10-сынып І тоқсан


Түзету мақсатындағы жаза түрлері



бет167/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169
Байланысты:
3 Оқу жоспары Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 10 cынып

Түзету мақсатындағы жаза түрлері

Тыңдалымалды жұмыс

Ұсынылған мәтіндерді «Тоғыз алмаз» әдісіне сай орналастырады. Үзінділерді мұғалім өзі таңдап береді. Кеспе қағаздар бриллиант үлгісінде орналасады. Оқушылар ең маңызды деген үзіндіні не идеяны жоғарысына орналастырады, қалғандарын маңыздылығына қарай рет-ретімен қояды, оның себебін түсіндіреді. Нәтижесінде ортақ келісімге келеді.




Ж/Ж. Тыңдалым тапсырмасы:

Мәтіндерді салыстыра отыра, өз көзқарастарын дәлелдеу үшін төмендегі кестені толтырады.



Салыстыру жолдары

1-мәтін

2-мәтін

Көтерілген мәселе







айырмашылықты дәлелдейтін аргумент







айырмашылықты дәлелдейтін аргумент







айырмашылықты дәлелдейтін аргумент







Қорытынды




Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

С. Бос микрафон.

Әр оқушы өз қорытындыларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді.



Қалыптастырушы бағалау.

Талқыланатын негізгі сұрақтар:

  • Жаза – түзетудің алғышарты ма?

  • Жазасыз қылмыс бола ма? т.б.

  • Ар соты

Мұғалім алдын-ала кемі екі немесе үш мәтін дайындайды және біреуін әңгімеден алуға болады.

Оқушыларды шағын топқа бөлген соң осы үзінділердегі ойларды жазуға жеке 9 парақшаны таратуға болады.

Оқушыларға кестені толтыруда, өз ойларын қорытындылауда көмектесетіндей құрмалас сөйлемдер туралы ресурс (кесте, сызба т.б) беріп қойған жөн.



  1. http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/5190/

Кітап ұрлау қылмыс па?

  1. https://www.youtube.com/watch?v=FXYRe3onJh0

Жасөспірім

дер арасындағы қылмыс.

http://baskino.me/films/biograficheskie/1095-pisateli-svobody.html «Писатели свободы»




А4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау
Ж6. Орфография және пунктуация

10.2.4.1 мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтау, оған түсініктеме беру.

10.4.6.1. мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; Сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.



Қылмыс пен жаза
Ж. Айтылымалды тапсырма:

Рөлдерге бөлініп, таңдау бойынша бір тақырыпта ауызша аудитория алдында сөйлейтін сөз дайындайды.

1. Түрме қылмысты тоқтатудың бірден бір жолы ма?

2. Заң бұзушылық қатаң жазаланады.

3. Жасөсіпірімдер қылмысқа неліктен барады?

4. Жастар арасындағы қылмысты қалай тоқтата аламыз?

5. Заң бәріне бірдей.

Айтылым тапсырмасы: Т./Ж.

1-қадам.

Баяндаушы – мәтін мазмұнын баяндайды.

Байланыстырушы – мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, нақты мысалдар келтіреді.

Белгілеуші – мәтіндерден 4 тірек сөздерді теріп жазады, 2 құрмалас сөйлем құрап жазады.

Сұрақ қоюшы – мәтін мазмұны бойынша 1 жабық, 2 ашық сұрақ құрастырады.

Суретші – мәтін мазмұны бойынша сурет салып, түсіндіреді



2-қадам.

Мәтінді абзацтарға бөледі/

Абзацтағы тірек сөзді анықтайды/негізгі ой/ оны тақырыппен байланыстырады/ / бір сөйлеммен тұжырымдайды/ мәнмәтінін бойынша түйінін шығарады.

ЖЖ «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында шағын эссе жазады.

Айтылымнан кейінгі тапсырма:

Кері байланыс беру арқылы бағалау.



Талқыланатын негізгі сұрақтар:

  • Қылмыс деген не?

  • Жаза деген не?

  • Қылмыстың қай түрін ақтауға болады?

  • Жаза – түзелудің алғышарты ма?

  • Жазасыз қылмыс бола ма? т.б.

Мұғалім мәтінді өзі таңдайды.

Оқушыларды топқа бөлген кезде кемінде 5 оқушы болуын қамту керек. Әр оқушыға өзінің рөлі түсіндіріледі.

Мәтінді абзацтарға бөліп талқылау кезінде топқа постер түрінде ұсынуға болады.



  1. http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/5190/

Кітап ұрлау қылмыс па?

  1. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_criminal_unemployment_/24343811.html

«АДАМ ҚЫЛМЫСТЫ ШАРАСЫЗДЫҚТАН ЖАСАЙДЫ» мәтіні



Ж3. Шығармашылық жазба жұмысы

10.4.3.1 - шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу.


Жасөспірімдер және құқықбұзушылық

Оқылымалды тапсырма:

Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, қолданылу аясын анықтау: Қолды болды, жымысқы, қолының уы бар, баукеспе, барымташы, сұрінбейтін тұяқ жоқ, мен ұрлық жасаған күні ай жарық болды.


Берілген сұрақтарға жауап беру:

Жасөспірімдер арасында қылмыстың қандай түрлері бар? Неліктен жасөспірімдер қылмысқа барады деп ойлайсыңдар? Қандай жағдайда жасөспірімдер қылмысқа барады? Заң бұзған жасөспірімдердің барлығы қылмыскер ма? Жасөспірімдерді қалай жазалау керек?


Оқылым тапсырмасы

Ж.

Деректі ақпарат

Қосымша ақпарат

Негізгі ақпарат











Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Т. «Дөңгелек үстелге» қатысушыға арнайы уақыт бөлініп, берілген уақытта талқыланатын мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді, басқалар не толықтырады, не қарсы пікір айтады, немесе өз пікірін білдіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма: дөңгелек үстелдің өткізілу сапасын, ең үздік спикерлерді өздері анықтап, кері байланыс беру.

Ж.

Өзінің және өзгелердің көзқарасын байланыстыра отырып, мәтіндердің мазмұны бойынша қорытынды ой ұсына алады.

Ой қорыту кезінде қолдануға ұсынылатын сөз тіркестері: менің ойымша, жоғарыда келтірілген аргументтерге сүйенсек, маңызды тұсы, көңіл аударылған, ашып көрсетілген т.б

Қалыптастырушы бағалау.


Талқыланатын негізгі сұрақтар:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет