A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай)
B. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай)
C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай)
Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
ЖЖ. «Ар соты ауыр ма, заң соты ауыр ма?» ойтолғау жазу.
Қалыптастырушы бағалау.
Талқыланатын негізгі сұрақтар:
• Түрме – түзелу мекені ме?
• Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.
• Түзету колониясы әлде қоғам махаббаты.
• Дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы айырмашылық.
|
Мұғалім алдын-ала қажетті ресурс көздерін дайындау керек. Алдын-ала оқушыларға кідіріспен оқылатын үзінділерді таңдап алыңыз. Олар шығарманың негізгі идеясы мен мазмұнын ашуға көмектесетіндей болуы керек.
Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Шығарма мәтінін бір параққа әр жолға бір сөйлемнен басып шығарыңыз. Шығарма қиындыларын араластырып әр топқа жеке қалташаларға салып таратыңыз. Оқушылардан осы қиындыларды тізбектей отырып әңгіме желісі бойынша шағын үзінділерді құрастыруды сұраңыз.
|