10-сынып І тоқсан


«Әйелдер, жаңалықтар және саясат»



бет109/169
Дата06.01.2022
өлшемі2,75 Mb.
#11377
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   169
Байланысты:
3 Оқу жоспары Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 10 cынып

«Әйелдер, жаңалықтар және саясат»

  • бұл мәтінде жаңалық жүргізетін әйелдер туралы не айтылады?

  • қандай жаңалықтар әйелдер мен ерлердің айырмашылығын көрсетеді?

  • саяси белсенді әйел қалай көрсетіледі?

Әйел мен спорт” және “Ақыл ма әлде сұлулық па?”

  • бұл мақалада спортта әйелдер саны мен ерлер саны туралы не дейді?

  • әйелдер спорты мен ерлер спорты туралы талқылауда қанша айырмашылық бар?

  • спортшы әйелдер мен спортшы ерлер суреті немен ерекшеленеді?

Мұғалім сұрақтар қойып сыныптан жауап алады, оқушылар гендерлік бейнеге байланысты сыни көзқарастарын біледі.

Тыңдалым материалына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=lfwz-0o0iGE

https://www.youtube.com/watch?v=z5nCfPudcbg

https://www.youtube.com/watch?v=B2f3oeE-HLs



Ж2. Эссе жазу

ТБ1. Сөз таптары



10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі);
10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану.

Ж. Мұғалім оқушыларға төмендегідей мәселелер ұсынады, оның артық және кем тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазады, жазба жұмысында шылау сөздерін қолданулары керек.

1.Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады делінген. Осы пікір бойынша сіздің ойыңыз қандай?



2. Біз білетін қазіргі әйел бейнесінің қыры көп. Айталық, әйел – саясаткер, әйел – көлік жүргізуші, әйел – бала тәрбиелеуші, әйел – үй күтуші, әйел – заңгер, әйел – экономист, әйел ... Қазіргі заманда әйелдердің барлық салада еңбек етуі дұрыс па? Сіздің пікіріңіз қандай?

3. Зерттеулерге сүйенсек, лидер əйелдердің стилі ер адамдарға қарағанда өзгеше: əйелдер- сайлаушылардың мұқтаждықтарына сезімталдықпен қарайды, компромиске келуге бейім, саяси жұмыстарда мəселені шешуде демократияшыл. Ал лидер ер адамдардың стилі иерархиялығымен, технократиялығымен ерекшеленеді. Осы туралы сіздің пікіріңіз қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет