазмұн, мәнін түсіндіріп жазыңыз



бет2/3
Дата22.12.2022
өлшемі26,27 Kb.
#59048
1   2   3
Байланысты:
40-46 ХІХғ

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) – 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын, өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер. Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда ақын 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан ауданының Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірінде 1881 жылы қайтыс болған. 
Ақын өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.Радловтан кейін Қазан қаласында оның өлеңдер жинағы басылып жарық көрсе, кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығармалары әр алуан жинақтарда басылып келді. Мұның бәрі ақынның өлең, жырларының ел жүрегінен өшпестей орын тепкенінің айқын куәсі болып табылады. 
Шортанбай ақын әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі. Ол бүкіл саналы өмірі мен бойындағы ақындық асыл дарынын туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін, оның ертеңгі болашағының мән-жайын жырлауға арнады, өзі куә болып отырған заманның кесел-мерездерін өзгелерден бұрын сезініп, соны аяусыз әшкерелеуге аянбай атсалысты. Ақын белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. 
Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған», т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы «Келер заман сипаты» атты шығармасы. Онда халықтың болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Ескіше сауатты, шығыс әдебиетінен хабардар ақын өлеңдерін жазып шығарумен қатар, қаумалаған көп алдында жұрт өтінішімен түйдек-түйдек ағытып, төпеп те жырлаған. Өзіне дейінгі Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Өмірінің дені Арқа өңірінде өткен ол Жанғұтты ақынмен достық қарым-қатынаста болып, сыйластықпен ғұмыр кешкен. Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайысына түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық байқауға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан мәрте жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін семімталдығын танытады. 
Шортанбай мұраларын зерттеу ісіне М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді. Ақын шығармаларының қолжазбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ұлттық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Дереккөздері: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 9 том Қазақ әдебиетінің тарихы 10 томдығының 4-ші томы

13. Шортанбай шығармашылығындағы зар заман сарынын ашып жазыңыз.


Шортанба Шортанбай ақынның шығармаларының дені дерлік «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай заманды аңсап, заман ағысының кері кетіп бара жатқанына налудан туған. Мысалы, «Зар заман» деген толғауында өткен заманның жақсылықтарын аңсау байқалады. Мұнда ақын заман азды, заң тозды, бұрынғы зорлар қор болды, қорлар зор болды, ұрпақ ата-анасын тыңдаудан қалды деп торығады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселені жырға арқау етіп, жұртқа төрелік айтатын билер мен ел билеушілерінің парақорлығы мен әділетсіздігін, ел ішіндегі алауыздықты тағы басқа да мін-қылықтарды шариғат жолымен кінәлап, бұрынғы өтіп кеткен замандағы билердің әділ іс-әрекеттерін аңсайды. Аласапыраны көп алмағайып замандағы өзгерістер мен жаңалық біткенді танығысы келмей, оған үрке қарап:
— Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман.
Азусызға тар заман,
Мұның өзі — зар заман…- деп, кейпі қашқан заманның кесір кепиетін ашына айтады, батыл толғайды. Қазақ жеріндегі ел билеушілерді сын садағына алып, Асанқайғыша толғанады әрі торығады.
Заман ағымының беталысының қалыптан ауып, адамдар арасындағы әлеуметтік теңдіктің ауытқуын, осыдан барып кедей мен жоқ-жұтаң елдің басына түскелі келе жатқан кесапаттан жұртты сақтандырып:
Мынау ақыр заманда,
Алуан-алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты,
Қайырымы жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Кедей қайтіп күн көрер? —
Сол себепті қорқамын! — деп, заманның түнеріп келе жатқан қара бұлтын ашық көрсетеді.
Шортанбай шығармаларының өзегі — беталысы өзгерген заман, қайырымсыз қоғам, берекесі кете бастаған халық тұрмысы, елдің өмір сүру ырғағының бұзылуы, қонысы мен жерінен шеттетуге негізделген қысым көрсету, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған ел тонаудың небір түрлері, екі жүзді ел билеушілер, бұзақы тонаушы топтар. Патша отаршыларымен қатар елді қанауға малды байлар да, алып сатар саудагерлер де кірісіп жүргенін шығармаларында көрсетеді. Бұларға қоса князьдар мен генерал-губернаторлар, әскербасылар мен дуанбасылар, соттар, тілмаштар секілді сол кездің әкім-ұлықтары елдің тыныштығы мен дәулетін судай ша­шады. Осыны көріп отырған Шортанбай ақын:
Заман қайтып оңалсын,
Адам қайтып қуансын,
Жандарал болды ұлығың.
Майыр болды сыпайы,
Айрылмайтын дерт болды,
Кедейге қылған зорлығың.
Князьді көрдің піріңдей,
Тілмәшті көрдің биіңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр алдыңда,
Қазылып қойған көріңдей, — деп, олардың барлығын елдің ырыс-несібесін жалмайтын ауызын ашқан аждаһадай етіп көрсетеді.
Ол «Бір тәңірге аян-ды», «Бір насихат айтайын» және тағы басқа да өлеңдерінде қараша халықтың ауыр тұрмысын, би-болыстар, ұлықтар мен байлардың ел билеудегі кейбір келеңсіз әрекеттерін, озбырлықтарын әшкерелеп көрсетеді.
… Кедейлерге салып шығынды,
Негізі байдың тоймайды, — деп, байлардың тойымсыздығы мен ашкөздігін өткір тілімен түйрейді, олардың бет-бейнесін ашып береді.
Отаршыл Ресей патшасының қазақты үйреншікті сүйегіне сіңген әдет-ғұрыптан, наным-сенімінен, иманынан, ел билеу салтынан айыруға жасаған әрекеті мен зорлықшыл әділетсіздігін көрген Шортанбай одан әрі:
…Осы күнде заманың
Осылайша болып тұр.
Мұсылманды бұл күнде,
Орыс кәпір жеңіп тұр…- деп, түйіндейді.
Ш.Қанайұлы қазақтың бойындағы адами қасиеттердің айни бастағанын, ұлттық тұрпаты мен елдік сипатының бұзылғанын былай деп көрсетеді:
Заманақыр кезінде —
Ұл сыйламас атасын.
Қыз сыйламас енесін,
Ер жеттім деп егесіп,
Салыстырар денесін, — деп, қазақтың қанында жоқ жат қылықтардың өріс алып келе жатқанын ашына жырлап, ескертеді, кимелеп келе жатқан кесапаттың кері кеткен кейпіне ашынады.
Бұдан әрі мұсылмандық шарттар мен иманға жасалып жатқан қиянат, адал мен арамның ара қатынасы туралы да болашақ болжамын айтады.
…Зекетсіздің бұйырар
Сүндетсізге жиғаны.
Аузы түкті ие боп,
Қазаққа берер қиғанын, — деп, көреген ақын күйініш білдіреді.
Бұдан соң ақын ХХ ғасырда қазақтың басынан өткерер бар қияметі туралы:
…Қайран да халқым, қайтейін,
Кейісті көп тартасың.
Көппен көрген селебе,
Селебені елеме,- деп, егіле отырып, елін жұбатады.
14. Шортанбайдың «Алдаушы заман» туындысының мазмұн, мәнін танытыңыз.
Шортанбай ХІХ ғасырдың орта тұсында патша үіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туған әлеуметтік өмірді «Алдаушы жалған» дейтін өлеңінде былайша түйіндейді:
Текті туған ер жігіт
Кедейлік басса, құлығар.
Аяқты қия басу жоқ,
Орыстың салған жолы бар.
Емін-еркін заман жоқ,
Ендігі жүрген жігіттің
Маңдайында соры бар.
Шортанбай шығармаларының негізгі ерекшеліктерінің бірі деп, оның жырларының ақылгөй, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Ақын әр тұста терең толғап, өрнекті де өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың арнайы айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады.

