5. Рухани қасиеті жоғары адамдардың денсаулықты сақтау әдеттері (Кацудзо Ниши бойынша)
1. Қорқыныштан қашпаңыз. Қорқынышты талдаңыз, оны жәй сезім ретінде қабылдаңыз. Егер де біз қорқынышқа тура қарай алмасақ, ол бізді жеңеді. Өзіңіздеп қорқыныш сезімін сырттай бақылап, оған мойын ұсынбаңыз. Қорқынышқа киноға қараған сияқты қараңыз. Экраннан көргеніңіздің бәрі шындыққа жатпайды. Қорқыныш келеді, кетеді, экрандағы кадрлар сияқты. Егер де қорқынышқа қатты көңіл бөлінбесе, одан арылу оңай.
2. Өткен кеткенді қайта-қайта есіңізге алмаңыз. Барлығын жаңадан бастау ешқашан кеш болмайды. Ал бәрін жаңадан бастау үшін, өзімізді өткеннен арылтуымыз керек. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, өз өміріңізді жаңа бастамаларда құрастырыңыз. Бұл Сіздің жаңа жетістіктерге жетуіңізге жол салады.
3. Өзіңізді өзіңіз аяп, босқа күш жұмсамаңыз. Ол энергия бекер жұмсау болып саналады. Өзіңізді өзіңіз аяй берсеңіз, сол баяғы ащы ойлардан құтыла алмайсыз. Жылдар бойы ішіңізде сақтап жүрген өкпе қатерлі ауруларға әкеп соғуы мүмкін. Өткенді кешіре біліңіз. Кешіру — бұл өкпелеу сезімімен, ауру сезімімен қоштасу. Ал, керісінше, кешірмеу, ауыр ойлар ақыр соңында иесіне қарсы бағытталады.
4. Жаман ойларға тұйықталмаңыз. Сіздің өміріңізде барлығы жақсы деп ойлаңыз, солай айтыңыз. Өз ойларыңызды оңға бұрыңыз.
5. Сізге қанағат сезімін әкелетін істер жасауға күнделікті жоспарлар жасаңыз. Театрға баруға немесе кітап оқуға уақыт бөліңіз. Достарыңыздың, туыстарыңыздың туған күндеріне барыңыз, көрмелерге, басқа да қызықты, күлкі-думан кештерге барыңыз, бірақ оның да шегі бар екенін ұмытпаңыз.
6. Адамдарға көмектесіңіз. Сонда жан дүниеңіз бірталай жеңілдеп қалғанын сезесіз.
7. Ішіңізде не болып жатқанына қарамастан, ешбір сыртыңыздан білдіртпей, жамандыққа мойын ұрмаңыз. Егер Сіздің бойыңызда күш-жігер мол болса, егер Сіз жамандықты жеңуге өзіңізді бағыттасаңыз, онда сәттілік өзін көп күттірмейді.
1. Психикалық саулық туралы ұғым. Психикалық және сомалық саулықтың байланысы.
1. Психикалық саулық туралы ұғым. Психикалық және сомалық саулықтың байланысы.
2. Стресс, оның кезеңдері және биологиялық мәні. Г. Селье бойынша стресс кезеңдерінің сипаттамасы.
3. Эмоциялық стресстің кезеңдері.
4. Тесттер арқылы психофизиологиялық жағдайды бағалау тәсілдері.
5. Психопрофилактика туралы ұғым. Психофизиологиялық жаттығулар (релаксация, өзін-өзі сендіру, аутотренинг).
6. Қалыпты ұйқыны сақтау ережелері.
7. Психикалық денсаулықты сақтау жөніндегі ұсыныстар (рухани қасиеті жоғары адамдардың әдеттері К. Ниши бойынша, жан саулығының қағидалары және т.б.).