Алынған білімді дамыту
Алдынғы бөлімде қалыптасқан тілдік түсінік пен дағдыларға сүйенеді. Осы бөлімде қалыптасатын тілдік дағдылар «Отандық өнеркәсіп өнімі» тақырыбы аясында дамиды. Түрлі мәтіндер мен алуан ресурстарды қолдана отырып, ондағы көтерілген мәселелерді салыстырып, өз ойын логикалық дұрыс жеткізуге дағдыланады. Кәсіби бағыттағы мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолдану, тыңдаушыға әсер ету жолдарын игереді. Түрлі стильдегі мәтіндерді жанры, қызметі, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясына қарай салыстырады. Сондай-ақ, стильдің жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, жазба жұмыстарын орындайды. Мәтін құрауда есімше сөздерді стильдік қызметіне сай орынды қолдануға дағдыланады.
Жұмыс формаларын (жеке, жұптық, топтық) оқу мақсаттары мен тапсырманың ерекшелігіне қарай түрлендіруге болады. Оқушылардың жетістіктері оқыту мақсаттарына сай бағаланады. Оқушылар жеке, жұппен, топпен және тұтас сыныппен жұмыс істеу арқылы тілдік дағдыларын қалыптастырады.
|