15. Шортанбайдың «Бала зары» туындысының мазмұн, мәнін түсіндіріп жазыңыз.


Ақынның шығармаларының бір саласы – термелер. Терме-халықтық тәлім-тәрбиенің негіздері болатын адамгершілік, мінез-құлық қағидаларын баламалы, салыстырмалы бейнелікпен жырлайтын дәстүрлі шығарма. Шортанбайдың термелері де қазақы тұрмыстық қарым-қатынастың табиғи мазмұнындағы асыл сапалы ізгілік шапағатына бөленген қасиеттерді тере, жинақтай айта отырып, солардың барлығын да мұсылмандық қағидалармен ұштастыра жырлайды. Шортанбайдың «Бала зары» атты ұзақ термесі – қазақ поэзиясындағы мұсылмандық-софылық-философия тереңдіктерін шынайы таныта алатын кесек туынды. 
«Бала зары» – композициялық құрылысы жағынан бірнеше тақырыптық бөлімдерден құралатын термелер жиыны. 
Бала зары толғауының идеясы- құрылысында ақын адамзатты жаратқан Адам Атадан тарағандардың пиғылдарына қарай мұсылман мен кәпір болып бөлінуі болғанын айтады. Адамзат жаратылғаннан бері жақсылық пен жамандық арпалыса қайшыласқан қарама-қарсылықты құбылыстарға толы осынау фәни жалғандағы тіршілік тынысын философиялық ойшылдықпен, лирикалық сезімталдықпен жырлайды. Адамдық ғұмырдың реалистік өмір шындығымен суарылған тынысын айқын бояулармен елестетеді. 
16. Сүйінбай Аронұлының толғаулары, олардың тақырыптық-идеялық мазмұны туралы баяндаңыз.
Сүйінбай – XIX ғасырдың 30-жылдарынан 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам іркіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау. Оның өлеңдері мен айтыстарында XIX ғасырдағы қазақ елінің өмір-тіршілігі, арман-мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі мен байлығы барлардың кедей- кепшікке көрсеткен зорлық-зомбылығын, әлеуметтік әділетсіздікті көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқшысы болды. Би мен бектің, атқа мінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырлармен естен кетпестей қып бетіне басты. Ел бірлігін, оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлады. Ол өзінің бұл биік адамгершілік-этикалық ұстанымын жолын қуған талантты шәкірттерінің көкірегіне құйып отырған. Қаратай, Өтеген, Сұраншы, Сауырық, Сыпатай сияқты жоңғар қалмақтарына соққы берген, Жетісуды Қоқан басқыншыларынан азат еткен даңқты батырлар жайында Жамбыл бастаған кейінгі ақындар Сүйінбайдан қалған үлгімен жырлаған. Қырғыз эпосы «Манас», көне түркілік «Көрұғлы», түбі шығыстық «Шахнама», «Тотының тоқсан тарауы» тәрізді ұлы туындыларды жырлап, келесі ұрпаққа жеткізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет