Аутогендік жаттығудың негізі болып жүйке жүйесі мен қаңқа еті арасындағы кері байланыс принципі орын алады. Мысалы: жүйкенің кернеуі мен қозуы бұлшық етке беріледі, өз кезегінде қаңқа етінің босаңсуы – жүйке жүйесінің қалпына келуін (немесе тыныштық күйге ауысуын) қамтамасыз етеді.
2. Стреске қарсы күндік “қалыпқа келу”.
Адамдар көбінесе жұмыстан қайтқанда, жұмыста шаршаудан пайда болған көңіл-күйін отбасына алып келеді. Осындай күнделікті күйкі тірліктегі жаман көңіл-күйді үйдегілерге алып барып араластырмау үшін не істеу керек? Осылайша Сіз үйге стресс алып келесіз, ал ол барлығына кінәлі. Сіз өз ойыңызды шеше алмайсыз. Сондықтан, бірінші кезекте жақсы әдет қалыптастыру керек. Сабақтан немесе жұмыстан келгенде, бірнеше релаксация жүргізу керек.
3. Қалыпты ұйқыны сақтау ережелер
4. Өзін-өзі сендіру бағдарламасы (ағылшын психологы Клер Райнер талдаған).
І қағида. Таңертең бар қуатыңызды үйден жап-жақсы күйіңізде шығуға жұмсаңыз. Түс кезінде айнаға қараңыз. Барлығы қалпында ма, соңғы рет – жатар алдында солай істеңіз. Күніге осы менің қалпым қандай күйде екен, деген ой Сізді мазаламауы керек.
ІІ қағида. Өз бойыңыздағы кемшілікке орала бермеңіз. Ондай кемшіліктер кімде де болсын бар. Егер де Сіз кемшін жерлеріңізге көп көңіл аудара бермесеңіз, басқалар да оны байқамайды.
ІІІ қағида. Жұрт өзіңізге айдан анық нәрселерді байқамайды, оларға көз салмайды. Басқа бірнеше адамдар тұрғанда, сөйлегенде қызара бастайтындығыңызды сезесіз бе? Ал оларға Сіздің қызарған бетіңізді көру жәй қуаныш іспетті. Өзіңіз неден қысылып тұрғаныңызды білдіртпейінше, оған жұрт көңілін аудартпайынша, адамдар Сізді қызартпайды, ұрымтал жерлеріңізге көз түсірмейді.
ІV қағида. Басқаларды артық сынға алмаңыз, әйтпесе ертелікеш Сіздің бәз қалпыңыз және мінезіңіз де сын садағына қазір іліне ме деп ойлай беретін боласыз. “Ешкімді сөкпе, сонда сен де сөгілуші болмайсың”,– деп інжіл де ғибрат қылады.
V қағида. Басқаларды көңіл қойып тыңдаңыз, сонда олардың да Сіз десе көңілі ерекше болып тұрады. Жұрт көбіне тыңдаушыларды жақсы көреді.