10 семинар: XIX-XX ғ. басындағы қазақ зиялылары еңбектеріндегі жер мәселесі туралы көзқарастар



бет2/2
Дата04.04.2023
өлшемі75,55 Kb.
#79158
түріСеминар
1   2
Байланысты:
Жумабекова Жансая (1) (1)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында (Оқу құралы).- Алматы, «Санат» , 1994.-416 бет.
2. Наливкин В.П. Краткая история Кокандского ханства — Казань. 1886 216с.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы : 4 кітаптан тұратын оқулық / ҚР Білім және ғылым м-гі, Әл-Фараби атын. ҚазҰУ; [құраст.: Т. О. Омарбеков және т. б.]. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2016.
4. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней: в 5 т. / АН КазССР; [гл. ред.: А. Н. Нусупбеков, С. Б. Бейсембаев]. - Алма-Ата: Наука, 1977.
10-семинар
Қазақ жерінде отарлау болған уақытта жер мәселесі ең маңызды тақырыптардың бірі еді. Ең алдымен әрбірінің тәуелсіздікті ойлаумен қоса, 1893 жылдан 1905 жылға дейінгі 5 жылда қазақ халқынан 4 млн астам жер және одан кейінгі 7 жылда 17 млн жер тартып алынған уақытта, әрине әрбір қазақ өз жерінің қамын ойлайды. Патша өкіметі қазақ халқының мүддесімен есептеспей, шұрайлы жерлерді игере берді. Сонымен қатар, жер мен қоса елімізде білім беру ісі мен ағарту жүйесінде де өзгерістерді орната бастады.
Ресей империясы қазақтың кең-байтақ өлкесін экономикалық жағынан, идеологиялық жағынан орыстандыру арқылы басып-алуды, бағындыруды көздеді. Жерімізді отарлық саясат көзқарасы тұрғысынан қарап, қазақ елінің халық, ұлт ретіндегі өзіндік даму жолдарын айқындауына, салт-дәстүрлердің сақталуына, ұлттық табиғи өркендеуіне мүмкіндік бермеді. Сол уақыттағы зиялылар туралы Т.Төлебаев: «Ол кезеңдегі қазақ зиялылары қазақ жерінде ...капиталистік қатынастардың дамуымен қалыптасқан күрделі модернизациялық құбылыс барысында өз халқының жаңа жағдайға бейімделу мүмкіндіктері мен тиімді жолдарын іздестіруге ұмтылды, және жалпы ұлттық мүддені жоғары қойды, отарлық жағдайдағы халықтың құлдық дәрежеде қалуын емес, басқалардан кейін қалмауын, саяси, рухани еркіндігіне қол жеткізі тәсілдерін ойластырды.»
Осындай тұлғалардың ойында ең басты үш мәселе болды. Оның біріншісі және маңыздысы – жер мәселесі. Себебі Ресейден қазақ жеріне шаруаларды қоныстандыру үдей түскен еді. Қоныс аударушылар қорына бөлінген жерлер неғұрлым шұрайлы, егістікке бай болып келді, ал жергілікті халық керісінше қуаң далаға, сортаңды жерге ығыстырылды. Мұның өзі мал бағумен айналысқан халықтың жағдайының күрт құлдырауына әкелді. Екінші мәселе айтып кеткендей оқу-ағарту ісі болды. Ал үшінші мәселе қазақ еліңдегі адамдық құқық, ұлттық мүддені табанға таптаған патшалық өкімет отаршылдығының шынжыр бұғауы – басқару системасы еді.
Қазағымыздың ұлаң-байтақ жерін сақтауда Алаш зиялыларының косқан үлесі зор. Бәріміз білетін Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов және Әлімжан Ермеков, Жүсіпбек Аймауытов, Телжан Шонанұлы т.б болды. Мысалы Т.Шонанұлының «Жер тағдыры-ел тағдыры» монографиясында патша өкіметінің қазақ жерін отарлау, ондағы орыс-шаруаларын қоныстаңдыру саясатына баса назар аударған. Және ол жер мәселі жайлы: «Қазақ жеріне отаршылдардың ұстанған саясаты, қолданған ебі, тұтынған әдісі, жасаған зорлығы – қазақ тұрмысын көп өзгеріске ұшыратты. Көшпелілерді бірте-бірте жерсіз қалдырып, тақыр мен шөлге иіріп тастап, егін саларлық, отырарлық жерден құр алақан қалдырды», «Қазақ жерін мұжыққа тартып алып берсе, қазақ жерден айырылмақшы. Жерден айырылса, сіңірі шыққан қу кедей болмақшы. Осындай қу кедей болуды ғылым тілінде «пауперизация» дейді. Қазақ арасына пауперизация жасаса, орыстың өндірісшіл капиталына арзан малай көбеймекші» деп айтып кеткен. Сонымен қатар, М.Тынышпаевта 20 ғасырдың басындағы қазақтың қайғылы, әрі қасіретті тұрмысы жайлы өз шығармаларында баяндап кеткен.
Жер мәселесі А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов бастаған топтыда қатты ойландырды. Алғашында өз пікірлерін «Айқап» бетінде білдіріп, кейінірек өз басылымдарын ашуға ұмтылды. Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары қызметінде жүргенде де Ә.Бөкейханов үшін жер мәселесі ең негізгі болып қала берді. Мысалы, ол «Жер десе дірілдемей болмайды», «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға үйреніп игермейінге, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмесін», «Жерсіз халықтың өз алдына ұлт болып жасай алмайтындығы белгілі. Жерін жоғалтып, біріккенде, қазақ не опа табады?» деген. Ал Ахмет Байтұрсынұлы жер мәселесі туралы былай айтып кеткен: «Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі иа өлу болу мәселесі», сонымен қоса, жер туралы: «Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны – жер қазыналық болғандықтан: әйтпесе, бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқан қазақ бүгін – жерін сатып тойып, ертең – теңіреп кетер еді» деген.
Жалпы, 20 ғасыр басында еліміздің тәуелсіздігін аңсап келген зиялылар қауымының тарихи ойға қосқан үлесі бүгінгі қалыптасқан Қазақстанның тарихи дамуына мол мүмкіндік бере отырып, болашақ ұрпақты өз мемлекетіміздің өткен және бүгінгі тарихи үрдістерін оқып, зерттей арқылы патриотизме тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Негізінен қай кезде болмасын Алаш партиясы жайлы кішкене болсын мәлімет білген адам оларды үлгі тұтып, Алаш партиясының мүшелері туралы әрқашан мақтанышпен айта алады. Себебі қандай қиын жағдайда болмасын, елін түзу жолға итермелеген, халқымыздың жерін, тілін, билігін, егемендігін ойлаған зиялылар тобы болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Абикенова К. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанда тарих ғылымының қалыптасуы және дамуы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 158 б.
2. Алаш айтқан ақыл сөз. Бірінші басылым/ - Алматы, «Ел-шежірі» қоғамдық қоры. 2016. – 296 бет.
3. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ романдарындағы тәуелсіздік идеясы/ Ө.Әбдиманұлы (жалпы ред. Басқ.), А.Темірболат, Ш.Шортанбаев, Е.Сұлтан. – Алматы; Қазақ университеті, 2013,- 165 б.
4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы (Көмекші оқу құралы).- Алматы, «Санат», 1995. – 368 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет