Дүние қалай етсең табылады?
Кіріспе тапсырма
ТЖ Мағынасы күрделі көркемдегіш құралдар мен тұрақты тіркестер, пассив сөздерінің тізбегін құрып, сөздік жұмыс жүргізу ұсынылады.
Негізгі тапсырма
Ж/ТЖ Оқушылар шығарманы абзац бойынша үзіп оқып, түсінгенін өз сөзімен қысқаша топ ішінде мазмұндайды.
Шығармадағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, алған әсерімен бөліседі.
Маған ұнағаны...
Мен үшін ерекше әсер еткен...
Менің көңілімнен шықпағаны...
Менің оқырмандарға берер кеңесім...
Қорытынды тапсырма
Ж Шығарманың идеясын заманауи оқырманға жеткізу үшін қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
Оқушылар шығарманың идеясын, көтерілген мәселені сақтай отырып, сюжетіне өзгеріс енгізу арқылы жеке шығармашылық жұмыс ұсынуы тиіс. Жанрын таңдау бойынша еркіндік беріп, шектеу қоймаған дұрыс.
|
Мұғалім оқушылардың абзац туралы білетіндерін анықтайды. Келесідей сұрақтар қойылуы мүмкін:
Абзац дегеніміз не?
Абзацта мәтін болмау мүмкін бе?
Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз?
Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай?
Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз?
|