10-сабақ денсаулық психологиясы. Психикалық денсаулық ЖӘне тән саулығЫ. Психофизиологиялық жаттығулар



бет1/8
Дата15.04.2023
өлшемі83,09 Kb.
#82895
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
10-сабақ

10-сабақ ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ. ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘН САУЛЫҒЫ. ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР.

Денсаулық физикалық, психологиялық және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

«Салауатты өмір салты» деген ұғым тек үстіртін көзқарасқа ғана жай дүние болып көрінуі мүмкін.

  • Психикалық денсаулық — адамның денсаулығының негізгі компоненті, рухани жағдайының тұрақтылығы. Ол адамның өзін-өзі бағалау, эмоция тұрақтылығын бақылау, еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыруы мен оның қоғамдағы қарым-қатынасын қамтамасыз ету шамасы
  • Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелісінің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш те бола алады.
  • Күйзеліс деп стресстік жағдайды айтады. «Стресс» деген сөздің аудармасы — зорлану, күштену, ширығу. Стресстің физиологиялық мағынасы – зиянды әсерлердің бәріне бірдей организмнің жалпы қорғаныс қабілетін жұмылдыруға бағытталған жауабы. Г. Селье стрессті үш кезеңге бөледі:
  • 1. абыржу;
  • 2. төзімділік (резистенттілік);
  • 3. әлсірету.

Эмоция тудыратын күйзелістің пайда болу ағымында сезімнің 3 кезеңі болатыны айқындалған:

  • Эмоция тудыратын күйзелістің пайда болу ағымында сезімнің 3 кезеңі болатыны айқындалған:
  • І кезең. Стресс тудыратын оқиғаны бағалау. Стресстің анық қаталдығы онша болмағанымен, мәселе оны адамның өзінше бағалауында. Бағасына қарай организмде биохимиялық өзгерістер туады.
  • ІІ кезең. Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физиологиялық, биохимиялық жауабы. Мәселен, адреналиннің бөлінуі өздігінен әсер етеді.
  • ІІІ кезең. Болашақта стрессті болдырмайтын, оның себепсалдарын жоюға бағытталған іс-әрекет (мінез-құлық).

Психопрофилактиканың түрлері – релаксация, өзін-өзі сендіру, аутогендік жаттығулар.

  • Релаксация (босаңсу) – дене мен психиканы керексіз ой жабырқаудан, абыржудан сақтау. Музыкалық терапия адамды абыржудан және бос ойдан босатады, ал вокалотерапия бой сергітеді. Би билеу адамды оптимистік көңіл-күйге бөлейді. Еріксіз релаксацияға ұйқы алдындағы босаңсуды жатқызсақ, ал еріктіге– сол мезетке тән дене қалпының тыныштық күйін жатқызуға болады. Өзін-өзі сендіру – бұл адамның жұмыс жасау қабілетін, сергектік қалпына келуін және ішкі сезімнің теңдігін анықтайтын психотерапиялық тәсіл. Аутогендік жаттығудың негізгі мақсаты – адамды, организмдегі психофизиологиялық үрдісті реттеуге саналы түрде сөз бен ойын жұмсауға үйрену.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет