Мәдениет пен мұхит
С. Оқушылар «мәдениет» деген не екенін анықтап, өткен білімдерін ортаға салады. Олар үш аялдамаға барып, әр аялдамада мұғалім дайындаған сұрақтарға жауап берулері керек.
Т. Оқушылар үш аялдамадан көргендері туралы ойларын ортаға салады, сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікірлерін айтады.
Ж. Оқушылар мұхитты қорғау жөнінде хат жазады. Олардың хаттарында мыналар болуы керек:
олардың түсінігі бойынша мұхит деген не? (кемінде үш нәрсе);
мұхитқа төнген қауіп (кемінде екі нәрсе);
мұхитты сақтайтын, сол арқылы өз денсаулығыңызды сақтайтын әрекет.
С. Оқушылар осы бөлімде үйренген нәрселері туралы айтады. Өз ойын ББҮ кестесін толтыру арқылы аяқтайды.
Мұғалім оқушыларға мәдениеті мен өмірі, тұрмысы, салты, жұмысы, тамағы, өнері мұхитпен байланысты елдер туралы сөз қозғайды. Бұл әсіресе Жапон мемлекетінде байқалады.
Мұғалім сыныпта ғаламторға қосылған үш ноутбук қояды, ол арқылы оқушылар суреттер көре алады.
Мұғалім оқушыларға «мәдениет» сөзінің мағынасын түсіндірулерін сұрап, мұхиттың адам өміріне қаншалықты пайда бергенін, бүкіл әлемдегі адамдар мұхитқа қарыздар екенін, мұхитқа деген қызығушылық артып келе жатқанын түсіндіреді. Мысалы, көптеген адамдар мұхит туралы әңгіме жазса, енді бірі оны өлең шумақтарына қосады, ал енді біреуі оның толқындары мен тіршілік иелерін фотоға түсіріп, суретін салады. Кей адамдар мұхит ағзаларының ойыншығын жасайды. Әлемнің кей бөліктерінде мұхит мәдениеттің маңызды рөлін атқарады. Оның бірі - жапон мәдениеті.
Сабақ пен суреттер дереккөзі http://chge.med.harvard.edu/edu/resource/536
Жапон жасанды заттар, өнер, кәсіп, ойыншықтардың PDФ суреттері төмендегіні қамтиды:
http://goo.gl/YVcUfq
Жапон мәдениеті туралы мәліметтер www.kikkoman.com/foodforum/thejapanesetablebackissues/12.shtml
http://kyoudogangu.xii.jp/sakana.htm
Достарыңызбен бөлісу: |