Бөлімде қамтылатын оқыту мақсаттары:
10.Т1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау;
10.Т1.6.1 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдеу;
10.А2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану;
10.А2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру
10.О3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (интервью) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау;
10.О3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау; 10.Ж4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;
10.Ж4.4.1 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация);
10.ТБ5.1.1 көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдану.
|